«Т?релкедегі ?ияр мен ?ызана?тар» ашы? саба?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара МаратқызыБілім беру саласы: «Шығармашылық»Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: ЖапсыруТақырыбы: «Тәрелкедегі қияр мен қызанақтар»Мақсаты: Балаларға күз туралы түсініктерін арттыру. Жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жемістер туралы түсініктер беру.Көрнекілігі: көкөністер суреті, муляждар, үлестірмелі көрнекіліктер.Әдістері: Көрсету, үйрету.Күні: 26. 11. 2015 жыл
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың
іс - әрекеті
Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі
Ұйымдастырушы ізденуші
Сәлеметсіздер ме балалар ! Көңіл күйлерін қалай? шаттық шеңбері.Арайланып таң атты,Алтын сәуле таратты.Жарқырайды күнімізЖадырайды даламыз.Қайырлы таң балалар.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.Аспай піскен,Қайнамай түскен. ( жемістер)Бүгінгі ауа-райы қалай? Қазір жылдың қай мезгілі? Бір жылда неше мезгіл бар? Әр жылдың өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, қыс мезгілінде күн суытып, қар жауады, көктемде қар еріп, күн шуағын төгіп, жер көгеріп гүлденеді.
Жаз мезгілі болса жемістер пісіп, күн ыстық аптап соғады. Күз мезгілінде қоймамыз астыққа толып, жемістер мен көкөністер пісіп, қамбамыз толып мәз майрам боламыз. Балалар сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?Әр бала өздеріне ұнайтын жыл мезгілдерін айтады. Көкөністерге қызанақ, қияр, орамжапырақ, картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, баялды бұларды біз көкөністер деп атаймыз. Балалар бүгін біз тарелкедегі қияр мен қызанақтарды жапсырамыз. Суретпен жұмыс: суреттегі қияр мен қызанақтардың түсін, пішінін, көлемін түсіндіру. Жапсыру үшін бізге түрлі-түсті қағаз, желім қажет. Жұмыс жасағанда ұқыпты таза жұмыс жасауларын қадағалау. Сергіту сәті:Мен қиярмын, қиярмын,Жаттығуға даярмын.Қолдармды көтеріп,Қиярдай болып өсермін.Балалар енді казір күз туралы бір шумақ тақпақ жаттаймыз.Күзім-ау,күзім ауМінезің бұзық-ауЖаңбырың сіркіреп Келгенің қызық-ау.Ойын: «Көкөністер жинау» Жарайсыңдар балалар, казір балабақша ауласына шығып көкөністер жинаймыз . Саламатсызба апай. Жақсы. Күз мезгілі. 4 мезгіл бар.

Күн салқын, жапырақтар сарғайып жерге ұшып түсіп жатыр.Күз мезгілі.Төрт мезгіл бар.
Балалар өз жауаптарын айтады.
Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасады.
Тақпақты қайталады
Рефлекстік - түзету Қорытындылау: Балалар бүгін немен таныстық?Көкөністер қайда өседі? Көкөністерді қалай күтіп баптайды? Оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау. Суретке қарап сұрақтарға жауап беруғе тырысады
Күтілетін нәтиже: Білу керек: Қияр мен қызанақтың түсін, пішінін ажырата біледі. Нені меңгерді: Көкөністерді жемістерден ажырата білу дағдыларын, бақша дақылдары туралы білімдерін меңгерді.