Внеклассное мероприятие по географии на тему География ?лемінде (9-11 класс)


Мерекелік іс-шараның тақырыбы: «География әлеміне саяхат» сайысы
Мұғалім: Ерментаева Б.А
Қатысатын сыныптар;9-11 сыныптары
Қатысатын оқушылар саны: әр сыныптан 5 оқушыдан
Сайысты қорытындылайтын мұғалім: Косарева А.Г
Ең алдымен сыныптарды топтарға бөлеміз.
Сайыстың кезеңдері:
Таныстыру
Есепте
Кім жылдам
Сен білесің бе
Тірек сөз
Әйгілі ғимараттар
Қорытынды
1-кезең бойынша: әр топ өзінің география пәніне байланысты топтың атын құрады. Әр топқа қорғауына және эмбелемасына 10, 20 ұпай беріледі
2 кезең: Есепте. Дұрыс жауапқа 100 ұпай беріледі .
Есеп
Алматы мен Астананың арақашықтығы 12 см , атластың масштабы 1:8 000 000 , сонда Алматы мен Астананың арақашықтығы қанша км
2 есеп
Астана ман Мәскеудің сызғышпен есептегенде 2,5 см болды, масштабы 1: 59 000 000 , сонда Астана мен Мәскеу қалаларының арақашықтығы қанша км
3 есеп
Мехико мен Вашингтон қалаларының сызғышпен есептегенде 4,1 см болды, масштабы 1: 59 000 000 , сонда екі қалаларының арақашықтығы қанша км
Жауабы: 960 км; 1475 км; 2419 КМ
3 кезең: Тауып көр . әр жауап 50 ұпай
Еуразия материгінде орналасқан, Еуропа дүние бөлігіне кіретін ескі қалалардың бірі. Жерорта теңізі алабындағы орналасқан қала- РИМ қ
Солтүстік Америка материгінде орналасқан , АҚШ елінің ірі қаласы. Тынық мұхитының жағалауында орналасқан, кино - индустрия қаласы- Лос-Анджелас
Аустралия материгінінің ірі қаласы. 2000 жылдары олимпиада ойындары өткен болатын. Бұл қандай қала - СИДНЕЙ
Оңтүстік Америка  құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Мемлекеттік тілі – португал тілі- БРАЗИЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
4 КЕЗЕҢ: Кім жылдам . 20 сұрақ беріледі , ұпай 10
ҚР тәуелсіздігін мойындаған ең алғаш ел Түркия – иә
Ең терең шұңғыма 8742 м – жоқ
Солтүстік Американың ауданы- 54,3 млн км – жоқ
Оңтүстік Амрикадағы ең үлкен сарқырама Анхель- иә
Сахара шөлінің ауданы 7 млн км2- иә
Жауын-шашын көп түсетін жер Руб-эль-хали- жоқ
Астананың туған күні 6 маусым- жоқ
Ең ұзын мемлекет Чили- иә
Кайназой жас эра – иә
Корея бірұлтты мемлекет- иә
ҚР шекарасы 12000 км- жоқ
Диаспора- әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі –иә
Ішкі көші , қоныс аудару миграция дейді- иә
Жердің ішкі құрылысы мантия, ядро, жер қыртысы- иә
Мадагаскардың астанасы- Антанариву –иә
Этна арал-жоқ
ДЖ мұхиттің ауданы- 364 млн км- жоқ
Түркия үлкен азияда орналасқан- жоқ
Апенин арала – жоқ
Кап- жота
5 кезең: СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? ҰПАЙЛАР 20
Сурет таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
АҚШ табиғатты қорғау ,жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалу мақсатында дүние жүзінде алғаш рет ұлттық парктерді ұйымдастыру ды қолға алды.Тұңғыш ұлттық парк 1872 жылы құрылды . Ол ыстық гейзерлерімен,тасқа айналған ағаштарымен әйгілі.Осындағы Алып гейзерінен атқылаған судың биіктігі 91 метрге жетеді.- ГЕЙЗЕР
Жергілікті тұрғындар бұл өзеннің суынан қатты қорқады. Олардың ата-бабалары ертеден осында тұрғанымен ,өзенді тілсіз жау деп біледі «Жерді құдай, ал бұл өзенді жын жаратқан » деген мақал бар.Өзеннің кейбір бөліктерімен жүзіп өткенде ,салда отырғандар дыбыс шығаруға қорқады.Олар егер біреу сөйлесе ,өзен бетінде тез иірім пайда болып,салды қиратады деген нанымға қатты сенеді.Бұл қай өзен? –
Бұл ағаштың кейбіреуінің биіктігі 150-160 метр,диаметрі 15 метр.Мұндай ағаш 10 адамның құшағына азар сыяды. Бір ағашты жеті метрлік арамен 13 күн бойы аралап кескен.Кесілген түбір үстіне оркестірін қоса есептегенде,би алаңы орналасқан.Бұл қандай ағаш? –СЕЙКВОЯ
Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды.1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған.Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелеңі» деп аталады. Бұл қай жер? – өлім аңғары
Оның атауы қалайы алаңы дегенді білдіреді.Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан. Бұл қай көл? - ТИТИКАКА
Ені 1200 м, биіктігі 51 м.Үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді. Судың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. –НИАГАРА
Жылдамдығы сағатына 800км-ге жететін кенеттен пайда болатын жел көп апат әкеледі.Жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырыменқопарып,үйлерді қиратып,ірі заттарды да көтеріп әкетеді.Бұл жел қайда соғады және қалай аталады?
6 кезең:
Әр торкөзде сұрақ жасырынған.Әр сұрақтың жауабына берілетін ұпайды өзің таңда.Сонымен қатар қосымша тірек сөздер беріледі. Кез- келген сұрақты таңда
Берілетін ұпайлар;100;200;300;400;500;
Жауабы.
1 тірек сөз- Венерн, Веттерн
2 тірек сөз- Эскимос, француз, ағылшын
3 тірек сөз-Үндістан, Америка, саяхат
4 тірек сөз-зона, мүк, қойөгіз
5 тірек сөз- Вилли-вилли, кенгуру, Косцюшка
7 кезең: 100 ұпайдан беріледі
Хан- Шатыр
Сидней операсы
Эйфел башнясы
Ұлы Қытай қорғаны
Биг бЕН
Бостандық статуясы
Қорытынды. Жеңімпаздандарды анықтап, марапаттау
ГЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Дайындаған: Ерментаева Б.А
Қатысқан сыныптар: 9-11 «А»
Диев с.
2016 ж