Т?ра?ты магниттер. Магнит ?рісі


Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер. Магнит өрісі
Сабақтың мақсаты:
Оқу-тәрбие міндеттері:
1.Білім беру міндеті - Тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы
кеңірек мағлұмат беріп, білім дәрежелерін
тереңдетіп жетілдіре түсу
2.Дамыту міндеті - Сабақ үстінде оқушылардың
ой-өрісін, ынта –ықыласын дамыту
3.Тәрбиелік міндеті - Сабақ барысында шәкірттерді
адамгершілікке, жауапкершілікке ,
тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Репродуктивті (сұрақ-жауап) электронды
оқулықпен, слайдтарды пайдалана отырып
баяндау, өздік жұмыс
Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, электронды слайдтар,
көрнекілік плакаттар және «Ең үздік физик»
атты мақтау қағазы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі2.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу3.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру4.Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларға бүгінгі сабақта “Ең үздік физик” акциясы өтетінін хабарлау5. “Ең үздік физик” акциясының өткізілуі: Мұғалім-банкир, оқушылар-акционерлер. Әрбір дұрыс жауапқа 1 акция беріледі. Ең көп акция жинаған оқушы “Ең үздік физик” мақтау қағазымен марапатталады
Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау
2.1. «Бақытты сәт» теледидар ойыны Сұрақтар жауабымен беріледі. Оқушылар жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеуі керек.
-1. Металдарда электр тогын байланысқан электрондар тасымалдайды
-2. Халықаралық бірліктер жүйесінде заттардың меншікті кедергісінің бірлігі ретінде Ом*мм болып белгіленеді
+3. Адам үшін 2-3мА ток күші қауіпсіз және сезілмейтн болып саналады.
-4. Электр тогы болуының негізгі шарты зарядталған бөлшектер белгілі бір жылдамдықта болуы қажет
+5. Ағаш кесекті жібекке үйкегенде ағашта теріс заряд пайда болады
-6. Элект тогы сәулелік, дыбыстық, физиологиялық әрекеттер жасап әсерлеседі.
-7. Химиялық ток көзі полюстері оң, теріс және бейтарап болады
+8. Өрістің заттан ерекшелігі өрісті көруге немесе ұстауға болмайды.
-Электр тізбегінде ток болуы үшін ең әуелі тізбекте тұрақты ток көзі болуы керек
-10. Егерде кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші 0,1 А тең
-11. Токтың жұмысы деп тізбектегі электр тогы өндіретін тұрақты әрекет
+12. Реостат дегеніміз айнымалы және реттелген кедергісі бар резистор
Диссертация қорғау
1.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы (2мин)
2.Джоуль-Ленц заңы(2мин)
3.Өткізгіштің кедергісі(2мин)
Осы аталған тақырыптарды әр топтан бір оқушыдан шығып, қорғап берулері тиіс. (6-7 мин)
Физикалық эстафета.
Белгісіз шамалардың орнына тиісті сан мәндерін жазып берулері тиіс.
R=?AVARV=?R 1R 2A=?VA1R1A2V1R1R2V2=?V=?R22A10В3A1 OM2 OM5А
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін талдап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап өту
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру
Жаңа сабақтың тақырыбын әріптерді орналастыру арқылы талдау
Әріптерді орналастырып көрейік...
Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі бірлігі атауының екінші әрпі(М)
Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А)
Үшінші әрпі- Джоульмен өлшенетін физикалық шаманың бесінші әрпі (Г)
Төртінші әрпі –Жер бетіндегі ауада пайда болған судың ұсақ тамшылары құбылысының бесінші әрпі (Н)
Бесінші әрпі –заттардың сұйық күйден қатты күйге айналу құбылысының үшінші әрпі (И)
Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т)
Жауабы: М А Г Н И Т
Жаңа тақырып
Тұрақты магниттер. Магнит өрісі
Қаралатын сұрақтар:
1. “Магнит” атауының тарихы
2. Материяның ерекші түрі – магнит өрісі
3. Магнит индукциясы векторының бағыты.
Магнит индукциясының сызықтары.Құйынды өріс
4. Жер шары да магнит. Магниттің қолдану аясы
1. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д.д. V ғасырда) тауып, өзінің бір шығармаларында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит – “Магнессия тасы” деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде табиғи магнит Fe O (31%) және
(61%) тұратын магнитік темір (магниттен) кесектері екендігі белгілі. Бұл тығыздығы шамамен 5000кг/м3 болатын морт қара минерал.Магниттер жасау үшін құрамында темір, никель, кобальт және металдар бар құйма қолданылады.

2. Магниттің магниттік қасиеттері
Кез келген магнит айналасында магнит өрісі болады.
Магнит өрісі – материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және
магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік әсері
күшті, демек магнит өрісі күшті бөліктерін магниттік полюстер деп атайды.

Солтүстік полюсін N деп, ал оңтүстік полюсін S белгілейді
3. Магнит өрісінің сипаттамасын магнит индукциясының векторы деп атайды да, В әрпімен белгілейді.Магнит индукциясы ретінде ток әсерінен туған кейбір магнит өрісінде еркін қозғала алатын магнит тілшесінің оңтүстік S полюсінен N солтүстік полюсіне бағыты алынған. Магнит индукциясы векторының бағытын бұранда ережесі бойынша анықтайды:
Егер бұранда өткізгіштегі ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды.
Магнит индукциясы векторының модулі магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгіштің бір бөлігіне әсер ететін максималды күштің ток күшінің сол бөлік ұзындығына көбейтіндісінің қатынасына тең:
ХБЖ магнит индукциясының
бірлігі ретінде бір тесла (1Тл)
алынады

Магнит индукциясының сызықтары
Магнит индукциясы сызықтары – әр нүктедегі жанамалары өрістің осы нүктесіндегі векторының бағытымен сәйкес келетіндей етіп жүргізілген бейне сызықтар.
Магнит индукциясы сызықтарының маңызды ерекшелігі, олардың басы да ұшы да болмайды.Олар қашан да тұйықталған сызықтар.
Тұйық күшті сызықтары бар өрістерді құйынды өріс деп атайды. Магнит - өрісі құйынды өріс . Магнит өрісінің ең негізгі қасиеті магнит индукция сызықтарының тұйық болуы. Бағдаршы түрінде жасалынған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі жарым мың жыл бұрын ойлап табылған. Ескі компаста бағдаршы қызметін вертикаль осьтен айналатын табиғи магниттен жасалған “қасық” атқарды.
Магниттік бағдаршаның басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар.Оларды бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюс (N) ,екінші ұшы оңтүстік полюс (S) деп аталады.

4. Жер шары да магнит. Оның өзінің магниттік полюстері және өрісі бар. Осы өріс компас бағдаршасын үнемі бір бағытқа бұрылуға мәжбүр етеді. Бағдаршаның қай бағытты көрсететіні түсінікті, себебі, әраттас полюстер бір-біріне тартылады. Демек, бағдаршаның Солтүстік полюсі Жердің Оңтүстік магниттік полюсін көрсетеді.
Жаңа тақырыптың материалдарын талқылау. Талқылау үшін «Экипаж» ойынын қолдандым. Үш топқа бөлінген командаларға тапсырмалар немесе жаңа тақырыптың суреттері беріледі. Олар дайындалалады.Конвертке салынған жетондар таратылады: Олар:
“Бәрі-барлығын” -бәрі барлығын айтып шығады
“Таңдау” - мұғалім өзі топ мүшесінің біреуін таңдап, тапсырманы орындауды ұсынады
“Делегат” - топ мүшелерінің өздері біреуді таңдайды
Талдап болғаннан кейін, жаңа сабағымды Д.И. Менделеевтің айтқан сөзімен қорытындылаймын. Қайсы дөңгелектен бастап оқу керектігін тауып, шифрланған сөздерін оқып шығу керек
магқойфонауетеуынтікрықылтінжерарьбақжанитна
Жауабы: магниттік бақылау – Жер қойнауын жарық ететін - фонарь
Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма:
1.Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б.
Физика: Арнаулы оқу орындарына арналған оқу құралы
§60 Тұрақты магниттер. Магнит өрісі ( 177-182 б)
2. Алексеева М.Н.
Физикаға құмар өренге ... (сыныптан тыс оқуға арналған кітап)
Электромагниттік құбылыстар (120-127 б)
3. Рымкевич А.П.
Физика есептерінің жинағы №912 №914 №915

5431791706753