Сыныптан тыс іс-шара Ертегілер еліне саяхат


Тақырыбы: Ертегі еліне саяхатМақсаты:- оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, баулу;- Бір - бірлерімізбен тату болу, ұжымшыл болу;1. Ұйымдастыру кезеңіМұғалім: Балалар, ертегі - сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына не елестетесіңдер? Қандай ертегілер білесіңдер?(балалар пікірін тыңдау).2. БарысыМұғалім: Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, біз «Ертегі еліне саяхатқа» шығамыз.Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)- қиял - ғажайып ертегілер- шыншыл ертегілерЕртегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.Кел, тыңдайық ертегі,Естіген жанды елтеді.Талай ғажап оқиға,Қызық сырын шертеді.«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:Ерте, ерте, ертеде.... бір ата мен әже болыптыАтасы: - кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды.( іс - әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді...Орман ішіне домалап келіп, қоян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:Қоянның көжегі:Мен ақ қоян, ақ қоян,Қорқақ қоян, сақ қоян.Қасқырлардан қорқамын.Орманға мен зытамын.Қоян:Сұр көжегім, көжегім,Еркелігін сеземін.Сабаққа мойын бұратынСенің де келді кезегің.Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.Бауырсақ: - жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.Атадан да қаштым,Ападан да қаштым,Қоян сенен де қашып кетемін.Қоян: - қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.Мұғалім: орындаймыз ба қоянның тапсырмасын?Қоянның тапсырмасы:1. Қазақстан Республикасының президентінің аты – жөні кім?2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?3. Біз қай қалада тұрамыз?Бауырсақ:- рақмет, балалар, сендердің көп көмектерің тиді.Қоян: Сендер өте ақылды оқушылар екенсіңдер, олай болса мен өз жөніммен кетейін.Бауырсақ домалап қояннан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.Қасқыр:Түсім сұрқай, тым суық,Орманда жүремін аң қуып.Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.Бауырсақ: - жемеші, мен саған өлең айтып беремін.Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.Қасқырдың тапсырмасы:1. Жыл мезгілдерін ата?2. Бір аптада неше күн бар?3. Оларды ата?Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар.Қасқыр: Сендер менің тапсырмамды орындадыңдар, онда мен ары қарай жол жүрейін.Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.Бауырсақ: - жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып беремін- ападан да қаштым, атадан да қаштым,сенен де аю қашып кетемін.Аю: Әй, балалар, балалар!Менде қызық ойын бар,Ал ықылас қойындарКәне, тәртіп сақтайық,Мен берген тапсырманы,Бұлжытпай орындайық.
Аю бауырсаққа жұмбақтар жасырады:
Балалар, сендер маған адың жасырған жұмбартардың шешуін табуға бемектесесіңдер ме?
Бұрап қойған сағаттай,Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
Асты тас, үсті тас,Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Аю: Жарайсыңдар, менің жасырған жұмбақтарымды еш қиындықсыз шешіп тастадыңдар. Сол үшін мен сені жемей, босатамын.
Бауырсақ ары қарай домалап, ағаш үстінде отырған түлкіге келіп соқтығысады.
Түлкі: Сен мені қағып кете жаздадың, сол үшін мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Түлкі: Маған сенің өленің керегі жоқ, егер мен жасырған мақал – мәтелдің жалғасын тапсан, онда мен сені жіберем, ал егер таба алмасан онда ен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: Балалар, маған тағы сендердің көмектерін керек болып тұр, егер маған мақал – мәтелдердің жалғасын тауып беріге көмектессеңдер, онда мен сендерге қарыз болып қалмаймын. Мен сендерге сыйлық беремін.
Қасқыр:
Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)