Математика саба? жоспары Фигураны? ауданы. Ауданды ?лшеу. Квадрат сантиметр


Күні:19.11.2016
Сынып:3 «Ә»
Пәні:Математика
Пән мұғалімі:Тажмағамбетова Г.
Тақырып: Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.
Мақсаты:фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту.Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, қайталау сұрақтар, өздік, топтық, салыстыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық көңіл-күй.
Фигуралар арқылы топқа бөлу.
Үстелге геометриялық фигуралар-шеңбер, үшбұрыштар, шаршылар қойылады. Балаларға қалаған фигураларды алуды сұралады:
Әр топ өзі таңдаған фигураның ерекшеліктерін айтып кетеді.
ІІ.Үй жұмысын тексеру :
№6 (86-бет). Теңдеуді шеш:
Теңдеулерді парақшаларға жазып тақтаға ілу арқылы тексеріледі.
ІІІ.Тірек білім, білік , дағдыларын тексеру.
1-топ 2-топ 3-топ
Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен? Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді? Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
ІҮ.Жаңа материалмен жұмыс.
Көрнекілікпен жұмыс.
Мұғалім қолына көлемдері әртүрлі екі фигураны алып екеуін беттестіреді.Фигуралардың көлемі /үлкен, кіші/ туралы айтқанда олардың несі салыстырылады? деген сұрақ қояды./ауданы/
Үлкен фигураның үстінен кіші фигураны беттестіру ұсынылады. Дәлелдеу қызыл түсті фигураның ауданы көк түсті фигураның ауданынан кіші екенін.
/беттестіріп қойғанда көк тік төртбұрыш қызыл тік төртбұрыштың ауданының ішіне сыйып кетті, яғни көк фигураның ауданы қызыл фигураның ауданынан үлкен./
№1.а/ 1 см-ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы 6 см. Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді?
1 см2-ауданның бірлігі. Жолақтың ауданы 6 см2 /квадрат сантиметр/. Фигураның ауданың қалай өлшейді? Түсіндір.
Ауданды табу үшін фигураның енін ұзындығына көбейтеді.
Ауданның формуласы: S =a*b
ә/суреттегі әр кесіндіде 1 см неше рет бар? Әрбір кесіндінің ұзындығы неге тең?
Ұзындықтары бірдей кесінділер бар ма?
б/ суреттегі фигуралардың әрқайсысында 1 см2 неше рет бар? Әрбір фигураның ауданы неге тең? Аудандары бірдей фигуралар тап?
S =10 см2 S =7 см2 S=7см2
№2. Әр топ өздеріне берілген есептерді шығарады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді,қатесін түзетеді.
Топтық жұмыс.№2
І топ ІІ топ ІІІ топ
...*2=18......*2=18
4*2+... =18 9*...=27
...*5-5=10 ...*4=36
7*3+...=30
Топтық жұмыс.
І топ№3а ІІ топ №3 ә ІІІ топ №4
Әр балада-5 а
6 балада-?
Ш:5*6=30
Ж:әр балада 30 асық Барлығы-52к
Тең бөлінді-10 балаға
Әр балада-?
Қалды-?
Ш:52:10=5(Қалд 2)
Ж:әр балада 5 к,қалд 2 Болғаны-3 а
Е-21 кг
Балық-12 кг
Әр арыстан қанша кг-нан-?
Ш:21:3=7, 12:3=4
Ж:әр арыстан 7кг ет.4кг балықтан
Сергіту сәті: «Мақалды жалғастыр» ойыны.* Білгенің бір тоғыз,...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)* Батыр бір рет өледі,...................................(Қорқақ мың рет өледі)* Екі аяқтыда құрдас тату,.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)* Жалғыз ағаш үй болмас,.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)* Ақылсыз достан мың сақтан.................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)* Елуінде – ер дана,...............................................(Елу жылда – ел жаңа)Жүз теңгең болғанша,...................................... (Жүз досың болсын)
Ү.Бекіту:
№5. Кесіндінің жартысы неше см? Төрттен бір бөлігі ше?
№.Әр топқа кесте түрінде беріледі.
Көбейткіш
3 5 10 9 4 3 6 Көбейткіш
1 4 6 7 0 9 7
Көбейтіндінің мәні 0 45 35 36 24 21
ҮІ.Қорытынды:
ҮІІ.Рефлексия:
ҮІІІ.Үй тапсырма: №7,88-бет
ІХ.Бағалау.