ашы? саба? д?ниетану 4 сынып Ас ?орыту м?шелері, оны? ?ызметі .Тама?тану гигиенасы


Дүниетану /4 сынып/
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері, оның қызметі .Тамақтану гигиенасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту мүшелері,олардың үйлесімді қызметі, тамақтану гигиенасы оны ұстанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының ойлау,сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, өз бетімен ізденушілік қабілетін арттыру.
Тәрбиелік:Тамақтану ережесін,гигиеналық талаптарды дұрыс ұстануға тәрбиелеу.Оқушылар арасында сыйластық ,достық қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:
1.Астың адам өміріндегі маңызын білу.
2.Асты қорытып,сіңіруге қатысатын мүшелерін тану.
3.Тамақтану ережесін түсіндіру.
4.Өз ойын нақты жеткізе білу,өзгені тыңдау қабілеттерін қалыптастыру.
5.Гигиеналық талаптарды орындау.
6.Өзінің денсаулығын күту,сақтау дағдысын қалыптастару.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Формасы: Топтық жұмыс
Әдісі: интерактивтік,іздену,қорытындылау
Көрнекілігі:кесте, муляж,(адамның ас қорыту мүшелері) тест.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыны сабаққа даярлау,психологиялық тренинг.
-Оқушыларды топқа бөлу, әр топтың топбасшысын таңдау.
ІІ.Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсаты түсіндіріледі.Өткен тақырыппен байланыстырылыды.
Сабақтағы «Алты ережемен» таныстыру.
1.Басқалар сөйлегенде сөзін бөлмеңіз,өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.
2.Бір нәрсе айтқыңыз келсе,қолыңызды көтеріңіз.
3.Идеяларды айтқан адамды емес,идеяларды сынаңыз.
4.Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар.
5.Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.
6.Оқытушы біздің құқымызды қорғайды және жұмысымызға бағыт береді.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме
2.Муляжбен жұмыс (адамның ішкі құрылысын,ас қорыту мүшелерін көрсету, сабақты түсіндіру)
3.а) Оқулықтағы материалды меңгерту
ә) Пікірді жинақтап айту
б) Қабылданған материалды сызбаға түсіру
в) Дәптермен жұмыс: Ас қорыту жолдарын сызба арқылы дәптерге көрсет.
1-ші топтың тапсырмасы:
Ас қорыту мүшелері.(Ас қорыту мүшелері тамақты қалай қорытады?)
Тапсырма Ас қорыту жолдары
Мүшелері Тіл Тіс Жұтқыншақ Өңеш
Қызметі Дәм сезеді араластырады
Шайнау арқылы ұсақтайды
Асты сілекеймен жұтыну Өткізу
Байланыс 200279011874500124269511874500 4
1 3
20027900001242695000 2
Нәтиже Сөл арқылы ас шыланып жұтылады да өңеш арқылы қарынға жылжиды.
Проблема Ас қалай қорытылып сіңеді?
2-ші топтың тапсырмасы:
Ас қорыту мүшелерінің қызметі,ас қалай қорытылады? (Дені сау,ауырмау үшін тамақтану гигиенасын қалай сақтаймыз?)
Тапсырма Астың қорытылып сіңуі
Мүшелері Қарын Ішек Қан тамырлар Бауыр
Қызметі Бездер арқылы ас қорытылады Еріген қоректік зат қанға тарайды. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды сіңіріп, денеге таратады. «Зертхана» деп аталады,улы заттарды залалсыздандырады.
Байланыс
200279011874500124269511874500 4
1 3
20027900001242695000 2
Нәтиже Қорытылған ас денеге тарайды.Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығады.
Проблема Тамақтану гигиенасын қалай сақтау керек?
3-ші топтың тапсырмасы:
Тамақтану гигиенасы.(Өз өмір тәжірибеңнен көргеніңді айт, өз отбасыңда қалай тамақтанасың?)
140017510160000-80264015684500Жақсы шайнау
272097574295Тазалыққа ұқыптылыққа үйрену, адам организмі нығаяды. Ауруға қарсы тұру иммунитеті күшейеді, асқазан ауырмайды
00Тазалыққа ұқыптылыққа үйрену, адам организмі нығаяды. Ауруға қарсы тұру иммунитеті күшейеді, асқазан ауырмайды
-171704074295Тамақтану гигиенасы
00Тамақтану гигиенасы

178435015684500-80264015684500Мезгілімен тамақтану
365315515176500365315515176500
17843502540000-8026402540000-8026402540000-8026402540000Қолды,жемісті жуу
Өз ыдысы болу
Дәрумендер болу
ІV.Бекіту кезеңі:
Тест тапсырмалары
V.Қорыту кезеңі:
1. «Нені білдім?» сұрағын қою арқылы оқушылардың пікірін білу.
2.ҰСМҚ (Ұстаным-Себептер-Мысал-Қорытындылау) әдісін қолдану арқылы оқушыларды талқылауға қатыстыру,шеберлігін дамыту,өз идеясы мен пікірін айту.
Сұрақ: Ас қорыту жолдарын сақтау ,асты асықпай шайнап жеу керек және тамақтану гигиенасын орындау керек дегенге қалай қарайсың? Сенің ойың мен пікірің?
Ұ- Оқушы өз ұстанымын айтады.( «Мен ас қорыту мүшелерін сақтау,тамақты асықпай баппен шайнап жеу және тамақтану гигиенасын сақтау керек» дегенге қосыламын.)
С- Оқушы басқаша емес,неге осылай ойлауының себептерін көрсетеді. («Ас әбден шайналса асқазанда жақсы қорытылады денеге жақсы тарайды»)
М- Мысал келтіреді: « Асты ыстықтай ішу, дұрыс шайнамау, уақтылы тамақтанбау, қолды жумау түрлі ауруларға шалдықтырады.Асқазан қызметі бұзылады»
Қ-Қорытынды ойын айтады: «Тамақтану дұрыс болғанда,тамақтану ережелерін дұрыс сақтағанда, дәрумендерді көп пайдаланғанда ғана денсаулығың мықты болады»
Үйге тапсырма.Төмендегі тақырыптардың біріне шағын шығарма жазып келу.
«Ас –адамның арқауы»
«Ас тұрған жерде ауру болмайды»
Бағалау.