?.Мырзалиев «Ана»


18 .04.2014ж жұма 2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырзалиев «Ана»
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Қ.Мырзалиевтің «Ана» өлеңі туралы мәлімет беру, ананың рөлі туралы білімдерін толықтырады. Ана сөзінің мағынасын, оны қалай құрметтеу керектігі жөнінде білімдерін жүйелейді. Өлеңді оқи отырып, өзінің шығармашылық қабілетін ұштайды.
Оқу нәтижелері: Оқушы өз ойын ашық және еркін айтуды үйренеді /барлығы/. Ананы құрметтеуді, осы қасиеттерді өмірде қолдана алуға бейімдейді. Теориялық білімдерін ұштайды.
Түйінді идеялар: Оқушы өздігінен талдай алады. Бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастырады. Поэзияны сүюге талпынады.
Сабақ кезеңдері:
Кіріспе
Уақыты:
7 минут
Тұсаукесер
Уақыты:
7 минут
Негізгі бөлім
Уақыты:
15 минут
Қорытынды:
5 минут
Үйге тапсырма:
1 минут
Дереккөздер:
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Психологиялық дайындық
Тренинг: «Ақ тілектер» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерді қағазға жазып лақтырады. Ортаға шығып, қағаздарын жоғары лақтырады. Жерге түскен қағаздарын теріп алып, ішіндегісін ашып дауыстап оқиды.
4топқа бөліну. «Сиқырлы сандар» 1,2,3,4 /түстермен жасыру/
Өткенді қайталау
Үй тапсырмасын тексеру. Тақтада ілулі тұрған критерий шкаласы бойынша бағаланады тілін, ойын анықтай отырып, бағалау /смайликтер мен мадақтау/. Слайд көрсету

Жаңа сабақ.
І. «Қызығушылықтарын ояту» мақсатында Т.Серіковтың «Анашым» әні тыңдалады . Оқушылар көздерін жұмып, еркін отырып, әнді тыңдайды. Әннен соң әр оқушы әннің мағынасына қарай өз ойларын ортаға салады. /балалар пікірін тыңдау/
- Оқушылар, бүгінгі біздің тақырыбымыз Қ.Мырзалиевтің «Ана» өлеңі (оқушылар дәптерлеріне жазады)
II. Тыныштық сәті.
- Қ. Мырзалиевтің «Ана» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
III. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі:
I топ «Ана - қымбат жан» парағын толтыру.
Ол ардақты. Ол ақылшы. Ол дана. Ол тірегіміз.
II топ. «Бақытты жанұядағы – Ана бейнесі» (сурет салу)
III топ. Ана туралы мақал – мәтелдер жазу.
IV топ. «Ана» туралы ән шырқау.
ФБ жүргіземін.
Оқушыларды смайликпен және қол соғып, шапалақпен бағалап отырамын.
Рефлексия немесе кері байланыс: Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар:
- Қ. Мырзалиев кім?
- «Ана» өлеңінің мазмұны қандай?
- «Ана» образы өлеңде қалай суреттелген?
- «Мен анама тілеймін!» әр оқушы өз анасына арнап тілек айтады.
«Ана» өлеңін мәнерлі жаттау.
Қазақ әдебиеті: 5 сынып Алматы «Атамұра» баспасы 2010 ж. Авторлары Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. Мектептегі мерекелер № 3 2011 ж., Қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 10 2013 ж. Әдістеме құралдары.