Ана тілі Сауыс?ан мен к?кекП?ні : Математика Саба?ты? та?ырыбы:Те?деу ж?не оны шешу.Жанама т?рде т?жырымдал?ан есептерді те?деу ??ру ар?ылы шы?ару.


USTAZBOL.kz» порталында материалдары жарияланғандығы туралы сертификат алу үшін толтырылатын мұғалім туралы мәлімет
Мұғалім туралы мәлімет:
Мұғалімнің толық аты-жөні Майхиева Наташа Нұрсапақызы
Мекен-жайы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев мектебі
Сымтетігі
(елді-мекенінің кодын көрсету керек ) maikhiieva@mail.ru
Мұғалімнің сайтқа орналастырылған жұмысы туралы мәлімет:
Пәні
(мұғалімнің материалы сайттың қай бөлімінде жарияланғандығы) Ана тілі Математика
Тақырыбы
(Сабақтың, тәрбие сағатының және т.б. тақырыбы) Сауысқан мен көкек Теңдеу және оны шешу.Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Мұғалімнің жұмыс істейтін мектебі туралы мәлімет:
Облысы 25927053201670Атырау облысы
Қала, аудан Құрманғазы ауданы
Мектептің аты Б.Бегалиев мектебі
Мұғалімнің қызметі Бастауыш сынып мұғалімі
Ақысы 3558540-520065
Фамилиясы,аты,әкесінің аты - Майхиева Наташа Нұрсапақызы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта - мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
1.Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен көкек
2. Пәні : МатематикаСабақтың тақырыбы:Теңдеу және оны шешу.Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен көкек
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың пайдасы туралы түсіндіру.
2.Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға табиғатты сүюге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың белсенділігін қызығушылығын сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
Білімділігі: Оқушылардың сөздік қорын ойлау қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету, мәнерлеп саналы оқуға төселдіру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға құстар туралы мақал- мәтелдерді сөздерді жатқа айтқызу.
Дамытушылығы: Өмірмен байланыстыру, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Халық педагогикасы: Құстардың тіршілігіне байланысты айтылған халық болжамдары.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, ой-бөлісу.
Стратегиялар: Тақырыпқа қызығушылығын ояту , ой қозғау, ой қорыту.
Көрнекілігі:Суреттер, сауысқан мен көкектің макеті, слайд
Сабақтың жүру барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1.Жыл құстарын жатқа сұрау.
2.Жұмбақ жаңылтпаш, мақал- мәтелдер
Қайталап атымды Топ басында ағаш үй
Ән салып аламын Терезесі тамаша үй
Кез-келген ұяға Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді. (қараторғай) Жұмыртқа саламын (көкек)
Ақ сарайды талқандап Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықты біреу талтаңдап (балапан) Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын ала
Бұл қандай құс бала (сауысқан)
3. Мақал- мәтелдер білеміз бе?
1. Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.
2.Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
3.Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
4. Ауа райын болжау1.Қарлығаш жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады.
2.Торғай жемге келгенде жинақы, көңілді болса, күн жылы болады, ал
қауырсыны үрпе-үрпе болса аяз болады.
3.Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.
4. қарғалар топтаса қарқылдаса қар жауады.
5.Қаз не әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.
5. Тыйым сөздер
1.Құстың жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі.
2.Құстың ұясын бұзба.
Сонымен балалар тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көбі құстар.
Құстар


Үй құстары
Жабайы құстар

Жабайы құстар өз алдына тіршілік етеді. Олар табиғаттың байлығы.Ағаштарды, өсімдіктерді, зиянкес жәндіктерді жейді. Олар бір орында тұрмайды. Бір жерден, екінші жерге ұшып- қонып жүреді.
Үй құстарын адамдар күтіп баптайды. Тұрмыста қажетіне жаратады.
Ортақ қасиеттері.
Олар ұшады. Барлқ құстың мамықтары, тұмсықтары, қанаттары бар. Олар балапан басады.
Айырмашылығы
Құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары тіршілік етуі бір- біріне ұқсамайды.
Халық ішінен шыққан ұлдарын- сұңқарға, әдемі ән айтқан әншілерді бұлбұлға сұлу қыздарын аққуға теңеген.
4. Көркем жазу Қарлығаш, Лашын, бұлбұл, Аққу, Сандуғаш
2.Қазіргі қандай мезгіл?
3.Құстар қай мезгілде келеді?
4.Жыл құстары деп қандай құстарды атаймыз?
5.Мына суреттердің ішінен көктемнің, қыстың суреттерін теріп ал.
Салыстыру Қыс Көктем
Жылы болады.
Жаңбыр жауады.
Ағаштар бүршік атады.
Құстар келеді.
Суық,аяз болады.
Қар жауады.
Боран соғады.
Ағаштар
жалаңаш болады
Жыл мезгілі.
Үш ай.
Күн,жер,ай, аспан.Тұман болады.

6. Тапсырмалар
1.Қыс бойы басын салбыратып ұйықтайтын құс.
2.Қандай құсты орман дәрігері дейді?
3.Қандай құс ерте ұшып келеді?
4.Қандай құс жемін түнде аулайды?
5.Ең ұзақ өмір сүретін құс?
6.Біздің жақта қандай құс қыстап қалады?
Үн таспадан: Орман ішінде шықылықтаған құстардың даусы, ағаштардың сыбдыры естіледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз «Сауысқан мен Көкек» ертегісін оқимыз.
205613089535
Ертегінің мазмұнымен таныстыру.
1.Іштей оқыту. 2.Дауыстап оқыту. 3.Тізбектеп оқыту.
Көкек пен сауысқанның макеті теректің басына орналастырылған.
Мультимедиядан көкекті, сауысқанды сипаттау.
Сауысқан – өте айлалы, аса сақ құс, маңына ешкімді жуытпайды. Сондықтанда оның қауырсындануын жақынан көру өте қиын. Сауысқанның ұшуы ерекше, ауада ұшпай бейне бір таңғажайып мұқитта жүзіп, сүңгіп жүргендей. Ол жөнінде көптеген мақал- мәтелдер шығарылған.
Қоңыздай қара, қардай ақ, жын секілді шырқ айналады,
Орман көрсе маймаң қағады.
Сауысқан зиянды жәндіктерді, тышқанды құртады.
Ол кейде жұмыртқаны жарып жейді.
Үн таспадан ауру теректің даусы.
Ақ көгершінге көмектесу
1-топ Топтастыру.
2 – топ Көкекті сипаттау керек.
3-топ Ситуациялық сұрақ
Егер орманда жүрген балалар құстың ұясынан құстың жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
IV. Дәптермен жұмыс.
1-топ Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді жаз2 – топ Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді жаз3-топ Мына сөздерді көпше түрде жаз. Сауысқан, көкек, аққу, қарға.
V. Сурет бойынша жұмыс
Суреттердің ішінен кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқызу.
VI. Ой қозғау.
Құстар қайда мекен етеді?
1.Таулы жерде мекендейтін құстар.
2.Ауыл маңында мекендейтін құстар
3.Сулы жерде мекендейтін құстар.
VII. Сұрақтар
1.Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?
2.Көкектің қандай ойы болды.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тҚұстар көп болса, зиянкес жәндіктер, аз болады3.Сауысқан ұяны қалай салды.
Жұмыртқасы әр ұяда

Тарғыл түсті
Көкек
Құс

Ұя керек


Ұясы
Құралы
Қуаты


Жоқ

Көкек – ұя салып балапан баспайтын, жұмыртқасын басқа құстардың ұясына туатын немесе оны тістеп апарып басқа ұяға салатын құс. Ғалымдар көкектің 150-түрі басқа құстардың ұясына өзінің жұмыртқасын тастап кететінін анықтаған. Көкектің балапандары кез-келген ұяда алуан түрлі қорекпен өседі.
Құйрығы ұзын

Бауыры ақ түсті

Балапан
өргізеді

Сауысқан

айлалы

Ұя жасайды


Шыммен өсімдік тамырымен
Саз балшықпен
сылайды
Жас бұтақтар өреді

Еңбекқор


VIII. Ой қорыту
Өмірмен байланыс



Сауысқан ұнай ма?
Көкекке мінездеме бер
Ертегіден қандай ой түйдің?

ІХ. Сабақты қорытындылау
Құс табиғат байлығы. Байлықтың көзі құстарды әркез қорғай білу керек.Олар ағаштарды өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Әлемде 8600-дей құстардың түрі бар. Соның 500-ге жуығы біздің елімізде. Елімізде жойылып бара жатқан аң-құстарға арналған «Қызыл кітап» бар. Бұл кітапқа енген аң- құстарды атуға, ұстауға тыйым салынған.
Х. Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, мазмұнын айту.
ХІ.Бағалау.
Пәні : Математика

Сабақтың тақырыбы:Теңдеу және оны шешу.Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылығы: Жеке тұлғаны дамыту, еріктілікті, қабілеттілік пен белсенділікті, дамыту.
Қиыншылықты жеңе білу, жаңаша ойлау. Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.
Білімділігі: оқушының білімін, логикалық ойлау жүйесін толықтыру. өткен тақырыптарды қайталай отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп, балдық жүйемен бағалау.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді, мәдениетті, өркениетті, патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабақ.
Әдісі: жинақтау, Деңгейлеп оқыту. Сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: таблицалар, карточкалар.
Сабақтың эпиграфы:
Ескісіз – жаңа болмайды,
Есепсіз – дана болмайды.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) сыныпты сабаққа даярлау.
«Психологиялық дайындық». Алақанымыздың қызуы арқылы бір – бірімізлің жүрек жылуын білеміз. Біліміміз арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№9 1260:7 = 180 584032:8= 73004
14м 25с * 5 = 71м25см 45м 35см :5 = 9м07см
44382:6= 7397 107855:5= 21571
16кг 702г * 8= 616г 24кг 704г:8= 3кг088г
Есіңе сақта:
Теңдеу дегеніміз – құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.
Фигураның ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз.
S = a * b
Кім жүйрік? «Бәйге ойыны»
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім – тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда.
Интерактивті тақтамен жұмыс:
І топ «Алғырлар»
Екі адам 4 сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол жүрді? (4 сағат)
ІІ топ «Білгірлер»
Тауық екі аяқпен тұрғанда 5 кг тартады. Бір аяқпен тұрғанда неше кг тұрады? (5 кг)
ІІІ топ - «Тапқырлар»
10 кг тас ауыр ма, 10 кг мақта ауыр ма? (екеуіде бірдей)
Жаңа сабақ: Қайталау (деңгейлік тапсырмалар)
Белсенділікті ояту әдісі бойынша:
- «Су түбіндегі асыл тас су толқыса шығады, ой түбіндегі асыл сөз ой қозғаса шығады» деп Асанқайғы бабамыз айтқандай, білімімізді осы сабақта айқындайық.
Кітаптың 112 – 113 бетіндегі есептерді есептерді 1 – 2 нұсқаға бөліп деңгейлік тапсырма ретінде беру.
І нұсқа. І деңгей. Өрнек түрінде жаз және оқы:
1) а – ның 80 – ге бөліндісін 5 есе арттыр;
2) 984 пен 324 – тің қосындысын а мен 412 – нің қосындысына бөл;
ІІ деңгей. Теңдеуді шеш және тексер:
Х + 20 * 8=2600 40 * 6 +Х = 9400 Х* (40 : 4) = 12600

Х + 160 = 2600 240 + Х = 9400 Х * 10 =12600
Х = 2600 – 160 Х = 9400 – 240 Х =12600: 10
Х = 2440 Х = 9160 Х = 1260
2440 + 20 * 8 = 2600 40 * 6 + 9160 = 9400 1260 * (40 : 4) = 2600 = 2600 9400 = 9400 12600 = 12600
12001524130ІІІ деңгей. Фигураның ауданын тап.
S = a * b
S = 2 см * 2 см = 4 см 2
S = 2 см * 3 см = 6 см 2
S = 4 см 2+ 6 см 2= 10см 2
Жауабы: 10 см 2
IV деңгей
3084830118110Басқұрдың ұзындығы - 3 м
Қыл арқаннан - 5 есе қысқа - ?
Шешуі: 3 * 5 = 15 (м)
377063053340 Жауабы: қыл арқанның ұзындығы 15 (м)
ІІ нұсқа І деңгей. Өрнек түрінде жаз және оқы:
1) 90 мен с – нің қосындысын 60 –қа көбейт;
2) 70 -тің 5- ке бөліндісіне 42 –нің х –ке бөліндісін қос;
ІІ деңгей: Теңдеуді шеш және тексер:
Х – 560 : 7 = 20000 3090 :10 – Х = 209 Х: (36 + 64) = 543
Х – 80 = 20000 309 – Х = 209 Х : 100= 543
Х = 20000 + 80 Х = 309 – 209 Х = 543* 100
Х = 20080 Х = 100 Х=54300
20080 – 560 : 7 = 20000 3090 : 10 – 100= 209 54300: (36 + 64) = 543
20000 = 20000 209=209 543= 543


ІІІ деңгей. Фигураның ауданын тап.

S = a * b
-352425154305 S = 1см * 2 см = 2 см 2
S = 1 cм * 2 см = 2 см 2
S = 2 см * 4 см = 8 см 2
S = 2см 2 + 2 см 2 + 8 см 2 = 12 см 2

Жауабы : 12 см 2
IV деңгей
3086100144780Басқұрдың ұзындығы - 3 м
Қыл арқаннан - 5 есе қысқа - ?
Шешуі: 3 * 5 = 15 (м)
3943350193040Жауабы: қыл арқанның ұзындығы 15 (м)
Үйге тапсырма:
Шығармашылық есеп 113 бет
1 цифрын 7 рет, 3 цифрын 6 рет пайдаланып және амал таңбаларын қолданып, мәні 1000 ға тен өрнек жазып көрсет.

Жауабы: 1111-1111+3333-3333
Ескерту : бұдан басқа да шешімдерін алынуы мүмкін, мәселен, 1111–111+33-33+3-3.
Бағалау.
Ұпай саны Баға 21-25
16-20
11-15
10-нан төмен 5
4
3 Жарайсың
Құттықтаймыз!
Дайындалу керек!
Математика пәніне көбірек қөңіл бөлу керек...