Тіл дамыту Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі


Қордай ауданы Беріктас ауылы
№28 Ш.Уәлиханов атындағы
орта мектебінің
мектепалды тобы тәрбиешісі
Тогайбаева Ширингуль Ильясбаевна
Ұйымдастырылған оқу -әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастыру, сұраққа жауап беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
3. Жануарларға қамқорлық жасау.
Қажетті құралдармен материалдар: суреттер
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Өткен сабақ
Жаңа сабақ
Сөздік жұмыс
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс
Сергіту сәті
Қорытынды
Жұмбақтар шешу Балалармен сәлемдесу, түгендеп балалар назарын сабаққа аудару.
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз.
Жайнап түсті даламыз
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар!
Қандай құстар қыстап қалады?
Құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
Қандай ертегі тыңдадыңдар, не туралы айтылған?
Бүгінгі іс-әрекетімізде жануарлардың қысқы тіршілігімен танысамыз.
Суреттерге қарап жануарлардың аттарын атау.
Сурақ-жауап арқылы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы сұрау.
Қатты суықта жануарларды не қорғайды?
Қыста қоян мен тиінның жүнінің түсі қалай өзгереді?
Қыста жануарлар немен қоректенеді?
Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
Суретке қарап қоян мен аюдың қорегін тауып айту.
Ә.Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттау.
Ақ қар, мұз тау етегі,
Ақ аюдың мекені.
Балық іздеп айдыннан,
Балпаң-балпаң етеді.
Балпаң-балпаң – теңселе басып баяу қозғалады.
«Сұр қоян»
1.Қандай жануарлар қысқы азық жинайды?
2. Қандай аңдар қысқа азық жинамайды?
3 Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдің?
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу.
Бұл не?
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.
Бұл не?
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады.
Бұл не?
Өлеңді жаттау.
Балаларды мадақтау.
Балалар сәлемдеседі. Әліппе дәптерлерін дайындау.
Бәрі хормен бірге айту.
Балалардың жауаптары


Бірге қайталайды.

Олардың үлпілдеген жүндері қорғайды.
Қыста ақ түске енеді.
Қоян ағаштардың бұтағымен.
Түлкі қар астындағы тышқандармен.
Қасқыр қояндарды т.б.
Аю болса қыста ұйқыға кетеді, ол аш болғанда жазымен жинаған табанындағы майын жалап жатады.
Сырсандықтағы сөздермен танысады.
Қоян сәбізбен, ал аю балмен тамақтанады.
Тамақтарын табады, сызық арқылы қосады.
Жаттау
Қайталау.
Қоян қимылмен іске асыру
Балалардың жауаптары.
Түлкі
Аю
Қоян
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: жабайы жануарлардың қысқы тіршіліктерін білу.
Түсінігі: қыстағы табиғат құбылыстарының аттарын атау
Көрсете білуі: сурет арқылы әңгімелеу