Урок балабакша Т?релкедегі ?ияр мен ?ызана?


Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: ЖапсыруТақырыбы: «Тәрелкедегі қиярлар мен қызанақтар».
Мақсаты: Көкөністер туралы білімдерін арттыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көкөністер туралы, олардың пайдасы туралы әңгімелеп беру.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,
Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ, тәрелке.
Билннгвальды компонент: қияр - огурец, cucumber[ˈkju:kʌmbə], қызанақ – помидор, tomato[təˈmɑ:təu]
Оқу іс –
Әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Балабақшам базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Балалар сендер жапсыру сабағын ұнатасыңдар ма?
Жапсыру сабағы бүгін не үйретер екен, назар аударайық! Балалар шаттық шеңберін шаттана орындайдыияҰйымдастырушылық - ізденушілік - Балалар мына суреттерге назар аударайықшы!
4445317500№ 1 суретНе көріп тұрсыңдар?
Олар жеміс пе көкөніс пе?
Көкөністер қай уақытта піседі?
Қандай көкөністерді білесіңдер?
Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.
Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады?
Ал қызанақ неге ұқсайды?
Түсі қандай?
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен.
Балалар, сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат дайындайтынын көреміз.
Билннгвальды компонент: қияр - огурец, cucumber[ˈkju:kʌmbə]
қызанақ – помидор, tomato[təˈmɑ:təu]
Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз.Балалар, тәрелкенің пішіні қандай?

Дөңгелек екен, солай ма, балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты, қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды, қиярларды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты -жапсырамыз. Салатымыз дәмді болды.
- Балалар шаршадыңдар, сергіп алайық!
Сергіту сәті.
КӨКӨНІСТЕР:Жиналып қаппыз бәріміз,Қайсымыз ең дәмдіміз?Ішішмізден адамғаТиеді көп пайдамыз?
ҚИЯР:Дәмім тілді үйіргенМен түздалған күйімде!Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне!
ҚЫЗАНАҚ:Піскен кезде қызанақ,Көз тартар қызыл түсімен.Бар ма адам сүйсінбейТомат шырынын ішпеген?
- Балалар сергіту сәті не туралы болды?
- Жарайсыңдар!
Назар аударадыҚияр мен қызанақКөкөніс
КүзСөздік жұмысын орындайдыЖасыл, сопақДомалақ, допқа
Қызыл
Ия
Үш тілде атап шығады, жаттайды.
Тәрелкеге қызанақ пен қиярды жапсырадыСергіту сәтін орындайды
Рефлексиялық– түзетушілік Ойын: «Көкөністер жинау»
Балалар жемістер мен көкеністердің арасынан тек көкөністі тауып тақтадағы бос себетке салуы керек.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ал енді жасаған жұмысымызды көрмеге орналастырайық.
- Балалар оқу қызметі сіздерге ұнады ма?
- Несімен ұнады? Балалар тек көкеністерді себетке орналастырады
Жұмыстарын көрмеге өткізеді