?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Жа?сылы?тан жа?сылы??а


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзiм 26 Мұғалiм Абузара Г.С.
Сынып _4_ Оқушылар саны 7 Тақырып Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылық Дұрыс әрекет
Қасиеттер шындықты айту, тілалғыш болу,үлкендерді сыйлау;
Сабақ мақсаты: Оқушылармен парыз бен ризашылық туралы әңгімелесу арқылы, дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Міндеттері:
-оқушыларға адам өмірінде шындықты айту маңызды
екендігі туралы мағлұмат беру;
- балалардың тілалғыш болу дағдысын дамыту;
-оқушыларды өмірде шындықты айтуға,
тілалғыш болуға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер
Сабақ барысы: 5 Т.
Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу, Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)
Үй тапсырмасын тексеру
Бұлақ сылдыры М.Көккөзов.120-122бет.
Қария қандай жақсы іс жасады деп ойлайсың?
«Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
Мұғалім толықтырады
Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады,сыйластықтары артады. Ескерту
Дәйексөз. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» Ыбырай Алтынсарин
(Оқушылар талдап болғасын 1 рет қыздарға айтқызу 1рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 2рет айтып шығады) Бұл дәйексөзді оқушылар дәптерлеріне түсіріп алады. Оқиғаларды әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
Бүркіт пен оның балапандары
(аңыз)
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге ерлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.
Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты
-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.
1.Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар?
2.Бүркіт неге бірінші және екінші балапанының айтқан сөзіне қанағаттанбады деп ойлайсыңдар?
3. Кәрі бүркіт үшінші балапанның сөзіне неге риза болды деп ойлайсыңдар?
4.Ата-аналарын үшін не жасай алар едіңдер?
5. Шығармашылық іс-әрекет.
1.Шындықты айту үлкендерге ғана тән қасиет пе? (Ой бөлісу)
2.«Жақсы мінез» тақырыбына шағын әңгіме жазу. Топпен ән айту.
Жақсы көру
Өмірім таңдай болса арайланғанҚатыгез қараулыққа жолай ма адамБіреуді жақсы көрген қандай жақсыНұрланып кетеді екен бар айналамҚ-сыЖақсы көру жақсы көруНе деген керемет еңӨмірді сезінуге қуанып көз ілугеАдамға жақсы көру керек екен
Дидарың аумайды екен жарық қүнненҒашық боп қалғанымды жаңа ұқтым менКелбетің көз алдымда ойымда сенӨзіңді жақсы көріп қалыппын мен
Қ-сы Жақсы көру жақсы көруНе деген керемет еңӨмірді сезінуге қуанып көз ілугеАдамға жақсы көру керек екен
Өмірді сезінуге қуанып көз ілугеАдамға жақсы көру керек екенАдамға жақсы көру керек екен Үй тапсырмасы.125 бет. Атаның өнегесі, Ә.Табылдиев мәтінді оқып келу Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Өзіммен-өзім
-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер.Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар.