Открытый урок на тему ?аза?станда?ы 1867-1868 ж реформалар


Жамбыл облысы Меркі ауданы
№ 48 орта мектебі
коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Кушембаева Алтынайдың
қысқа мерзімді жоспары
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 «А» Күні: 13.02Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1867-1868 жылғы реформа
Мақсаты: Қазақстандағы 1867-1868 жылғы реформаның мазмұны мен мәнін ұғыну.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар біледі:
1 Қазақстандағы 1867-1868 жылғы реформаның мазмұны мен мәнін
2 Реформаның авторларын
3 Реформаның отаршылдық сипатын
Оқушылар істей алады:
1 картадан әкімшілік бөліністі көрсете алады
2 реформаның отаршылдық сипатын анықтай алады
3 басқа да өзгерістерді нақты анықтап, көрсете біледі.
4 өткен реформамен салыстыра алады.
Табыс критерийі Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Тест тапсырмасы, «Жылдамдық сұрақтар», «Болжау» әдісі
Джигсо әдісі, Венн диаграммасы, «2 жұлдыз, бір тілек»
Қолданылатын ресурстар: Ресурстар, постер, маркер, таратпа материалдар, бейнежазба,
Дерек көзі: 8 сынып оқулығы Қазақстан тарихы. З.Е.Кабылдинов. Ж.Касымбаев
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу. Сергіту сәті оқушылар бір- біріне сәттілік тілейді.
Сурет арқылы 3 топқа бөлу Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Білу
слайд
1 Тест тапсырмасы
оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі.
2 «Жылдамдық сұрақтар»
І топ:
1. Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.)
2. 1850 жылы Орынбор шекаралық комииссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды? (орысша білім беретін мектептер)
3. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14-15 жастан).
4. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл,сүйек, мүйіз өңдеу).
ІІ топ:
1. 2. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынбордағы әскери училищелер немен айналысты? (Ресей билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлау ісімен)
2.1833 жылы А.С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор)
3. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын).
4. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)
ІІІ топ:
1.ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)
2. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде)
3. 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім қолдау көрсетті? (В.И. Даль).
4. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).
Түсіну
Слайд
«Болжау» әдісі
Слайдта жаңа тақырыпты анықтау үшін суреттер беріледі.
І Александр, М.М. Сперанский, П.К.Эссен. Оқушылардың мақсаты берілген суреттердің кім екендігі және қандай оқиғамен байланыстылығын анықтау.
Қолдану
слайд ЭО бейнежазба көрсету
Бейнежазба көргеннен соң әр топқа тапсырма бөліп беру.
1 топ Түркістан генерал- губернаторлығы
2 топ Орынбор генерал- губернаторлығы
3 топ Батыс Сібір генерал- губернаторлығы Барлық топ өз ойларын қағазға түсіріп, картадан көрсетеді.
Талдау
Слайд
Картамен жұмыс Джигсо әдісі
Әр топқа мәтін таратылып беріледі.
Мәтінге байланысты тапсырма беріледі
1 топ реформа бойынша құрылған әкімшілік бөлініс
2 топ Сот ісін басқару құрылымы
3 топ генерал- губернатор мен әскери губернатордың құзыры туралы
Қосымша сұрақтар:
1 топ Ал ақсақалдардың құзырына не берілді? Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі.
Түркістан генерал- губернаторының тағы қандай құқығы болды? Қытай және Иранмен тікелей келіссөздер жүргізу.
Әкімшілі , сот жүйесінде ғана өзгерістер болған жоқ қой, сонымен қатар салық, сайлау жүйесі, денсаулық, жер мәселесіне байланысты да қандай өзгерістер болды?
Әр топ мәтінді оқып шыққан соң, берілген тапсырмаларды орындап айтып береді.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды
Жеке оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Жинақтау
1 топ Венн диаграммасы
2 топ Реформаның жағымды жақтары
3 топ Реформаның жағымсыз жақтары
Дәптермен жұмыс
Жарғы, отар, реформа сөздерінің мәнін ашу.
Бүгінгі сабақты қорытындылай келе Реформаның отаршылдық сипатын атап өтсек:
1 Қазақстанның кең- байтақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды.
2 қазақтар жоғары әкімшілік қызметтерге тағайындала алмады.
3 Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды және өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді
4 салық мөлшері өсті
5 әскери және әкімшілік билік генерал- губернатордың қолына шоғырланды. Әр топ тапсырманы постерге жазып қорғайды.
Оқушылар сабақты қорытындылайды.
Бағалау Өзін-өзі бағалау Әр оқушы өзін-өзі бағалайды
Рефлексия «2 жұлдыз, бір тілек» «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы