Коучинг-саба?: Орта мерзімді,?ыс?а мерзімді, ?за? мерзімді жоспарлау


Модуль Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау қажеттігін негіздеу
Коучинг тақырыбы Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы байланыс.Оқу мақсаттарын анықтау
Сілтеме 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық нұсқаулық. 117-118 беттер
2.Үлестірмелі нұсқаулық,
3.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару-Алматы-2014
Мақсаты: Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Педагогиканың қуатты құралдарын байланыстыру. Сабақ мақсаттары мен оның нәтижелерін анықтау
Оқыту нәтижесі: Педагогиканың қуатты құралдарының арасындағы байланысты түсіндіре алады. . Сабақ мақсаттарын дұрыс анықтайды, оның нәтижелерін көруге мүмкіндік алады.
Негізгі идеялар Өз мақсатының оқу нәтижесін анықтауға қалай көмектесетіні туралы ойлану
Топқа бөліну Конфеттер бойынша топқа бөліну
Ресурстары Интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер, тапсырмалар. Ноутбуктер,А4 беттер
Тапсырмалардың түрлері Тапсырманы орындау барысында қолданылған тәсілдер Уақыт Форм.бағалау
тапсырма бағалауға Ынтымақтастық атмосферасы Кел, танысайық! Тренинг қайдан келгенін айтып,биылғы жылғы бір жетістігін айту, жылы лебіз білдіру 2мин 1тапсырма Бірлескен талдау Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Кез –келген бір сабақтың мақсатын ,барысын жоспарлаңыз . 5мин 1мин Шапалақ
2тапсырма Талдаусұрақтары Сіздің мақсатыңыз оқыту нәтижесін анықтай ма?
Ол сізге мұғалім ретінде оқушылардың бір нәрсені меңгергендігін анықтауға көмектесе ме?
Сіз сабақтың нәтижесін көріп, тыңдап шыға аласыз ба? 10 мин 3мин 3 тапсырмаМағынаны ашу «Болжау ағашы» әдісі арқылы сұрақ қою --- Оқу нәтижелері неге бағытталуы керек ,неліктен олай ойлайсыз?
Топтық жұмыс Кестеде берілген сөздерді пайдаланып сабақ мақсаттарын нақты анықтап көріңіздер. Кесте таратып беру
Постер қорғау 10 мин. 5мин Әр топтың бірін-бірі стикер арқылы бағалауы
Сергіту сәті Жақсы көңіл күй жаттығулары Рефлексия Коучинг туралы менің ойым....... «Автор» орындығы 5мин
Бағалау Қуаныш» аралы «Жаңалық» аралы «Жалығу» аралы «Реніш» аралы «Мұнаю» аралы «Күтпеген жағдай аралы» өз көңіл күйін білдіру 2 мин Екі жұлдыз,бір тілек
Сауалнама алу
Коуч: : Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
.
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қарауылкелді орта мектебі
«Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы байланыс. Оқу мақсаттарын анықтау» тақырыбындағы коучинг-сессия
Коуч: Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Аудандық тамыз мәслихаты - 2015 жыл
Қарауылкелді ауылы
«Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы байланыс. Оқу мақсаттарын анықтау» тақырыбындағы коучинг-сессия туралы рефлексивтік есебім
Мен 2015-2016оқу жылының аудандық тамыз кеңесінің секция отырысында әріптестеріме коучинг өткіздім. Коучингтегі мақсатым: әріптестерімді оқу мақсаттарын нақты анықтауға үйрету,педагогиканың қуатты құралдарын байланыстыруды ықпалдастыру болды. Коучинг сабағыма 10 мұғалім қатысты. 3 тәжірибелі маман, қалғандары жас мамандар болды. Әріптестерімнің арасында «Кел,танысайық!» тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Әркім өзінің жетістігі мен жылы лебізін білдіру арқылы тамаша орта қалыптасты. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сыйлық ретінде конфеттер тараттым. Бұл сәт өте керемет болды, әріптестерім мәз болып қалды. Содан кейін конфет түстері бойынша топқа бөліп, бірлескен талдау жұмысын жасады. Әріптестерімнің барлығының да қысқа мерзімді жоспар, 7 модуль туралы түсініктері бар екендігін байқадым. Бірлесе отырып бір сабақты жоспарлауда дәстүрлі стильмен жоспарлағандықтары көрінді. Алдарында оқу бағдарламалары бар болса да оны пайдаланған ешкім болмады. Талдау сұрақтарын қойған кезде барлығы да өз мақсаттарының оқытудың нәтижесін анықтайтынына сенімді болды. Себебі: Нүркен атты әріптесім – «жоспарлап отырған мен, сондықтан мен не істеу керектігін білемін,менің сабағым өз нәтижесін береді» -десе, Алмагүл қызымыз: сабақтың мақсатына жетсек болды, жоспарланған нәрселер орындалса , жаңа сабақты пысықтау барысында оқушының қалай меңгергені көрініп, бағаланады –деген жауап ұсынды. Бұл кезде мен әріптестерімнің тек өз мүдделерін ойлайтындықтарын байқадым, олар оқушыға не керектігін, оны не қызықтыратынын ескермеді. Сабақты бұрынғыша өздері басқаруға ұмтылды.
Мағынаны ашу кезінде мен әріптестеріме МАН материалдары мен үлестірмелі нұсқаулықтан кестені таратып материал бойынша жұмыс жасадым «Болжау ағашы» бойынша сабақ мақсаттарын қайта анықтауға ұсындым. Бұл сәтте олар кестедегі сөздерді пайдаланды, бірақ әлі де болса бағдарламаны пайдалану керектігін білмеді. Әріптестер өздері құрған постерлерін қорғады, бір –біріне тілек айтты, ұсыныс берді. – Оқу нәтижелері неге бағытталуы керек деген сұраққа жауап тапты. Мысалы: Гүлсезім: мен оқушының нені меңгеруі керектігі мақсатта көрсетілуі қажеттігін түсіндім, десе Нұрия көмекші сөздер мақсатты анықтауда көп көмектескенін айтты. Осы кезде мен - Қалай ойлайсыздар, сонда оқу бағдарламасы не үшін қажет? деп сұрақ қойдым .Әріптестерім бірден сағат санын анықтау үшін, күнтізбелік жоспар құру үшін – деп жауап қайтарды. Мен оқу бағдарламасын тағы бір қарап шығуды ұсындым, сонда да олар мен күткен жауапты бермеді,сосын мен өзім бағдарламадағы оқушы меңгеруге қойылатын талаптар не үшін керек дегенімде ойлана бастады. Жас маман Нұрия – мен енді түсіндім, сабақ мақсаттары бағдарламадан алынуы керек деп ой түйді. Осыдан кейін ғана әріптестерім : Иә, дүрыс,шынымен де біз оны ескермеймі екенбіз-деп өз қателіктерін мойындады. Мен осы кезде өз сабағымның нәтижесін көріп, енді бағдарламаны пайдаланатын болады ой түйдім. Әріптестерімнің пікірін білу үшін «Автор» орындығын ұсындым. Тәжірибелі маман Жұмагүлдің өзі оқушы көзімен сабақты жоспарлауды үйрену керектігін айтты. Мен әріптестеріме кішкене болса да ой тастағаныма қуандым.
Кері байланыс барысында оларға коучинг ұнағанын, оқу мақсаттарын анықтауда бағыт алғандықтарын байқадым. Коучингтегі ұтымды тұстарым: Болжау ағашын ұсынуым және бағдарлама туралы қойылған сұрақ болды. Себебі: ой тастады, қызу пікірталас болды.
Сәтсіз тұстарым: әріптестерімнің өздерінің ұстанымдарынан айнымаулары жұмысқа кедергі келтірді. Талдау сұрақтарым ашылмады,барлығы жалпылама жауап берді. Жеке пікір айтуға мүмкіндік бермедім, осыны ескеруім керек деп есептеймін.
Келесі сабақтарды ай сайын жоспар бойынша өткізуім керек, себебі әріптестерімнен ұсыныс түсті. Келесіде мен қатысушылар сөйлейтіндей етіп тапсырмалар дайындауым керектігін түсіндім, яғни түрткілерім дұрыс болуы керек.

-97155-3295650
Слайд арқылы тапсырмаларды таныстыру
-68453050292000
Топ жұмысын сырттан бақылау көп нәрсені аңғаруға көмектеседі
-1828802089150
-408940131826000Оқу мақсаттарын анықтауда үлестірме материалдармен жұмыс кезі