Фигураларды салу. Векторлы? объектілермен ?арапайым амалдар. ?исы?тарды редакциялау


24.2.2017
7 сынып| Жиенгельдинова Айнұр centercenter
«М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

Сабақтың өтілген күні: 24.02.2017ж
Информатика 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;Сабақтың түрі: Ашық сабақ.Көрнекілік: Экран, презентация, суреттер, тапсырмалар, 4d анимал раскраска, ұялы телефон, тест тапсырмаларыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру:Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Сабаққа назарларын аудару (2 мин)ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жұмыстарын ұсыну.берілген уақыт 7мин. ZipGrade бағдарламасында тексеріледі.
Компьютерлік графика – бұлA. ақпаратты өңдейтін ғылымB. геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін*C. сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылымD. математикалық формулаларға негізделген ғылым
 Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуіА. растрлық және фракталдықB. үш өлшемдік және векторлық*C. растрлық, фракталдық және векторлықD. растрлық және үш өлшемдіE. растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді
Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңізА. Кескінді жай ғана өзгерте салуға болмайтындығыB. Берілгендер көлемінің аздығыC. Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыныD. Растрлеу әдістерін қолданбау
*E. Дұрыс жауап берілмегенРастрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңізА. Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы*B. Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыныC. Растрлық бейнелердің өңделмеуіD. Объектілердің растрленбеуіE. Барлық жауап дұрыс
Компьютерлік графика кескіндерін құру әдісінің түрлерін көрсетіңізА. Стохастикалық, геометриялықB. Векторлық, итерациялық*C. Растрлық, векторлық және фракталдықD. Растрлеу, масштабтауE. Амплитудалы модуляция және жиелік модуляциясы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (7 мин. – Inkscape программасымен танысу)
Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы – Paint редакторымен, Вектор тобы – Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.Жаңа ұғым. Безье қисығы – ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. – безье қисығын түсіндіру)Тапсырма 2. (10 мин.) Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.Сергіту сәті. 4d анимал раскраска туралы мәлімет көрсеу. Оқушылардың өздеріне орындату.IV. Жаңа сабақты бекіту. (5 мин.)Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.V. Қорытындылау. (2 мин.)Оқушыларды бағалау.Үй жұмысы: Фракталдық графика туралы мәлімет іздеп келу. Фракталдық графикамен жұмыс жасайтын программалар.