?ш тілде білім беруді дамыту жоспарына с?йкес «А?паратты жазу ж?не санау, а?паратты тасымалдаушылар» атты ашы? саба?


-739140-516890Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімі
«№3 орта мектебі» КММ
202565096520




«Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар»
«Писать и считать и переносить информацию»
«Writing counting and transpormation of information»
(үш тілде білім беруді дамыту жоспарына сәйкес ашық сабақ)

Өткізген: Шуйкебаева Н.Б.
информатика пәнінің мұғалімі
2016 жыл
Пән: Инфораматика Сынып: 5 «А» Күні: 26.11.16
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар
Сабақтың  мақсаты:
Ақпараттарды  жазып,  өлшем  бірліктер  арқылы  санауды ақпарат   тасымалдаушыларды  қолданылуы тәртібін меңгеріп, ойлау қабілеті  мен  танымдық  қызығушылығын  дамыту.
 Сабақтың  түрі: Аралас сабақ
 Сабақтың  әдісі: практикум  элементтері  бар  түсіндірмелі
 Көрнекіліктер:  интерактивті тақта, үлестірмелі   тапсырмалар, компьютер
 Пәнаралық  байланыс: математика
 Сабақтың   барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.
(2 минут)
ІІ.Үй  тапсырмасын  тексеру:
Тест жұмысы (5 минут)
Қызығушылығын ояту
Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.
(ребус арқылы) ( 2 минут)
Жаңа  сабақ (5 минут)
Балалар, бүгінгі тақырыпта қай сөздер бізге таныс? Ия, InHYPERLINK "http://www.translatos.com/kz/en-kz/formation" \o "formation"formation - латын тілінен аударғанда ақпарат деген сөзді білдіреді. Біз бұл тақырыпты І тоқсанда оқығанбыз.Ал бүгін сол ақпараттарды қалай жазып, қалай тасымалдауды үйренеміз.
Кәне балалар айтыңдаршы ақпарат деген не? Ақпаратты қалай санайтын едік?
Ақпарат  өлшеудің  ең  кіші  бірлігі- Бит  болып  табылады. Бит  келесі  екі  мәннің  бірін  қабылдай  алады – 0 немесе 1.
Келесі  өлшем  бірлігі- Байт.1 Байт-8 бит-ке  тең.Әдетте  1 байттың  көмегімен  бір  символ  кодталады. 
Қалай ойлайсыңдар? Ертеде адамдар ақпараттарды неге жазып сақтаған? Бір –бірімен қалай ақпарат алмасып отырған?
Ерте кезде адамдар ақпаратты тастарға, қағаздарға, кітаптарға жазып қалдырған, ал қазір ақпаратты қайда жазып сақтаймыз және тасымалдаймыз? Компьютер құрылғыларынан флешка, диск, компьютер жадында сақталынады.

Компьютердің  ең  маңызды  компоненттерінің  бірі  оның  жады  болып  табылады. Компьютерде сыртқы жад және ішкі жад болып бөлінеді.
Мұнда, ішкі  жадтың  екі  негізгі тобы  бар:
1 )  жедел  есте  сақтау  құрылғысы 

2) тұрақты  есте  сақтау  құрылғысы  

Сыртқы  жадқа   түрлі  магниттік   тасымалдаушылар, лазерлік  дискілер, флеш-жадтар  жатады. Тасымалдаушыларда  ақпарат  ыңғайлы  түрде-сандық  форматта  сақталады. Ақпарат  тасымалдаушылардың  негізгі  көрсеткіші-олардың  сыйымдылығы.
Сыйымдылығы-тасығышта  сақталатын  ақпараттың  шектік  сандық  мөлшері болып табылады.
Иілгіш дискілер(ағылш. floppy disk)- магниттік қабыршағы бар иілгіш диск түрінде жасалған компьютердің алмалы-салмалы сыртқы сақтауыш құрылғысы.
Жазу және оқу уақыты – 40кБ/сек.
Сыйымдылығы – 1,2 - 1,44 MБ.
Өлшемі - 3,5 - 5,25 дюйм.
CD-RW-дың CD-R-дан басты айырмашылығы :
CD-RW-ға ақпараттарды бірнеше рет жазуға болады.DVD-R және DVD-RW – тек оқуға арналған графикалық ақпараттарды сақтауға арналған лазерлік диск.
Жазу және оқу уақыты – 4,7 ГБ/сек.
Сыйымдылығы – 4,7 - 17 ГБ.
Өлшемі – 3,1- 4,7 дюйм.
Флеш- жадтар – жеңіл қорабпен қапталған микросхема.
Жазу және оқу уақыты – 4000 – 5300 MБ/сек.
Сыйымдылығы – 1 ГБ жоғары
Өлшемі – 1- 2 дюйм.
Сергіту сәті: «Қызыл гүлім» (1 минут)
-Полечудес ойыны арқылы топқа бөлу
- Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырмалар беру.
1-топ карточкамен жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
2-топ компьютермен жұмыс (10 минут) содан 1-топпен ауысады.
Тапсырмалар:
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар
Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай сурет салыңдар.
Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.
Осы файл үшін жарлық құрыңдар.
Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар
Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар.
Көзге гимнастика жасау (1 минут)
 Сабақты бекіту сұрақтары:
Сабағымызды қорытындылау үшін бізге сиқырлы қобдиша өзінің сұрақтарын алып келген екен, ло сұраққа кім дұрыс жауап берсе, сиқырлы қобдишамыз ашылып, ішінен тосын сый шығады.
Компьютердің жады нешеге бөлінеді? (2)
1 байт неше битке тең? (8 бит)
Ақпаратты тасығыш құрылғылар? (флеш-карталар, дисктер, дискеттер)
Магнитті дискілердің неше түрі бар?қандай? (қатқыл диск, иілгіш диск)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі не? (бит)
Жұмбақтар шешу: (5 минут)
1. Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар  көрсетер затым барКілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
2. Қанша тетік тізілгенСаусағыңды сезінгенБарлық сенің ойыңдыКомпьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура –  keyboard)
3. Компьютермен енеді,Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )
4. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)
5. Өзі темір, жаны жоқ.Ақпаратты сақтап таратқан,Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)
6. Барлық сурет, мәтіндіКомпьютерге енгізгенКерек емес жерін деКомпьютерден өшірген    (мәтіналғы – сканер – scanner)
Үйге тапсырма: тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру. (1 минут)
Бағалау. (1 минут)