Та?ырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»



Елекбаева Салтанат Базаровна
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Сенек селосындағы
«Шұғыла» балабақшасының педагог-психологы
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Балаларға заттардың айқын образын көрсете білуге ,
ертегі арқылы түсініктерін бекіте отырып, тілін, ойлау
қабілеттерін дамыту арқылы ауыз әдебиетіне деген
қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Зерек қалам, үшбұрыш, төртбұрыш қиындылары,
ермексаз, слайд.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап бүгін таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жадырайды даламыз.
Қайырлы күн қонақтар!
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Балалар, бізге ертегілер елінен хат келіпті. Бұл хатта былай деп жазылыпты:
Қымбатты балалар!
Сіздерді орманға саяхатқа шақырамыз.
- Барамыз ба?
- Ия
Ендеше біз орманға бармас бұрын ертегілерді есімізге түсірейікші.
- Қандай ертегілерді білеміз?
- Балалар жауабы.
- Сендер ертегіден қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ.
Ендеше, біздер ертегі орманына аттанайық. Бізді орманға кім апарар екен.
-Мен апарайын ( Көктем ханшайымы келеді )
Балалар әуен ырғағымен көздерін жұмады. Көздерін ашады.
Ертегі орманы қандай тыныш, тек жапырақтардың сыбыры болмаса.
Орманға да келіп жеттік.
-Балалар, тақтадан қандай ертегіні көріп тұрсыңдар?
- «Бауырсақ» ертегісі.
- Ал осы ертегідегі аюдан, қояннан, қасқырдан құтылу үшін осы ертегі
кейіпкерлері туралы тақпақтар айтып берсек, бауырсақты олардан қорғаймыз
екен. Көмектесеміз бе, балалар? Балалар тақпақтар айтады.
-Қараңдаршы, балалар, түлкінің мұрынына бауырсақ отырып алған ба?
Ол мақтанғаннан өзін не күтіп тұрғанын білмейді ғой. Біз оған көмектесейік балалар. Түлкі, сен бауырсақты жібер, ол атасы мен әжесіне домаланып кете берсін, біз саған көп бауырсақ жасап береміз.
(түлкі бауырсақты үйіне жібереді). Балалар түлкіге ермексаздан бауырсақ
жасап береді.
-Балалар, қараңдаршы, бұл кім болды екен?
Балалар жауабы.
Дұрыс айтасыңдар, «Шалқан » ертегісіндегі ата ғой.
Шалқан үлкен болып өсіп кеткен екен. Жалғыз өзі суырып ала алмай жатыр
екен, көмектесейік. (рөлдерге бөлініп ойнау).
Көрдіңдер ме, балалар, адамдар да, жан-жануарлар да басына қиындық
түскенде бір-біріне көмектесу керек екен.
(Бұта түбінен жылаған дауыс шығады)
-Қане, балалар, бұл кім болды екен а?
- Ой , қоян сен мұнда не істеп отырсың ?
Қоян, жылама, біз саған көмектесеміз. Солай ма балалар?
-Біз саған өте әдемі үй құрастырып береміз.
(пішіндерді пайдалана отырып, үй құрастырып беру)
Қоян , біздің балалардың жасаған үйшігі ұнады ма?
Қоянға үйі ұнаған екен.
- Қандай пішіндерді пайдаландық?
- Түстері қандай?
Қоян балаларға рахметін айтып, қоштасады.
Әндетіп , билеп жүрген Қызылтелпек көрінеді.
-Бұл кім екен, қайда асығып бара жатыр? Ой, балалар қараңдаршы,
қасқыр келе жатыр ғой. Қызылтелпекке қандай көмек беруіміз керек балалар?
-Қасқыр, қасқыр біздің балалар сізге ән орындап бергісі келіп тұр.
(Ән айтып қасқырды қақпанға түсіреді)
-Енді сен Қызылтелпекке тимейсің бе?Егерде тимесең біз сені босатамыз.
Қасқыр: Мені босатыңдар, енді мен ешкімге де тимеймін.
(Қасқырды балалар босатады).
Міне, көрдіңдер ме балалар, достар деген осындай болу керек.
Енді балалар, Қызылтелпек әжесінің үйіне баратын жол таба алмай тұр екен, көмектесіп жіберейік (ойын ойнау)
Балалар , мен сендерге сұрақтар берейін, дұрыс жауап берсек,
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіндегі бір жыл иесін
құрастырып шығамыз.
1-сұрақ: Төрт түлікті атаңдар?
Балалар: Қой, сиыр, жылқы, түйе.
2-сұрақ: Жабайы аңдарды атаңдар?
Балалар: Қасқыр, арыстан, түлкі, аю,қоян....
3-сұрақ: Жылдың төрт мезгілін атаңдар?
Балалар: Қыс,көктем, жаз, күз.
( Жыланның суреті құрастырылады )
Өте жақсы балалар. Көктем ханшайымымымен бірге топқа қайтамыз.
Балаларды мадақтап,сабақты қорытындылау.Қонақтармен қоштасу.