Ашы? саба? К?рі ?ыран (7 класс)


Арай Жартыбаева
Маржанбұлақ орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырза Әли «Кәрі қыран»
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру және өлеңдерімен таныстыру, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру.ә) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт-бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.б) тәрбиелік: өлең мазмұны арқылы оқушыларды табиғатты сүйе білуге баулу,білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтижелер: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұматтар алады, өлең құрылысына талдау жасайды, көркемдік мазмұнын, идеясын ашады.
Берілген материалды жұптаса, топтаса өзбеттерімен меңгереді.Бірін-бірі тыңдауға, бағалауға үйренеді.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Тапсырмалар:Сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру, еркін жазу, БҮҮ кестесі, оқулықпен , топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырза Әли туралы бейнежазба, ақын портреті,шығармалар жинағы, слайдтар, оқулық
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ -жауап,АКТ қолдану,Венн диаграммасы,5 жолды өлең
Пәнаралық байланыс: Биология,География, музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.
2. Бір –бірін қыран құсқа теңеп жақсы тілектер айту.
3. Топтар: сұңқар, қаршыға, бүркіт
4. Бағалау парақтары (Бағалау өлшемдерімен)таратылады
Үй тапсырмасын тексеру
- Қалихан Ысқақтың туған жері?
- Шығармалары?
- «Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлері?
- «Маймұрынды » қандай кейіпкеллердің қатарына жатқызар едің? Неліктен?
- «Жарықжұлдызды» қандай кейіпкер деп ойлайсың?
- Алтынға деген Қасымның балалық ғашық сезімі қалай көрінеді?
-Алматай мұғалімнің «...ешкім сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деп нені берді?
І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау
Бейне жазба. «Қазақтың қадыры». Оқушылар бейне жазбадан Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығынан үзінді көріп, өздерінің ақын өмірбаянынан бұрын білгендерімен қазіргі көргендерін салыстыра ой қозғайды. Әр топ өзінің постерін жасайды. (Постер құру кезінде тақтада ақын өмірінен сыр шертетін слайдтар жүріп жатады)
«Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Символ» түсінік беру
ІІ.Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс.
«Миға шабуыл»
-Балалар, біз бүгін балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақтың құрдасы , барлық бала сүйіп оқитын ,жаңа ғана өздерің тамсана,сүйсіне әңгімелеп кеткен қазақтың ақыны, қадірлі ұлы – Қадыр Мырза Әли аталарыңның «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.
Қадыр Ғинаятұлы –ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты аулында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған.қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен» әнімен әр қазақтың жүрегінде еркіндік пен өрліктің символы болып қалған қыран-ақын Қадыр Ғинаятұлы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-інде көз жұмды.
Қадыр Мырза Әлидің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
2.1. Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқып, тақырыбын, идеясын ашу (Әр топ бөлімдер бойынша)
2.2. «Ақылыңа ақыл қос»
І топ. Өлеңдегі «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» жолдарына түсінік беру. Баллада жанрына жатқызуға бола ма? Болса неліктен?
ІІ топ. Мемлекеттік рәмізіміз-туда қыран не себепті бейнеленген?
ІІІ топ. Өлең композициялық құрамына талдау
2.3. «Қырағы-көшбасшы» Зерттеу.
-Қыран қандай құс? Қыранның бейнесін ашу. Қыранға тән қасиеттер.(Әр топтың көшбасшысы өздеріндегі қыран құстың суретімен байланыстырады)
І топ.Қыран құстар туралы түсінік бере кету.
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгелҚаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғиИтелгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентайЛашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай
ІІ топ.Қыран қандай құс? Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді?
- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.
- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.
ІІІ топ.Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санған?
- Жеті қазынаның бірі,Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді,адамға жаманшылығы жоқ.
2.4. Топтастыру әдісі
І топ.Венн диаграммасы. Қазақ халқы мен Қыранқұсты салыстыру.
- Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.
ІІ.топ. «Қыран»
ІІІ. Топ. «Қазақтың Қадыры»
2.5. Слайд.
Еркіндік, тәуелсіздік, бейбіт өмірдің символы-қыран құс.
ІІІ Ой түйін.
3.1. Бес жолды өлең.
Үйге тапсырма:
1 Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығын зерттеу
2.Кәрі қыран өлеңін мәнерлеп оқу
3. «Мен- тәуелсіз елдің қыранымын» деген тақырыпта эссе жазып келу.
Бағалау
Рефлексия. Бүгін сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Егер сабақ ұнаса қызыл стикерге жазып іліңдер. Егер сәл түсінбесеңдер сары стикерге жазып іліңдер.