Рабочие программы по самопазнание на тему ?айрымдылы?-адам жаныны? н?ры


 Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық - адам жанының нұры»
Мақсаты: оқушыларға қайырымдылық  туралы түінік беріп, олардың бойында жанашырлық , қайырымдылық сезімдерін дамыту.
Міндеттері;     
- оқушыларға  қайырымдылық, жанашырлық  ұғымы туралы түінік беру;
- оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:  әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: оқулық, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі       Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз
 II. Сыныпты топқа бөлу. Жүрек, гүл суреттерімен  (“Сүйіспеншілік”, “Қамқорлық”)
 III. Негізгі бөлім.
Тыныштық сәті 
Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.
       Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.
   Ой шақыру: Мұғалім
Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?
Бұл сиқырлы әлемнен  біз қандай нұрды алып келдік?
Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
 Мұғалім сөзі:
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 
 2. Ойын   «Күн көзін  бұлттан  ашу»
 1-ші  бұлттың  тапсырмасы:  «Қамқорлық » тобына ,мәтінмен жұмыс
«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.
     Айдос мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді.... (Айдос қандай әрекет жасайды деп ойлайсын,өз ойынды постерге түсір)
 Мұғалім:
1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 
Сұрақтарға жауап беру.
Баланың қайырымдылығы неде ? 
Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.
2-ші  бұлттың  тапсырмасы :  «Сүйіспеншілік» тобына
«Теңіз жұлдыздары» атты әңгімеден үзінді айтылыды,оқушылар өз ойларын айтады.
4-ші  бұлттың  тапсырмасы.
Топтық жұмыс
1-топ  «Қамқорлық» тобына. Ең мейірімді жан  кім деп ойлайсың?- өз ойларын күн шуақтарына жазады.
2-топ  «Сүйіспеншілік»тобына  Мен  қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын? –өз ойларын гүлдің күлтелеріне жазады.
       Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.
     Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек. 
Сағат тілдеріне жылы сөздерін жазып достарына ұсынады.
Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.
  Жүректен - жүрекке
   Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы   мейірім,
Мен үшін жоқ   уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым    
Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.