Сценария на тему ?уант бізді, Жа?а Жыл!


Қуант бізді Жаңа жыл! Ортада таңдандырып талайды,Шыршамыз жасарып жайнайды.Құбылып, құлпырып айнала,Сиқырлы сәулелер тарайды. Жасыл шырша төгілген алдымызда,Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.Аман болсын отбасыңыз деп алайын,Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,қонақтар. Сіздерді алдағы келе жатқан 2016 жаңа жылменен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда,жаңа табыс,бақыт тілейміз.
Мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін қарсалайық.
Балалар енді Жаңажыл мейрамын бастайық.
Хор: «Шырша жыры» жырланады
Мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар.Мыстан кемпір: Маса, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.Тәрбиеші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.Аяз Ата, Ақшақар,Шыршамызға кел, кел!Тақпақ айтып береміз,Бізге сыйлық бер, бер!Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.Тәрбиеші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жоқ, қайда ол?Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғынмен Ақшақарға айналдыршы.Жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады.
Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:Көңілді балалар,Шыршаны айналып.Жалмауыз кемпір,Ақшақарға айналсын - дейді.Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.Ақшақар құттықтауы.Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?
Ол үшін біз Сабинаны шақырамыз.
Сабина: Шырша, шырша Шамдарыңды жарқырат. Би билейміз, айнала, Балаларды таңырқат. Шам жанады.
Жүргізуші:  Келіңдер,келіңдер! Тақпақайтып айтып беріңдер. Жомарта Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
Қарақат: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағынған. Міне сұлу шыршамыз, Көктен күтіп сағынған. Кел балалар, келіңдер. Шырша тойын көріңдер.
Ернұр: Құтты болсын Жаңа жыл, Құтты болсын Жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр.
Милена: Шыршаны айнала, Қоршаған қуыршақ. Кел биле, кел биле, Қоян, лақ, құлыншақ.
Арсен: Біздің мектепте , Шырша тойы болады. Аяз Ата, Ақшақар, Біздермен мәз болады.
Милана: Жаңа жылда мектебіміз, Гүлдей болып жайнасын. Аман болсын барлық бала, Шат - шадыман ойнасын. Жаңа Жыл келеді.
Азамат: Ақша қарға малынып, Аппақ тонын жамылып. Сақалы мен мұртына, Күміс моншақ тағылып. Аяз Ата келдің бе? Балаларды сағынып.

Айдана: Тақпақ, өлең жаттады, Би үйрендік көрсін деп. Аяз Ата шаттанып, Бізге риза болсын деп.
Тамаша ғой қыс деген,Қуанады бар бала.Шырша тойын тойлайды,Аяз Атамен қосыла.
Біздің балабақшада,Шырша тойы болады.Аяз Ата, Ақшақар,Біздермен мәз болады.
Жаңа жылмен шаттанып,Жаңарады бар дала.Шырша тойын тойлайды,Дөңгеленіп бар бала.
Би: «Сығандар»(Айзия, Ақмаржан, Еркеназ, Айназ)
Жаңадан тақпақ,Аламыз жаттап.Жаңа жыл келді,Жаңа жыл аппақ.
Сапалы аппақ күмістей,Тістері аппақ күріштей.Қызыл ала шапанды,Сағындым Аяз атаны.
Жүзімізде күлкі ойнап,Шаттанады жанымыз.Жаңа жылды біз тойлап,Шаттанамыз бәріміз.
Тауда туып, тауда өскен,Шырша келді ортаға.Аяз Ата, АқшақардыШақырайын ортаға.
Өлең де әзір, ән де әзір,Ойын да әзір, бәрі әзір.Кел Жаңа - жыл біздерге,Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!
Жеке ән:«Біз шадыман баламыз»(Арайлым, Жансая)Ойын:Би:«Чунга - чанга»
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,Құттықтаймыз әрине.Папамызды, мамамызды,Қонақтарды бәрін де.
Алақай, алақай,Қар жауып тұр балақай.Жүр шанаңды алып шық,Киіп алып малақай.
Ақша қарға малынып,Аппақ тонын жамылып.Сақалы мен мұртына,Күміс моншақ тағылып.Аяз Ата келдің бе?Балаларды сағынып.
Құтты болсын Жаңа жыл,Құтты болсын Жаңа жыр.Жасыл шырша жанында,Билеп барлық бала жүр.
Аю, қасқыр, қоян, түлкі,Ортада би билеп.Балалар жүр мәз болып,Би билейді дөңгелеп.
Орманның бар аңдары,Бүгін бізде қонақта.Балалармен би билеп,Қуанады шаттана.Аңдар (қояндар) биі.Дәурен, Әди, Аман
Далада қар борайды,Ақ мамыққа орайды.Мұз болады, қатады,Жып - жылтыр боп жатады.
Аянат: Ән айтамыз, би билейміз, Біз көңілді баламыз. Шаршауды біз білмейміз, Тақпақ айтып, би билеп. Аяз Атадан сыйлық аламын.
Қуантып енді,Жаңа жыл келді.Өсетін болдым,Бір жасқа енді.
Шыршаны айнала,Қоршаған қуыршақ.Кел биле, кел биле,Қоян, лақ, құлыншақ.
Жаңа жылда мектебіміз,Гүлдей болып жайнасын.Аман болсын барлық бала,Шат - шадыман ойнасын.Жаңа Жыл келеді.
Аспан жерге төгеді,Ақ күмісін уыстап.Ұлу жылы келеді,Бізге қарай жылыстап.