МЕКТЕП ХИМИЯ П?НІН О?ЫТУДЫ? ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ОӘЖ 37.05:374.8:372.897
МЕКТЕП ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚОЖАГЕЛДИЕВА Г.Т.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
2-курс студенті
ЕСПЕНБЕТОВА Ш.О.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Жалпы орта мектепте химиядан берілетін білім - қазіргі дүниенің ғылыми бейнесін түсінуге үлкен үлес қосады. Ол бүкіл әлемді құрайтын заттарды, олардың құрамы мен құрылысын, бір-біріне айналу жолдарын, адамзат қажетіне пайдалану мен күнделікті тұрмыста қолдану тәсілдерін көрсетіп береді. Мұндай түбегейлі мәселелерді жүйелі түрде оқыту білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Соның ішінде табиғатта кездесетін заттардың материалдық тұтастығы; химиялық байланыстар табиғатының бірлігі; заттар қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі және оларды бір-біріне айналдыру кезіндегі химиялық тәсілдердің бірлігі туралы идеяны терең түсінуге жетелейді.
Қазіргі заман талабына сай химиялық білім беру үшін оның бастапқы ұғымдары анықтамасын мейлінше түсінікті етіп ұғындыру қажет.
Химия пәні негізгі мектептің 8-сыныбына алғашқы химиялық ұғымдарды, терминдерді таныстырудан басталады. Олар өзара сабақтасқан логикалық және тарихи даму жүйесін сақтай отырып берілуі керек.
Алғашқы тақырыптар химияның негізгі обьекті-заттардың бір-біріне айналуын түсіндіруден басталады. Заттардың тазалығына тоқталып, олардың химиялық құбылыс кезіндегі ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Химиялық құбылыстың бәрі химиялық реакция ретінде қарастырылады. Осыған орай оқушылардың физика пәнінен білетін дене жайлы ұғымының зат ұғымынан айырмашылығын ашып көрсету керек. Оның үстіне бұл екі ағайындас пәнді жеке оқып-түсіну мүмкін емес. Әсіресе, химиктер физикада берілетін маңызды ұғымдар мен шамаларды, кейбір теорияларды химияны оқып-үйренгенде кеңінен пайдаланылады. Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында дайындаған бір сабақ жоспардың үлгісін ұсынамыз.
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың белгілері. Физикалық, химиялық құбылыстар.
Мақсаты: Табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгерістерге қалай ұшырайтынын еске түсіре отырып, осы құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу. Осы негізде дененің және заттардың өзгерісін сипаттай білу. Табиғатта жүретін физикалық және химиялық құбылыстардың өзара байланысы, олардың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру.
Реактивтер мен құралдар: Магний түйірі, қант түйірі, су, қант, мырыш, натрий гидроксиді, кәрлен табақша, спиртшам, ұстағыш, натрий карбонаты, тұз қышқылы.
Көрнекі көрсету: қантты және магнийді жағу, тұнба және газ түзілетін тәжірибелер көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім заттар, олардың қасиеттері, қоспаларды бөлу сияқты ұғымдарды қайталап, білімді одан әрі бекіту. Пысықтау сұрақтары:
Қоспаның қандай түрін білесіңдер?
Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.
Қандай қоспалар оңай бөлінеді, қоспаны бөлу үшін не қажет?
Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.
Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.
Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ертедегі қазақ халқы өмір сүру барысында табиғатта металдарды, химиялық қосылыстарды және химиялық құбылыстарды (реакция) игерді.
Ата-бабаларымыз қазіргі заманғы химия ғылымының терминдерін қолданбағаны болмаса, табиғаттағы «заттар», «құбылыстар» және ондағы жүретін «химиялық үрдістер» сияқты түсінігі болған, және ол нақты әрі дұрыс бағытта дамып, қазіргі ғылыми дәлелдемелермен астасып жатыр. Мәселен, қоршаған ортада даму, өзгеру, қозғалу, басқа заттарға айналу, үрдісі жүріп жатқандығын, оның өзіне тән заңдылықтары бар екенін адамдар ертеден ақ сезінгендігі анық. Мысалы, ағаш жанып күлге айналса, оның біраз бөлігі ұшып кетеді, осы кезде жарық пен жылу бөлінеді. Сүт ашық қышқыл айранға айналады. Қайнап тұрған суға түскен тағамдық зат түрін де, дәмін де өзгертеді. Шын мәнінде бұлардың бәрі химиялық құбылыстар екенін ата бабаларымыз ерте кезден-ақ сезген. Айналамаызда болып жатқан процестерді құбылыс деп атайды. Құбылыстар жалпы физикалық және химиялық болып бөлінеді. Заттың құрамы сақталып, тек агрегаттық күйі, пішіні өзгеретін құбылыстарды физикалық деп, ал заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттың түзілуін химиялық құбылыс деп атайды.
Қ Ұ Б Ы Л Ы С Т А Р
физикалық химиялық
Заттың пішіні, агрегаттық күйі өзгеріске ұшырайды, ал олардың құрамы өзгермейді. Бір зат екінші бір заттарға айналады, яғни химиялық реакция жүреді.
225742550165ҚҰБЫЛЫСТАР
00ҚҰБЫЛЫСТАР

4263390781050018675354762500
43795958255химиялық
00химиялық
18669010160физикалық
00физикалық

4973320990600013157209906000
348234057150Химиялық құбылыс кезінде молекуланың құрамы өзгереді.
00Химиялық құбылыс кезінде молекуланың құрамы өзгереді.
11049053340Физикалық құбылыс кезінде молекуланың құрамы өзгермейді, тек агрегаттық күйлері өзгереді.
00Физикалық құбылыс кезінде молекуланың құрамы өзгермейді, тек агрегаттық күйлері өзгереді.

Физикалық құбылыстар (Судың сұйық күйі, булануы, қатуы)

немесе
263525182880
Химиялық құбылыстар (жану құбылыстары, найзағайдың жарқылдауы)
3318510120650518160120650
а) б)
Құбылыстарға мысалдар келтіру.
Оқушылар физикалық және химиялық құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығына көз жеткізуі керек.
Физикалық құбылыстар Химиялық құбылыстар
1. Ағашты аралағанда үгіндінің түзілуі 1. Бор кесегіне қышқыл тамызғанда газ түзілуі
2. Аязды күні терезеге қырау тұруы 2. Автокөлік қозғалтқышында бензиннің жануы
3. Қардың еруі 3. Айранның ұюы
Физикалық және химиялық құбылыс, синтез ұғымдары енгізіледі. Оқушылар география, биология, физикадан алған білімдеріне сүйене отырып, құбылыстарға, олардың адам тіршілігі үшін маңызына мысалдар келтіру.
Химиялық құбылыстың белгілері:
Газдың бөлінуі, түстің өзгеруі, жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі.
Осы мақсатта тұнба түзілуге, газдың бөлінуіне, жылу мен жарықтың түзілуіне; түстің өзгеруіне тәжірибелер көрсетіледі.
ІV. Тәжірибелерді көрнекі көрсету.
Парафиннің балқуы, мырыш пен тұз қышқылының әрекеттесуі, фенолфталеин тамызылған сілті ерітіндісінің қышқылмен бейтараптануы, магнийді жағу, иістің пайда болуы, т.б. Тәжірибе барысында заттардың агрегаттық күйінің, түрінің, түсінің өзгеруі, иісі, т.б. жаңа заттарға тән белгілердің пайда болғанына көз жеткізу. Химиялық реакцияның басталуы мен жүру белгілеріне назар аудару. Реакция жүру үшін қажет жағдайларды анықтау.
Жүру жағдайларына байланысты 27051055880химиялық реакциялардың белгілері:
1. Жапырақтың шіруі
2. Магнийдің жануы
3. Крахмалға йодты тамызу
27051071755 Химиялық диктант.
Темірдің таттануы
Ағаштың шіруі
Сүттің ашуы сияқты құбылыстарды қалай болдырмауға болады? Жауаптарыңды дәптерге жазыңдар.
27051083820
Төмендегі реакцияларды жасаңдар, нәтижесін кестеге толтырыңдар:
1) стақанға шамалы су құйып, бір шымшым соданы ерітіңдер. Алынған ерітіндіге бірнеше тамшы сірке суын қосыңдар.
2) стақанға бір шай қасық сүт құйып, оған бірнеше тамшы сірке суын қосыңдар.
21336064770
Автомобиль қозғалтқышының жұмысы кезінде қандай физикалық және химиялық құбылыстар жүреді?
Сабақты бекіту: Венн диаграммасы
107061046355Физикалық құбылыс
00Физикалық құбылыс
21564604635500215646093980006800859398000317563593980Химиялық құбылыс
00Химиялық құбылыс

Әдебиеттер тізімі
1. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. // Алматы. Жазушы, 2004 Б. 28-52
2. По материалам Специализированного образовательного портала Инновации в образовании [Электронный ресурс]// http://sinncom.ru
Резюме
В данной статье автор рассматривает актуальные проблемы инновационных технологии в процессе обучения химии в средней школе. Предложен оптимальные современные методы обучения и внедрение их в образовательный процесс. Summary
In this article the author examines the topical issues of innovative technology in teaching chemistry in high school. Proposed optimal modern teaching methods and their implementation in the educational process.