Тарих1.Ел экономикасында?ы ?згерістер жайлы а?парат беру 2.?тпелі кезе?дегі ?аза?стан экономикасы бойынша д?лелді, толы? ма?л?мат беру


Күні: Сыныбы: 9 Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Экономикадағы түбегейлі өзгерістер 
Сілтеме ҚР.Білім стандарты .Жоспар
Жалпы мақсаты 1.Ел экономикасындағы өзгерістер жайлы ақпарат беру;
2.Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасы бойынша дәлелді, толық мағлұмат беру;
Күтілетін нәтиже 1.Экономикалық өзгерістерді қоғамның дамуына қарай жаңарғанын түсінеді;
2.Дереккөздерді пайдаланып топта жұмыс жасай алады;
3.Өз ойларын еркін жеткізеді;
4.Қорытынды шығарады
Негізгі идеялар Экономика.Ұлттық валюта. Жекешелендіру.Баға. Монополия.
Тапсырмалар Топтық жұмыс./постер қорғау/
Жұптық жұмыс./қатесін тап/
Жеке жұмыс//миға шабуыл, сәйкестендіру тесті./
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Сәлемдесу, Сыныпта жағымды ахуал тудыру. Топқа бөлу. Санау арқылы 1-2-3
ІІ.Жеке жұмыс. «Миға шабуыл» (5 минут)
1.Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қай жылы өтті?/1992ж/
2.Құрылтайға әлемнің қанша елінен өкілдер қатысты? /33/
3.Қазақстанда Кеңестер жаппай өзін-өзі қай жылы таратты.? /1993ж/
4.Парламамент палаталары қалай аталады? /Сенат және Мәжіліс/
5.1990 жылдыры Қазақстанды қандай саяси партиялар мен бірлестік, ұйымдар жұмыс жасады? /3 саяси партия,11 республикалық ұлттық-мәдени топтар, 300 ден астам қоғамдық саяси бірлестіктер/
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды? 1995 ж 1 наурыз/
7. «Отан» республикалық саяси партиясы қай жылы құрылды?/1999ж/
8 «Отан» партиясының атауы қай жылы «Нұр Отан» ХДП деп өзгертілді?/2006ж/
9.Құрылтай деген не? /қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты басқосу жиналысы/
10.Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы қалай аталады? /Ассамблея/
Бұл тапсырманың жауабын бармақпен бағалаймыз.
ІІІ. Ой қозғау 3 минут
«Экономика» деген сөзге сипаттама берейік және мына көріністерге қараңыздар( слайдтан зкономикадағы өзгерістердің жағдайы көрсетіледі)
ІҮ. Топтық жұмыс: (15 минут).
І топ «Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары»
2 топ «Нарықтық экономиканы қалыптастыру»
3 топ» Ұлттық валютаны енгізу мен ауылшаруашылығын нарық талабына сай қайта құру»
Бұл жұмыс «критерий» арқылы бағаланады.
Р/с Бағалау өлшемдері І - топ ІІ - топ ІІІ - топ
1 Тақырыптың ашылуы 2 Безендірілуі 3 Жүйелілігі Сергіту сәті «Судың дауысы»2 минут
Ү. Жеке жұмыс. «Тест жұмысы» 5 минут.
Сәйкестендіру тесті.
1 ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта –теңге айналымға енгізілді А 4 кезеңде
2 Қазақстанда жекешелендіру өтті В «САМСУНГ» компаниясы
3 «Жезқазғантүстіметалл»комбинаты акциясын сатып алу бойынша өткен тендерде жеңіске жетті С 1993 жылы 15 қарашада
4 Республика аумағында бағаны босату туралы Жарлық шыққан жыл Д 1992 ж 6 қаңтар
5 Көпшілік алдында кім бағаны асырса ,соған сатылатын бәсеке сауда Е Заттың құны,нарқы
6
Баға Ж аукцион
«Смайлик» арқылы бағалау
ҮІ. Жұптық жұмыс. «Қатесін тап» 8 минут
Термин сөздердің мәнін ашу.
Инфляция Баға Жекешелендіру Акция
Жұптық жұмыс « Өзара бағалау» арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма .Тақырып бойынша әр оқушы 2сұрақтан дайындап келу. 1минут
ҮІІ. Кері байланыс жасау. 3 минут.
Оқушыларға стикерлер беріледі, сол стикерге «Маған не ұнады, не қиын болды?» әдісімен кері байланыс жасайды.