Критерийлер aр?ылы ба?алауды? тиімділігін ?йрету.


Бекітемін
№137 жалпы орта мектептің директоры
__________Б.Бекмұрзаев
ОҚО Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылы №137 ж.о.м. мұғалімі А.Қансейітованың әріптестерге өткізетін коучинг - сеccия жоспар
Күні: Caғaт: 1315-1415
Caбaқ тaқырыбы: Критерийлер aрқылы бағалаудың тиімділігін үйрету.
Жaлпымaқcaт: Күнделікті сабақта критерийлер арқылы бағалауды пайдаланудың тиімділігін көрсету.
КүтілетінНәтижеБағалау критерилерінің оқу үрдісіндегі маңыздылығын түсінеді.Оның білімді жетілдірудегі тиімді тәсіл екендігін түсініп, әр сабақта пайдалануға тырысады .
Бағалау критерилерін ата-аналардың білуін қадағалайды.
Түйіндіидеялaр: Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттыру.
Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер
Дереккөздері: Әдістемелік нұсқаулық, мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тaпcырмaлaр: Топтық  талдау, рөлдік ойын, салыстыру, эссе, зерттеу
Caбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдердің іc-әрекеті:
Ұйымдacтыру кезеңі
Уақыты
Коучтың іc-әрекетіҚатысушылардың іc-әрекетіТоптастыру(2 мин) Ұйымдастыру. Түрлі түсті стикерді таратып, түсіне қарай бөлу.

Сары түсті топ күннің шуағын жасау арқылы топ құрады, келесі жасыл түсті топ гүлдің жапырағын жасау арқылы топ болып құрылады, үшінші топ күлгін түсті топ қарындас суретін жасау арқылы топқа бөлінеді.
Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал орнату
Әр мұғалім «ыстық алақанына» өз атын жазып, бір біріне сағат тілшесі бойынша бойындағы жақсы қасиеттерді шығады.
Өзін өзі таныстыру.
(5 мин) Ақ қағазға түсірілген алты қара нүктені басып өзіме таныстырылым жасаймын. Мұғалімдер сыни ойланады, әр түрлі көзқарас айтады.
Өз өздеріне постер арқылы таныстырылым дайындайды.
Қызығушылықты ояту
(3 мин) «Бес саусақты көру арқылы не айта аласыз?» Бес саусақты көрсетемін.
Мұғалімдер ойларын айтады, бір пікірге келеді.
«Не береді?»
(7 мин) Кластер құрастыру
«2,3,4,5» деген баға мұғалім мен оқушыға не береді
Сұрақ қою
«Бағалаумен қай жерде кездесеміз?» Флипчартқа жұп болып кластер құрастырады
Сұрақтың төңірегінде ой тастайды.
Негізгі кезең
( 10 мин)
«Көбелектің» суретін салу арқылы тақырыпты ашуға тапсырма беремін.
10 балл жүйесінде бағалау жүргізуін айту.
Сұрақ-Неге өзіңізге ондай баға қойдыңыз?
Презентация . «Критериалды бағалау» тақырып аясында түсінік беру Сурет салады.
Өзара ой бөліседі, топта талқылайды.
Өздерін және бір бірін бағалайды.
Тапсырма
(10 мин) 3 топқа өлеңнің бір шумағын мәнерлеп оқуды ұсынамын.
Енді мына критерийді ұсынамын.
Критерийлер Дескрипторлар Ұпай
Мәнерлеп оқу шеберлігі Оқу мәнері жоғары 2
Оқу мәнері орташа 1
Оқу мәнері төмен 0
Дауыс мәнері
Дауыс ырғағы,интонациясы жоғары 2
Дауыс ырғағы,интонациясы орташа 1
Дауыс ырғағы,интонациясы төмен 0
Тіл тазалығы Сөздердің анық, дұрыс айтылуы 2
Кейб сөздер дұрыс айтылмауы 1
Сөздер айтуда қателіктер жіберілуі 0
1 топ 2 топты, 2 топ 3 топты, 3 топ 1 топты бағалайды.
Мұғалімдер қайта бағалайды
Сергіту сәті
2 мин Мұғалімдерге әдемі әуен арқылы би қимылдарын жасау ұсынылады. Қатысушылар 7 түрлі қимыл жасап,сергіп алады.
Қорытынды
(3 мин) Бүгінгі сабақта бағалаудың неше түрі пайдаланылды?
 Сіз үшін қайсысы тиімді? Алған ақпараттарын қорытындылайдыРефлекция
(3 мин) Стикер арқылы сабақтағы әсерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіру.
 Алғысын білдіру. Өз ой-пікірімен бөліседі