О?ушау с?здер іс т?жірибеге


Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер
Білімділік: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу, өз бетінше талдау дағдысын дамыту, пәнге қызығушылығын,шығармашылық ізденісін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: талдау, іздендіру, топтық деңгейлік тапсырмалар, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақтары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деген не?
Сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
Бірыңғай мүшелерге тән тыныс белгілері қандай?
Сынып оқушылары 3-топқа бөлінеді ( қаратпа сөз,қыстырма сөз, одағай сөз)
Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
Оқшау сөздер дегеніміз не?
Қандай түрлері бар?
Сөйлем мүшесі бола ала ма?

Оқшау сөздер



Одағай сөздер-айтушының көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады.
Қаратпа сөздер-тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылады

Қыстырма сөздер-сөйлеушінің айтылған пікіріне әр түрлі көзқарасын білдіреді

Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!
Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.

Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой.

Сөйлем мүшелеріне талдау ( 3-топқа 1 сөйлемнен беріледі )
Асанның айтуынша,ол өзін өте әдепті ұстапты.
Қап,оны кеше сұрау керек еді.
Әже,Жұмабектің үйіне мен барайын ба?
Оқшау сөздердің белгілері



Сөйлем ішінде жеке тұрады,тыныс белгісі арқылы ажыратылады
Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды

Өзге сөздермен
байланысқа түспейді


1 Топтық тапсырмалар
І топ. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат.
-Уа Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.
ІІ топ. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
1............., ақсақал.
2.............., қап!
3.........., сірә,..........
ІІІ топ Оқшау сөздерді қатыстырып, “Егін даласында”деген тақырыпта әңгіме құрау.
2 “Кім тапқыр?”Берілген мәтіннен оқшау сөздерді табу, қай шығармадан алынғанын,кімнің сөзі екенін табу.
1.Ана керек,о адамдар,ана керек адамға.
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
2.-Апыр-ай,қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
3.Пай!Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүбірлеп өткен жер!
4. Махамбеттің қай өлеңі қаратпа сөзден басталады?
5. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде оқшау сөз бар?
3 Талдау-табыс кілті
Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру.
Түс ауа үйге Рахат келді.
Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.
Достар келер ұрпаққа жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.
2.Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою
.........., темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін.
.......,Шеген хатты сирек жазады.
Бүгін, ......қоймаға он жеті арба тары кетті.
5 Оқшау сөздерге қажет тыныс белгісін қойыңыздар
1-топ Аман-есен жүріп жатыр әйтеуір
Іше ғой айналайын тағы ішші.
Ойбай -ау ұстай тұрсаң қайтеді.
2-топ Бұл шынында да Нартай біле бермейтін жаңалық еді. (Қ.Жұмаділов)
Талаптарың жақсы екен балалар
Шуламаңдаршы түу үндемеңдерші.

3-топ Үйге кешігіп келдім абырой болғанда әкем әлі келмепті.
Ақсақал бізге батаңызды беріңіз .
Ол қандай үн болғаны апыр-ау (Ғ.Мүсірепов)
Төмендегі бағандарды жұптастыру
Бірыңғай мүше Жақып пен Ербол жолға шықты.
Жалпылауыш сөз Өзгеге,көңілім,тоярсың.
Айқындауыш сөз Әсия,шешем,мен-үшеуміз келдік.
Қаратпа сөз Бәсе,өзім де солай ойлап ем.
Қыстырма сөз Уай,шіркін,ән деп осыны айт!
Одағай сөз Төле бидің ақылшы келіні – Данагүл.
7 Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.
–Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.
-Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!
–Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.

Ойлан ,тап!
Жұлдызшадағы әрі одағай,әрі шылау,әрі етістік,әрі зат есім болатын сөзді тап.
Ей
Ау
Уа
Ай
Еу


ІҮ. Бекіту.
Семантикалық кестемен жұмыс
Оқшау сөздер Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз
Байғұс-ау, саған не болған? + Қош бол, Қараой + Аға, бұл кімнің аты? + Әйтеуір,сол-ақ тыныш жүруді білмейді. +
Қазақтың даласы,шіркін,кең байтақ қой! + Осы сөзге түсінбей ақ қойды,сірә. +

Ү Қорытынды:
1.Оқшау сөздер дегеніміз не?
2.Оқшау сөздердің түрлері.
3.Оқшау сөздердің белгілері қандай?
ҮІ.Үйге тапсырма
Оқшау сөздің үш түріне көркем әдебиеттерден оқшау сөздерге сөйлемдер тауып жазу.