Саба? жоспары: Жа?сылы?тан жа?сылы??а (4 класс)


Пән: Өзін-өзі тану
Мектеп:№187
Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылық:Ақиқат
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Таласбаева Н.С
Сынып: 4 Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері :
Білімділік-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
дамытушылық-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
тәрбиелік- имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Оқулық,өзін-өзі тану әдістемесі,слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, тамшылар, жүрекшелер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
Музыка ақырын ойнап тұрады. Оқушылар көздерін жұмады.
-Балалар, бүгін біз таңданарлық сапарға шығамыз. Денелеріңді түзу ұстап, орындыққа ыңғайланып отырыңдар. Біз ертегілер еліне сендермен барамыз.Ол ел өте ерекше, себебі ол елде жамандық деген мүлдем жоқ. Ол  елде көп сиқыршылар тұрады. Ақырын көздеріңді ашыңдар.
-Балалар, сендер ертегі елінің сиқыршысымын деп сезіндіңдер ме?
-Сиқыршылар кеудесінде қандай сезім пайда болды?
-Мына әлем неліктен сиқырлы? (Бұл әлемде жамандық болмайды. Адамдар да, жануарлар да көңілді.)-Бұл қандай ел деп ойлайсыңдар?
3.Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен ақылды баламын» тақырыбына эссе жазып әкелу. Балалардың үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
Ойланайық, пікірлесейік. /топпен жұмыс/
«Бұлақ сылдыры» әңгімесі оқылады.
Жасыл, қызыл, сары стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлінеді.
«Қызылдар» тобы
1.Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
«Сарылар» тобы1.Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
«Жасылдар» тобы
1.Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды? Сабақ барысын талқылау:
4. Жағымды пікір айту.
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
-«Ешқашан жақсылық зая кетпейді»деп үнді нақылында айтылғандай,шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен.
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек,ақ ниет,нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа,игілікке жеткізеді.
6.Шығармашылық жұмыс.
1- тапсырма. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа /мозайка құрастыру/ қима қағаздарды құрастыру. Құрастырған қағаздағы тапсырманы орындау. Сюжетті суреттерге әңгіме құрастыру. Топтан бір оқушы қорғайды.
2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқыңдар.
   «Адамгершілік» тобы
1.Жақсы -…,
Әлемге бірдей.
«Мейірімділік» тобы
2. Жақсы келді дегенше,
… келді десейші.
… нышанын
Алып келді десейші.
 «Қайырымдылық» тобы
… үлгісі
Жанып тұрған … .
… – ортақ, … – ортақ, … – ортақ.
Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.
3-тапсырма./Оқушыларға тамшылар үлестіріледі./
Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы  тамшы қиындысына жазып,  тақтаға іліңдер.
-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни , әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді. 7.Топпен ән айту.
«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов
8.Үй тапсырмасы.
Өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме құрастыру. 9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
(Баяу әуен қойылады)
Ортада қобдиша тұрады. Онда түрлі-түсті жүрекшелер болады. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алады. Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт-мейірімділік, көгілдір- сүйіспеншілік, жасыл-әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық. Оқушылар бір–біріне жүрекшелерді беріп, жақсы тілектер айтады.