8 сынып?а арнал?ан электр тізбегіне берілген практикалы? ж?мыс

Пән: физика, 8 - сынып Күні:23.02.17
Тақырыбы: Практикалық жұмыс № 4
Тұрақты электр тогы тарауына есептер шығару
Мақсаты Тұрақты электр тогы тарауына сапалы, мәтінді, эксперименттік есептер шығаруға, формуланы түрлендіре білуге дағдыландыруға, оқушы өз бетімен жұмыстана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже А. Тұрақты электр тогы тарауына толық түсінік алады
В. Тұрақты электр тогы тарауына есептер шығара алады
С. Тұрақты электр тогы тарауының формулаларын түрлендіріп, есептер шығарады.
Сабақтың типі: бекіту, практикалық, бағалау сабағы.
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, топшамалар, презентация, bilimland.kz, демонстрациялық құралдар. Амперметр, вольтметр, реостат, кілт, плакат, маркер, презентациялар, стикерлер, сызбалар.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Түгелдеу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
Кубизм әдісімен
Теориялық білімдерін тексеру
Амандасады, бағалау парағын толтырады. Сұраққа жауап береді
Есептерін тексереді.
Тұсаукесер
ІІІ. Талқылау (1 минут)
Маршруттық карта тапсырмасын көрсету Негізгі бөлім Маршруттық картаның тапсырмалары:
Семантикалық карта (5 минут)
№ Физикалық шамалардың атауы формуласы
1 Электр қозғаушы күші ε=Aбq2 Ток күші I=qt3 Электр кернеуі U=Aq4 Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы I=UR5 Меншікті кедергі ρ=RSl6 Тізбектей жалғанған өткізгіштегі ток күші 24225252159008-10
008-10
I=I1=I2 = …=In7 Токтың жұмысы A=IUt8 Токтың қуаты 2422525311155
4
3
005
4
3
P=IU9 Параллель жалғанған өткізгіштегі кернеу U=U1=U2 = …=Un10 Джоуль-Ленц заңы Q=I2 RtБағалау түрі: баспалдақ әдісімен
5778501892305
005
Балы:
Деңгейлік есептер шығару. Жеке жұмыс (20минут)
А деңгей.
№1. Ұзындығы 4, ауданы 0,4 мм2 болат сымның кедергісін табыңыз. ρ=12∙10-2Ом∙мм2/м (1,2 Ом)
№2. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштің ток күшін есептеңдер. (0,7А)
№3. 3,5 А ток күші мен 12 В кернеуге есептелген электр шамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар.(840Дж)
В деңгей.
№1. Мүнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900Вт. Электрқозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.(475 Ом)
№2. Диаметрі 0,1мм металл сымның ұзындық бірлігіндегі кедергісі 2,23 Ом/м . Сымның меншікті кедергісін табыңыз. (1,7∙10-8 Ом∙м).
№3. Қимасының ауданы 4 мм2 өткізгіштің кедергісі 40 Ом. Кедергісі 100 Ом-ға тең болу үшін ұзындығы сондай және бірдей материалдан жасалған өткізгіш қимасының ауданы қандай болу керек? (1,6мм2)
С деңгей.
№1.

1-суретте R1=10 Ом, R2=20 Ом, R3=40 Ом және R4=50 Ом. Жалпы кернеу 120 В болса, жалпы кедергіні, жалпы ток күшін және R1 кедергідегі кернеуді табыңдар. (20,5 Ом, 5,85 А, 58,5В.)
№2.
2-суретте
Амперметрдің көрсетуін 3А және R1=4 Ом, R2=2 Ом және R3=4 Ом деп алып, R1 , R2 , R3 кедергілердегі кернеулерді және R2 , R3 кедергілердегі ток күшін табыңдар. (U1=12 В, U2= U3= 4 В, I2=2 A, , I3=1 A).
477202556007015
0015
Бағалау түрі: Пантомима әдісі (Қолын жоғарыға көтеру – бәріне дұрыс жауап бергендер 3 деңгейдің есептерін толық шығарғандар – 15 балл , басын төменге түсіру – тек екі деңгейдің есептерін шығарғандар - 10 балл, бетін қолымен жабу – тек бір ғана деңгей есептерін шығару – 5 балл)
17970526619206-7
006-7
63690530143455
005
Тапсырмаларды орындайды
Қорытындылау Тәжірибелік есеп ( 7 минут)
Керекті құралдар:
3867150-698510
0010
Электр тогының қуатын анықтау
Электр тогының жұмысын анықтау
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын зерделеу Тапсырманы орындайды
Кері байланыс «Білім ағашы» (2 минут )

Оқушылар қолдарындағы алма бейнеленген түрлі-түсті стикерге бүгінгі сабақ жайлы түйіндерін жазады, «Білім ағашына» жабыстырады.
Үйге тапсырма «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталап келу.
«Электр тогы біздің өмірімізде» тақырыбында эссе жазып келу.
Деңгей бойынша есептер
1 минут Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау жүргізу (балдарын есептеп, қорытынды шығарып, бағалайды)   2 минут Бағалау жүргізеді
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Теориялық білім Семантикалық карта А деңгейінің есебі В деңгейінің есебі С деңгейінің есебі Тәжірибелік есеп Жинаған балы Бағасы
1 2 30- 26 – ‘5’
25-20 – ‘4’
19-15 - ‘3’
Үйге тапсырма:
ТКШ есептері.
*927.Кернеуі 5 В, ток күші 0,01 А қозғалмайтын өткізгіште 20 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері
*911.Шамның қылы арқылы өтетін ток күші 2 А. Шамдағы кернеу 10 В, ол шам қылының кедергісі ...
910.Кернеуі 220 В желіге қосылған электр плитасының спиралінің кедергісі 55 Ом, спиральдегі ток күші
547.4.Кедергісі 12 кОм вольтметр 220 В кернеуді көрсетіп тұр.Одан өтетін ток күші неге тең?
5125.Ұзындығы 100 м ,қимасы 2 мм2 мыс сымының кедергісі неге тең?
6.Кедергісі 30 Ом электр шәйнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған.Шәйнектің спираліндегі ток күшін анықта
АКШ есептері
*1.511.Кедергісі 6 Ом ,ұзындығы 3 м және көлденең қимасының ауданы 0,25 мм2 константин сымының меншікті кедергісі неге тең.? *688. Кедергісі R = 5 Ом өткізгіштен t = 1,5 мин уақытта q = 45 Кл электр өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу.
686. I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд.
700.Электр пешінің қуаты 600 Вт. Пеш 5 мин жұмыс істегенде жұмсалатын энергия 702. Шамда көрсетілген ток күші 0,25 А және кернеуі 6 В. Шамның қуаты.
ЖКШ есептері
*2121.Жүкшығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады.4 А ток күшіне 24 Кл заряд өткендегі электроматордың қуатын.
*674.Қыздырғыш элементі 38,7 Ом ,кернеуі 220 В желіге қосылған электр шәйнегінен 1 секундта бөлінетін жылу мөлшері,қуаты неге тең?
549.Кернеуі 12 В .ұзындығы 200 м ,қимасы 0,5 мм2 мыс сымыцнан өтетін ток күшін есептеңдер
192.Ұзындығы 20 м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2 мм мыс сымнан жасалған Ұзартқыштың кедергісі қандай?