?.Мырза ?ли К?рі ?ыран ашы? саба?


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Адамбаева Бакытгуль Тарибаевна Сынып: 7 «а»
Оқушы саны: 26 Өткізілген күні: 12.04.2016
Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран»
Ғаламтор сілтемелері Қ. Мырзаллиевтың өмірбаяны: HYPERLINK "https://www.youtube.com/watch?v=ZTFua9qxzp8"https://www.youtube.com/watch?v=ZTFua9qxzp8
Қ.Мырзалиевтің тілегі: https://www.youtube.com/watch?v=P0mMeAuhB2s&nohtml5=False#t=1528.291087 Қ.Мырзалиевтың жанды даусымен «Маған түк те керек емес – сенсеңіз»
өлеңін оқуы:
https://www.youtube.com/watch?v=ygj4-zmP2RwЖалпы мақсаты мен міндеттері 1.Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына тоқталадып,
“Кәрі қыран”өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңді талдау, соның нәтижесінде өз бетімен жұмыс істету,
Саралату арқылы оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту.
Міндеттері:
Өмір сүрудің мәнін түсініп,өзінше бір қорытынды жасау.
Жаңа тақырыпты түсінулерін анықтау;
Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
Ақын мұрасын біле жүру, қадірлеу, болашақ ұрпаққа жеткізу.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі СТО (ой шақыру, жеке оқушымен жұмыс, жұптаса жұмыс жасау,5жолды өлең, кластер, тест-конкурс)
Мұғалім
үшін оқу нәтижелері 1.Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді басшылыққа алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады.
2.Қарт адамдарды сыйлау, құрметтеудің маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді. .
3.Әр оқушы өзінің ойымен бөлісіп, пікірінің қажеттілігін сезінеді.
Тапсырмалар Жұппен, жекелей жұмыс істеуге дағдыландыру.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Шаттық шеңберінде бір-біріне тілектер айтқызу
Үй жұмысы:
Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы:
Қалихан Ысқақ “Қоңыр күз еді”
Тест
1.Әңгіме неше бөлімнен тұрады?
А) 3 В)5 С) 7 Д) 9
2.Әңгіменің негізгі кейіпкері болып табылмайды?
А) Алматай В) Қасым С) Сары әйел Д) Маймұрын
3. “Неге екенін өзім де білмеймін алғашқы күннен-ақ ..... маған қатты ұнап қалды” Ол кім?
А) Алтын В) Жарықжұлдыз С) Маймұрын Д) Алматай
4.Қасым оқыған құпия кітаптың аты?
А)Шұғаның биігі В) Шұғаның белгісі
С)Шұғаның бейнесі Д) Шұғаның бейіті
5. “Қазақтың чеховы” деп Алматай кімді меңзеді?
А) Б.Майлинді В) Мектеп директорын
С) Жарықжұлдызды Д) Қасымды
6. Қасымға Алматай берген кітаптың сыртында не деген жазу болды?
А) Әдебиет В) қазақ тілі С) тарих Д) дүниетану
7. Жарықжұлдыздың шын аты кім?
А) Қомшабай В) Қадыр С) Қаламтай Д) Алматай
Жауабы:
1-С
2-С
3-Д
4-В
5-А
6-В
7-А
Бағалау:
0 қате – «5»
1-2 қате – «4»
3-4қате – «3»
4-тен көп қате –«2»
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

I.Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл»
Қыран дегенде ойларыңызға не келеді?
көбеюі


түрлері
қорегі
Қыран


Қасиеті

Жас ерекшелігіне қарай түрлерін атап өту.
Қыран туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетіл-у )
II.Мағынаны тану
Қадыр Мырза Әлі туралы не білесіңдер?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
(Ғаламтор сілтемесі арқылы)
3. Қадыр Мырзалиевтың «Кәрі қыран» өлеңімен танысамыз.
(мәнерлеп оқылады)
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен. Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай 
«Бүркіт атаулары» 
1 жаста-балапан
2 жаста-қантүбіт
3 жаста-тірнек4 жаста-тастүлек
5 жаста-мұзбалақ
6 жаста-көктүбіт
7 жаста-құмтүлек
8 жаста-жаңа(қутүлек )
9 жаста-майтүбіт10 жаста-барқын /кәрітүлек/
11 жаста-баршын/ақтүлек/
12 жаста-шөгел/ақырғы түлек/.
4. Түсініксіз тіркестер мен сөздер слайд арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.
Қырағы көз- өткір, көреген көз
Зәбірі-қорлығы
Бұлтартпаған-жібермеген, қашырмаған
Алмас шеңгел-өткір тырнақ
Пұшпақ- 1. Малдың, аңның сирақ терiсi. ~ iшiк. 2. ауыс. Белгiлi бiр кеңiстiктiң, мекеннiң, көшенiң бiр шетi, бөлiгi.
Тірлікті тәрк ету- өмірді қию
Шау- кәрі, егде
3.Жұппен жұмыс.
1-қатар Бүркіттің жас кезі
2-қатар Бүркіттің кәрі кезі
3-қатар Қыранға мінездеме
4.Сергіту
Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу


III.Ой толғау
Қыранша өмір сүрген қандай бақыт!
Қандай бақыт қыранша өле білген! деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер? Мысалдар келтіру
ІІ.Тапсырмалар орындау
Өлеңге поэтикалық талдау жасау Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы. 
Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б. Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп. Қырағы көз бүгінде қарауытып, Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт
Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б. Психологиялық параллелизм – көк аспанын мұң қаптаған кезде.. Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр. Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір. Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты, т.б. 
Сыныпқа тапсырма: РАФТ әдісі бойынша өз ойларын айтқызу
Р-Қадыр Мырза Әли
А-сынып
Ф-тілек
Т- «Болашақ ұрпақ»
Тақтада жұмыс: өлеңнің 1 шумағын құрылысына талдау


Қорытынды: Қадір Мырза Әлидің өз тілегін тыңдау
Сонымен балалар,біз бүгінгі сабақта Қадыр Мырза Әлінің
«Кәрі қыран» өлеңімен танысып,сол өлең арқылы өмір сүрудің мәнін түсіндік. Қыран сияқты биіктерді бағындырмасақ та ,адами құндылығымызды жоймай,адал жолмен өмір сүру бәріміздің парызымыз екенін ұқтық.
Бағалау (түрлері)
-оқушының бірін-бірі бағалауы
- -мұғалімнің бағалауы
- формативті бағалау Тест барысында
Сабақ соңында белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру... Үйге тапсырма беру:
Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәлімет жинақтап келу
Өлеңнің қалаған 3 шумағын жаттау
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? Оқушы алған білімінің деңгейін оның топтық жұмысқа қалай қатысқаны арқылы, дербес сұрақтарға өз еркімен жауап бергені арқылы ,ынта қойып,
сабақ үстінде белсенділік танытқаны арқылы біле аламын.
РЕФЛЕКСИЯ «Оң қол-сол қол»