Статья. Тарих п?нін о?ытуды? заманауи талаптары


Тарих пәнін оқытудың заманауи талаптары      Оқушылар тек өздігінен жаңа білім алып қана қоймай, алдағы уақытта да оларды жаңа міндеттерді шешу ісінде қолдана алатындай,стандарттардың талабы, оқу процессін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптар. Оқытушының басты мақсаты – қажетті бағыттағы студенттер әрекетіне бастама болатын жағдайларды ұйымдастыру.
Біздің заманның оқытушысы ол студенттің қызметіне ізденістік, зерттеушілік бағыт беретін модератор. Оқытудағы дәл осы проблемалық - қызметтік тәсіл, бүгінгі күн тәртібінде оқытушының алдында тұрған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Өмір біздерден қоғам сұраныстары мен талаптарына жедел бейімделе білу қабілетін талап етеді. Заманауи оқытушының негізгі міндеті пәнге деген, әрбір тақырыпқа деген қызығушылығы, студенттер еркіне берілген, ізденістік шешімді қажет ететін проблемаларды ортаға тастау. Әрине, проблеманың шешімін табу үшін студенттер қолда бар ресурстардың барлығын, интернет, анықтамалар мен энциклопедияларды ақтара бастайды.
Орындалуы біздерден әрбір студентпен күрделі жұмыстар мен шығармашылық амалдарды талап ететін жаңа буынның стандарты, пәндерді оқытудағы түбегейлі жаңа тәсілдерді алға тартады.
            Проблемалық оқыту дегеніміз - білім беру процессіндегі оқушыларды дамыту жүйесі, оның негізіне проблемаларды шешудің ісіне оқушылардың белсене қатысуы мен оқытудағы оқу проблемаларын пайдалану жатады. Оқу проблемасының астары ретінде шешімін дайын үлгіде алуға болмайтын сауалды, тапсырманы немесе міндетті атаймыз. Студенттен өздігінше тұрмыс пен мінсіздіктің танылуы талап етіледі. Өткен мен бүгіннің репродиктивтік қабылдаулары емес, оқушылардың жоғары мотивациясын қамтамасыз ететін зат ол - проблемалық оқыту тәсілін қолдану барысында сана сүзгісінен өткізу мүмкіндігі бар, өзімен ашылған фактілер, оқиғалар арқылы жеке азаматтық позициясының өндірімі.
 Білім беру ісіндегі жүйелік-қызметтік тәсіл  өз ішіне бірқатар білім беру технологияларын, оқытушының ізденуі мен шығармашылығы мүмкіндіктерін беретін әдістер мен тәсілдерді қосады. Аталған тәсіл жоғары нәтижелерде жұмыс істеуге, оқушылардың әмбебап оқу қызметтерін қалыптастыруға, ізінше, олардың білім алуын жалғастырып, үнемі өзгеріп жатқан жағдайлардағы өмірге баулуға дайындайды.
Келесі технологиялардың жүзеге асуы бек мүмкін:
Әрдеңгейлік оқыту – әрбір сәбидің жеке мүмкіндіктерін ескерумен оқу процессін құру мүмкіндігі.
Зерттеу тәілдері – оқушылардың өздігінен проблемаларды зерттеуіне, зейінін кеңейтуге, дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын технологиялары – танымдық қызметті дамытады, жеке тәжірибелік қызметтерге қажетті білімді, білікті, машықтарды қалыптастырады.
Жобалық қызметтердің технологиясы – оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Тарих пен қоғамтану сабақтарында студенттер қызметтерінің келесі формаларын қолдануға болады:
-Жоспар, сұлба, кесте, диаграмма, сурет түріндегі тіреуіш конспектілердің құрылуы;
-Тарихи оқиғалардың жалпылануы мен салыстырмалы фактілердің салыстырмасы және талдауы болатын сипаттамалық-жалпылама кестенің толтырылуы;
-Биографиялық анықтамалардың – тарихи тұлғалар сипаттарының құрылуы;
-Хабарландыру, баяндама, рефераттың әзірленуі және рәсімделуі;
-Әртүрлі(қарама-қайшы) пікірлер мен бағалауларды ұсынатын қатысушылардың диалог, дау, сұхбаттағы тарихи оқиғалардың мәнін мазмұндауы.
          Бұл барлық қызмет формалары студенттерге оқу ақпаратын жүйелендіруге, тарихи-географиялық кеңістікте бейімделуіне, ізденістік жұмыс машықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ол жұмыс - оқу қызметінің шынайы өзіндік бағасын алуы мен өзара бағалауын -қалыптастыруға ықпал етеді.
            Оқытушының міндеті – студенттердің шығармашылықтары мен мүмкіндіктерін дамыту үшін барлық жағдайды құру, әрбір студентті белсенді танымдық процесске дағдыландыру.
            Тарих және қоғамтану сабақтарындағы қызметтік амалдың қолданылуы, екінші кезең стандарттарында жазылған: жекелік, метапәндік және пәндік білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Заманауи қоғамға білімді, адамгершілігі мол, қолдарынан:
• өз әрекеттерін талдай алатын;
• салдарын болжай отырып, шешімдерді өздігінен қабылдай алатын;
•ұтқырлығымен көзге түсетін;
•серіктестікке қабілетті;
•ел тағдырына алаңдаушылық сезіміне ие, оның әлеуметтік-экономикалық гүлденуіне ат салысу істері келетін алғыр адамдар қажет.
           Заманауи тәсілдің принциптік ерекшелігі, стандарттардың негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелеріне бейімделулері болып табылады. Нәтижелермен тек пәндік білімдер емес, ол білімдерді тәжірибелік қызметте де қолдана білуі түсіндіріледі.
    Тарих және қоғамдық-әлеуметтік пән сабақтарындағы студенттердің өзін-өзі жетілдіру жағдайларына, олардың қоғамға сәтті бейімделулері, тұлғааралық және мәдениетаралық серіктестікке әзірліктері жатады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Абдуллаев Э.Н. Жаңа стандарт талаптары шеңберіндегі тарихқа оқытудың қызметтік тәсілі  / Э.Н. Абдуллаев // Мектептегі тарих пәнінің оқытылуы. – 2012. – № 1.
2. Стрелова О.Ю. Тарих пәнінің заманауи сабағы / О.Ю. Стрелова // Мектептегі қоғамтану және тарих пәндерінің оқытылуы. – 2009. – № 1.