Т?рбие са?аты Бастауышым — бал б?ла?ым, бал т?ттім!


Тақырыбы: «Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!»
Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын ерекше мән беру.
Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы
үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу. Білімді болуға шақыру,
мектепте ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,
шарлар.
Сабақтың барысы:
Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын. Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр. Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.Қол соғып қошеметтеп шақырайық,
4 А сыныбын ортамызға.
(музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)
Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. Ортаңғы буын білімнің, ғылымның есігі ашылар кезең, осы кезеңде балаларымыз бастауышта алған білімдерін жалғастырып алып кететініне сенім білдіремін.
- Бүгін менің көгершіндерім, болашақтарың білімінен ғана нұрлы болатынын естен шығармаңдар, армандарыңа тек біліммен жетесіңдер, көгеріп көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен.
«Бастауышым-бал бұлағым, бал тәттім!» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Жанна:
Бастауыш бала үшін өмір мәні
Бастауыш бала үшін өмір сәні.
Төрт жыл оқып балаларың тәмамдап
Бүгін жайлы отырып, ән тыңдайық
Саламатпа екенсің жайсаң елім,
Көк майсалы Құтарыс тұрғындары
Ербол:
Ар намысым әрқашан сақтаған ел
Тыныштықты әрдайым жақтаған ел
Ассалаумағалейкум барлығыңа,
Бүлдіршінін мәпелеп баптаған ел.
Жанна:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Ербол:
Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Жанна: Өмір есігін ашқан барлық адамзат баласы ешқашанда бастауыштың баспалдағын аттамай, болашақтың айдынында еркін жүзіп кете алмайды. Бізге бастауыштың үйреткен нәрселері көп.
Ербол: Жақсы айттың, керемет. Бірақ , түсінікті болсын нені үйретті бізге бастауыш кәнекей, тізіп айтып берші ?
Жанна: Бастауыш беріктілікті, барынша байыптылықты, бақуаттылықты, биязылықты, борыштылықты,бауырмалдылықты, биікті бағындыруды, бізге білімді болып,бойжетуді, біліктілікті, білектілікті, болашаққа деген жүректілікті берді.
Ербол: Жанна мен сенің жаныңда 4 жыл бірге жүріп, сенің осыншалықты ойшыл, көп нәрсені ойға түзіп жүргеніңді байқамаппын. Бірақ менің де ойыма жиған жақсы,жақсы ойларым бар.
Жанна: Мені жете бағалағаныңа рахмет.Сенің де терең ойлы екендігіңе күмәнім жоқ. Ербол, мұнау көпшілік қауымның алдында озық ойыңды тыңдайық.
Ербол:Тыңдаңыздар, бастауыштың маған берген өнегесі былай болды. Айбындылықты,айбарлылықты, алғырлықты,алдыңғылықты, адамгершілікті,ауылшылдықты адамзатқа , қоршаған ортаға аяушылдықты, айтулы – айтулы аңыздар мен әділеттілікті , әдептілікті, ақылымызға ұялатты .
Диас: Жанна , Ербол бастауышпен қоштасуымыздың басталғанына сүт пісірім уақыт өтті . Сендерге ұқсап бізде ата-ана, ұстаздар қауымымен сәлемдессекпе деп едік.
Ербол: Жарайды, онда, кәнекей сәлемдесе ғой қауымыңмен.
Диас: Ассалаумағалейкум , киелі ел,
Осынша кең далаға иелі ел.
Өздеріңді мәңгілік сүйемін ел,
Басымды, әрқашанда иемін ел.
Жантөре: Пах,пах не деген сөз, не деген сәлем беру .
Енді маған қара .
Ассалумағалейкум, байтақ дала,
Қымызын ішіп отқан шайқап қана,
Әр жылы бір ұлы бастауышпен қоштасатын,
Жайсаңдарым ұланға болған пана.
Нұрдаулет: Жарайсың , Жантөре. Енді мен айтайын.
4жыл оқып біз сыннан өткен едік ,
Көшпен қалмай келеміз көпке еріп.
Не құрсада арнайтын ұрпағына.
Ассалаумағалейкум,тұрғындар Көктөбелік.
Шолпан: Тук, не деген бастама .Не деген керемет сөз.
Саламатпа аналар киіз басқан,
Қатарласып ән салып, тепкен келіп.
Саламатпа ұлдары мерейі асқан,
Нағыз ерлер айбарлы сөзге берік.
Нұрай: Шолпан, келісті сәлемдестің.Бағалаған-ақ екенсің ерлерді.Міне, былай амандас.
Бойына биік бақыт жинаған ел,
Еліктеп біз Еңлікке соңынан ердік.
Қыздарын өте қатты сыйлаған ел,
Ізетпенен иіліп сәлем бердік.
Нұржан: Қыз сыйлаған, бақыт жинаған деп,әбден сәлемдесіп болған шығарсыңдар.Мақұл, міне былай маған қара.
Дамыған елу елден кетпей қалып,
Өндірісін отырған тезге салып.
Дағдарысқа басқаға дес бермеген.
Армысыздар ардақты батыр халық.
Міне, осылай.
Аружан: Тоқтаңдар, менде сәлемдесіп көрейін.
Бітірдік біз бастауыш әлемінде,
Ұлын,қызын балаған әдеміге.
Бастауыштың тойына қош келген ел,
Құлақ салшы менің де сәлеміме.
Демеу: Тамаша!
Сәлем бердім көпшілік көңілі аққа,
Ұл-қыздары отырған биік таққа.
Арысымның тулаған арыны бар.
Өңшең өжет туылған біздің жақта.
Назерке: Мен де, сәлемдесіп көрейін.
Қадірлейміз бастауышты мақтан тұтып бағалай,
Сәлем бердім отырған ел Арыс бойын жағалай.
Қоштасуды бастауышпен керемет ғып жасайық !
Қалсын халық сынайтып, мін таға алмай.
Асылай: Меніңде айтар сәлемім бар.
Саламатпа ел жоғыңды жоқтасатын,
Біздер үшін амалсыз шоқ басатын .
Шапалақты аяусыз соғыңыздар,
Бүгін той бізде міне бастауышпен қоштасатын.
Жанна: Балалар , біз бәріміз сәлемдесіп болған сияқтымыз.
Бастауыш бізге көп нәрсені үйретті емес пе? Анасының ерке ештеңеге көнбей тұғын еркесі емеспе едік . Тіл алғыштықты үйрендік. Осы жайлы кім айтып бере алады.
Гүлнұр: Мен айтып көрейін .
Бастауыш біздің ерке мінезімізді ысырып қойып, үйреткендері кішіпейілділік , мейірімділік, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілділік , кеңпейілділік , адалдық ,шыңшылдық , сенімділік, сауапшылдық, ізеттілік, инабаттылықты ұқтырды.
Әділет: Гүлнұр, менде не үйренгенімді түзе өтейн. Менің үйренгенім тілалғыштық, көпшілдік , ептілік , сабырлылық,салихалық, шешендік, қайраттылық, қайсарлық,өткерлік, жауаптылық, енбек сүйгіштік және тазалықты бойымызға сіңірді . Мектеп бізге көп нәрсе үйретті.
Балнұр:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Аружан:
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сезім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Диас:
Армысың сен алтын ұя мектебім.
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Нұрдаулет:
Ұлылықты аруақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Гүлнұр:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Нұрай:
Мектеп-үйім, ұстаз -менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Асылайым:
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тезжетеміз
Төрт жыл алған білім нәрін
Азық етіп ер жетеміз.
Көрініс: "Қария мен бала"
Оқушы: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді .Балам, дос табу оңай ма?
Оқушы:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Балам, үйдегі алтын қазығың кім?
Оқушы:Ата, үйдегі алтын қазық - бала
Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.Балам, өмір сүру үшін не қажет?
Оқушы:Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді. Балам адамға ақыл беретін кімдер?
Оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретінҚария:Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзіақылдан басталады балам. Осыны есіңде сақта!
Нұрай:
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз, ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арналған ән жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Жаңыл?
Жаңыл:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. "Мұғалім мектептің жүрегі" деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Нұрай:
Дұрыс айтасың Жаңыл, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жаңыл:
Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз "Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді" деген екен. Олай болса, келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.
Жаңыл:
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылым бізге жиып, мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Диас:
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Жібек:
Жарық күннен жылы жүзің елестер
Құлағымда өзің берген кеңестер
Жанарымда алыс тартқан қара жол
Көз жұмсап та, көретұғын белестер.
Ербол:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай
Ұстазымсың жүзіңдегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Диас:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабын
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Нұржан:
Мұғалім Ұстазысың балалардың.
Болашақ ғылымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орныңа,
Бәрі де жеткізе алмас бағалар.
Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұрай:
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дарашың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Арайлым:
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан
Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқталған
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз.
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрініңіз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Хор: "Ұстазым"
Жантөре: Ал , балалар біздің бастауышпен қоштасып , тойлап жатқанымыз осы ұстаздарымыздың , ата-аналарымыздың, туған жер , Отан анамыздың арқасы емеспе.
Жалғыз Отан тек менің қалайтыным ,
Бір Отаным жақсыға балайтыным.
Қорғау оны , сақтау оны парызға санайтыным,
Қызмет етемін сен үшін таппай тыным.
Шолпан: Жантөре , Отан туралы өте керемет айттың. Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Туған жер, Отан туралы Кенесары ханның не айтқанын білесің бе ? Ендеше ханнын өз аузынан естейік.
Диас ( Кенесары хан): О, туған жерім!
Отанын , жерін , суын, елін , жұртын қорғай алмаған адамның хайуаннан несі артық.Ел ішінде сұлтандар мен бектер бір-бірінің сөзіне бірі көнбей, бір-бірінің малын барымталап балықтай басынан шіріп жатыр.Жау жағадан алғанда , бөрі етектен тартқан заман-ай. Жерімде ұрпағым өсіп –өніп халқымнын саны көбейіп , ана баласын жоқтамай, әйел атаулы жесір атанбай , соғыс оты өршімейтіндей, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болса екен шіркін .Осы ой мазалап , жаныңды жегідей жейді. Жанын көкке ұшып,тәнің жер қойнына кіргенше шыбын жаным тыныш таппайды екен
Жантөре: Иә, Шолпан сол ата-бабаларымыз аңсағанындай қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман туды емес пе. Биылғы жылы халқымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде.
Шолпан:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
Жантөре:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергеніне — 70 жыл.
70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,70 жыл — шуақты күн таратты әнін.Талай құс содан бері қайта оралды,Талай бақ әлеміне қайта оранды.Соғыста өлгендер тек оралмайды,Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Ән: «Ақ көгершін» Темірхан Жантөре
Би: «Катюша»
Арайлым:
4 жыл бұрын, 5-6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Аружан:
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Арайлым:
Ия, міне сағымдай өте шыққан 5 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.
Аружан:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз
Әр бетін әліппесін күле ашқанбыз
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Жібек:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Шолпан:
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
"А" әрпін алғаш сенен бастадым,
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Назерке:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.
Жантөре:
Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым.
Азық болар, мәңгі талай жырларға.
Бекбол:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Қадыр:
Бастауышым - бал бұлағым,
Лаулап жанған шамшырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Жаңыл:
Мейірімділік, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды т. б адам баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздан үйрендік.
Жанна:
Ел билеген ханнан, қарапайым қарияға дейін бас иетін, құрметке ие ұстаздар қауымына қандай мақтау болса да жаралатыны сөзсіз.
Ербол: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді ұстаздар дипломдармен марапаттаймыз.Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.Манагүл апай - дана кісі басшымыз.Тәртіп пенен мәдениеттің символы.Жаңыл: «Ең көрікті де ақылды басшы» номинациясымен мектеп директоры Манагүл Жүнісқызы марапатталады.Жанна: Сөз кезегі мектеп директорына беріледіӨз есімі жүректерде жатталған.Күләш апай талай жерде мақталған.Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,Бастауыштың 25 қызын басқарған.Ербол: «Қамқор және мейірімді басшы» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Күләш Байсейітқызы марапатталады.Жаңыл: Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Күләш Байсейітқызына беріледі.ШолпанАғалардай мейірімді құшақ ашып,Тұрасыз балалармен амандасып.Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,Барамын болашаққа қадам басып.Жанна: «Тәрбие ісінің майталманы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Қонысбек ағай марапатталады.Ербол: Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Қонысбек ағайға беріледі.Арайлым Кейде жайлы мінезіне қызығасың,Кейде ашусыз мінезіне табынасың.Күліп жүрер үнемі Толқын апайЖан жүрегін қашанда ұғынасың.Жаңыл: «Шебер ұйымдастырушы» номинациясымен бірлестік жетекшісі Толқын Қуандыққызы марапатталады.НұрайБілімнің байыбына барып терең,Сандуғаш апай бастап еді әліппеден.Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,Бастаған тәрбиесін алып келемЖанна: «Ардақты ұстаз» номинациясымен 4 «а» сынып ұстазы Сандуғаш Жақсылыққызы, марапатталады.
Диас
Баулыған әрбір өренді,Камина апай өнерлі.Әрбір сөзі мәнерлі.Қызықтырып бәріне,Бізді үйретіп келеді.Ербол: «Шебер ұстаз» номинациясымен музыка пәнінің мұғалімі Камина апай марапатталады.Аружан
Суреттен талай шәкірт даярлады,Шәкіртіне бәрін берді, аямады,Әзілі бірге жүрер өзімененАнартай ағай үйретуден шаршамады.Жаңыл: «Өнерлі ұстаз»номинациясымен бейнелеу пәнінің мұғалімі Анартай Шардарбекұлы марапатталады.
НұрдаулетСырлары көп ғылымның,Шешілмеген әлі де.Тереңдігі білімнің,Керек екен бәріне.Өз аузына қаратқан,Гауһар, Баян апайларды ұғамыз.Сөйтіп әрбір сабақтан,Сәл есейіп шығамыз.Жанна: «Үлгілі ұстаз» номинациясымен Шардарбекова Гауһар және Қожамжарова Баян апайлар марапатталады.Назерке
Көрмеген жарыстардан, орынсыз кеп,Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.Қоштасамыз біз бүгін, Қуаныш ағай,Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.Ербол: «Салауатты өмір салтын ұстанған ұстаз» номинациясымен Тұрабаев Қуаныш ағай марапатталады.
Жанна: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.Ербол Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз.Жаңыл: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАҚМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!
Жанна: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.Ербол: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіреміз. Ата-аналар комитетінің мүшелерін дипломдармен марапаттау үшін сөз мектеп директоры Манагүл Жүнісқызына беріледі.Жанна: Ата-аналар атынан сөз кезегі Дариға апайға беріледі.
Құрметті ата-аналар біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнімізді сіздерге арнаймыз.
Ән: "Ата-әже" Темірхан Жантөре
Ән: "Ана " Жүмәлі Шолпан
Жанна:
-Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Келесі кезек пәндерге арналады.
Әділет:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен
Ана тілін оқыдық
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілімен қоштасамыз
Әдебиетпен достасамыз.
Шолпан:
Ойланып есеп шығартып
Төрт таңбаны білдірген
Ғылымдардың патшасы
Математика данасы.
Мұса:
Қазақ тілі пәнінен
Білім алды балалар.
Сөйлемді сөз таптарын
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар,
Ережесін жаттадым.
Жанна:
Бірге өсіп ел жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап біз жүретінбіз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз
Келесі кезекті ән-биге береміз.
Би: "Көк жөтел" қазақша
Ән: "Қазақстан" орындайтын Өмірбай Нұрдаулет
Би: Өзбек биі
Ән: " " орындайтын
Би: "Латинка"
Ән: "Мектебім" орындайтын Қалдыбек Диас
Ән: "Көңілді күн" орындайтын Жаңбырбай Гұлнұр
Би: Вальс
Ән: "Мектебім" орындайтын Темірхан Жантөре
Ән: "Аяулы әнім мектебім" орындайтын 4 "а" сынып қыздары
Мұғалім: Жеңімпаздар шеруін бастайықАбай оқуларының жеңімпаздары
"Жігіт сұлтаны" сайысының жеңімпазыСпорт мақтаныштарыХалықаралық "Инфоурок" олимпиадасының жеңімпаздары(Оқушы қыз бен ұл бала жүгіріп шығады)1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет!
1-сынып оқушысы ер бала: Мен де сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.Жанна: Інішек, ұмтылысың жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік. Ербол: Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселеріңнің барлығына қол жеткізесіңдер! Д/сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ ҚОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА, Д/сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢҚЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!Жанна: "Білім негізі бастауышта" - дей отырып даярлық сыныбына бастауыштың алтын кілтін тапсырамыз.
Ербол:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүреді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.
Ұстаз:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне
Сенімдердің айналыңдар серперіне
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе - дей отырып, бір саты жоғары сыныптың баспалдағын сүрінбей биікке шығуларыңа мен шын жүректен тілектеспін.
Жанна: Бастауышым - Балбұлағым, Лаулап жансын шамшырағың.Өзің берген біліміңнен,Самғап ұшты тау қыраның.Ербол: Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндерЗымырап өтер-кетер бала күндер.Тұрады шәкірттерін шығарып сап,Көз жасын жасыра алмай мұғалімдерЖанна: Өтті қызық бала шағым,Бастауышым –балбұлағымҚоштасар күн жетті міне,Қимастықпен қол бұлғаймын!Қош бол, қош бол сүйікті бастауышым!Ербол: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.Жанна: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, бастауыш сынып түлектері!
Хор: "Бастауышпен қоштасу"

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
№30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:

Орындаған: 4"А" сынып жетекшісі Жусипова С.Ж
2014-2015 оқу жылы
Көрініс: "Қария мен бала"
Оқушы: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді .Балам, дос табу оңай ма?
Оқушы:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Балам, үйдегі алтын қазығың кім?
Оқушы:Ата, үйдегі алтын қазық - бала
Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.Балам, өмір сүру үшін не қажет?
Оқушы:Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді. Балам адамға ақыл беретін кімдер?
Оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретінҚария:Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзіақылдан басталады балам. Осыны есіңде сақта!