План урока по физике на тему: Магнит ?рісіні? тогы бар ?ткізгішке ?рекеті.


«Биоақпараттану және синергетика» технологиясы бойынша ашық сабақ жоспары
«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар. Заттың магниттік қасиеттері.
Мақсаты: Оқу материалының оқушылардың 63%-ы өз бетінше шығармашылық-ізденіс жұмысы арқылы меңгеруі. Балаға өз еңбегінің нәтижесінде тұрақты оң мотивация мен рефлексия тудыру. Оқу техникасының көлемін, сапасын және шапшаңдығын арттыру. Ойлау шапшаңдығын, еске сақтау мен зейінді дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және арттыру.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1 Ұйымдастыру кезеңі
Мотивация
2 мин Оқушының мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты күнтізбелік жоспар бойынша көрсетіледі. Тақырыптарды оқу барысында мұғалім «Ауызша сабақ-1» картасы бойынша жұмыс жасау уақытын болжайды, яғни уақытты үнемдеу туралы мәлімет береді. Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.ООМ(орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс.
2 Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.
8 мин Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:
Тұрақты магниттер дегеніміз не?
Магниттік полюстерді ата.
Магнит тілшесінің осі деп нені атаймыз?
Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?
Жерде магнит өрісінің бар екені қалай дәлелденеді?
Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
Қандай аймақтарды белсенді аймақтар деп атаймыз?
Электрлік және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдеген ғалым кім?
Ампер өз тәжірибелерінде нені анықтады?
Магниттік өзараәрекеттесу күштерінің пайда болу себебі неде?
Магнит өрісіне анықтама бер?
Түзу өткізгіштің магнит өрісін тәжірибе жүзінде қалай зерттеуге болады?
Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын қандай тәсілмен анықтауға болады?
Шарғы дегеніміз не?
Электромагнит деп нені атайды?
Магниттердің түрлерін ата. Бірінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
3 Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтауға уақыт нормативі
7 сөз-30 сек
14 сөз-1 мин 15 сек
21 сөз-2 мин 30 сек
3 мин Тірек сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан немесе жазған оқушыға ООМ ұяшығына екінші плюс белгісін қояды.

Тірек сөздер: магнит өрісі, сол қол ережесі, электрқозғалтқыш, электрөлшеуіш аспаптар, магнитоэлектрлік, электромагниттік, магнетиктер, ферромагнетиктер, парамагнетиктер, диамагнетиктер.
Екінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
4 Ұғынуды ұйымдастыру.
7-11 сыныптар: мәтіннің бір парағына 4 мин.
12 мин мәтінді оқуға және 5 мин қарама-қарсы сұрақ коюға.
Оқушылар оқулықтан бір парақты 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім оларды материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.
Қарама-қарсы сұрақ қою:
Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты әрекет етуші өрістің күш сызықтарының бағытына қандай күштермен әрекет етеді?
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын қандай ережемен анықтауға болады?
Сол қол ережесі.
Электрқозғалтқыш дегеніміз не?
Қозғалтқыщ дегеніміз не?
Электрөлшеуіш аспаптардың қандай түрлері бар?
Заттардың магниттік қасиеттерін қалай анықтайды?
Ампердің ұсынған болжамы қандай?
Заттың құрылысы, яғни қандай бөлшектерден тұрады?
Атомдардың магниттік қасиеттері қандай бөлшекпен анықталады?
Магниттік қасиеттері аса күшті заттарды ата.
Магнетиктер деп қандай заттарды атайды?
Ферромагнетиктер дегеніміз не?
Ферромагнетиктерге қандай металдар жатады?
Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді?
Парамагнетиктер деп қандай заттарды атаймыз?
Диамагнетиктер деп қандай заттарды атаймыз?
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
Тренинг
1 мин Көбейту кестесін еске түсіру:
4*5=20 3*9=27 5*8=40 8*6=48
6*5=30 9*5=45 4*8=32 9*2=18
7*7=49 6*9=54 3*6=18 2*7=14
8*3=24 5*7=35 7*9=63 6*6=36
5 Түсінудің бірінші тексерілуі
7 мин Өзара тестілеу. Екі нұсқасы ұсынылады?
Бір жақты сұрау жүргізіледі, бірінші вариант екінші вариант тестілейді.
Өзара тестілеу нәтижесіне баға қою ережесі:
Тесті шешкен оқушы дұрыс жауабы ООМ-да пюс белгісін алады.
Тесті дұрыс шеше алмаған оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ-да минус белгісін алады.
Тесті құрастырған оқушының сұрағына дұрыс жауап берілмесе, онда ол ООМ-да плюс белгісін алады.
Тесті құрастырған оқушының сұрағына дұрыс жауап берілсе, онда ол ООМ-да минус белгісін алады. Төртінші белгі. Бірінші нұсқа тест құрастырады, екінші нұсқа жауап береді.
6 Бірінші бекітуді ұйымдастыру.
5 мин. Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор жүргізіледі. Сөздер анық қысқартылмай жазылады. Әрбір сөз сөйлем мүшесі болу керек. Бесінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады
7 Рефлексия Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 8 Бағалау
1 мин Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:
-4-5 белгі - 5 ұпай
-3 белгі - 4 ұпай
-2 белгі - 3 ұпай
-1 белгі – 2 ұпай Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 4-5 ұпайдан алуы тиіс.
9 Үй тапсырмасы 3 белгіден төмен алған оқушылар үйге тапсырма алады.