Саба? жоспары №3 зертханалы? ж?мыс


Сынып: 7 «В», 7 «Г»
Сабақ уақыты: 18.10.2016ж., 19.10.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.
Сабақтың мақсаты: таразы көмегімен дененің массасын анықтауды үйрену.
Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс.
Көрнекіліктер: плакат, формулалар
І Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу
Түгелдеу
Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасынан жалпы сыныпқа сұрақ:
Денелердің өзара әрекеттесуіне мысал келтіріп түсіндіріңдер.
Масса деген не?
Массаның өлшем бірлігі?
Массаның формуласы?
Тығыздық деген не?
Тығыздықтың өлшем бірлігі?
Тығыздық формуласы?
ІІІ Сабақтың барысы:
1-тапсырма. Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу.
Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер, параллепипед тәрізді білеуше және массасы әртүрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы: дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі-таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу езнде оның бір табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісіне таразыны теңгеретін гірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:
Таразыны өлшеуге дайыңдардар. Таразынының дұрыс теңгерілгеніне көз жеткізіңдер;
Таразының тепе-теңдігін бұзып алмау үшін өлшенетін денені және гірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек;
Денені гірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы гірлердің жалпы массасын есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
Тәжірибе реті Өлшенетін дене Дененің массасы, г Дененің массасы, кг
1.
2.
3. 2-тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы:
Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, сонан соң оның көлемін (V=a*b*c) есептеңдер;
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
Тәжірибе реті Тығыздығы анықталатын дене Дененің массасы, г Дененің көлемі,см3 Тығыздығы ρ=mVг/см3 кг/м3
1.
2.
3. ІV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
Заттың құрылысы тарауын қайталау.