3 токсан тест ж?мысы


10 сынып ІІІ тоқсан
Жаратылыстану-математикалық бағыт
1. Алгоритм -
А) базалық немесе жүйелік, қызметтік, қолданбалы түрінде орындау
В) программа пакеттері
С) орындалатын іс-әрекеттің немесе есептің нәтижеге жету жолын реттелген тізбектер түрінде орындау
Д) ЭЕМ-ге өажетті программалар
Е) барлық жауаптар дұрыс
2. Программалау тілі -
А) алгоритмдерді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданылатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл
В) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы
С) әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалавр тобы
Д) нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программа
Е) барлық жауаптар дұрыс
3. Format (Пішін) мәзірі -
А) пішіндер мен басқару элементтерінің орналасуы мен өлшемдік қасиеттерін береді
В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады және іздестіруші Find бұйрығы орналасқан
С) жобаға кіретін бірнеше файлдар тізімін көрсетеді
Д) басқару элементтері тіркеліп және жойылып отырады
Е) мультимедиалық компоненттерді қосуға болады
4. Run (Іске қосу) мәзірі арқылы -
А) программаларды іске қосуға және тоқтатуға болады
В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады
С) элементтерді жойып отыруғаболады
Д) тақырып жолында жобаның аты жіне үш негізгі батырмаларды орналастыруға болады
Е) терезелерді каскадтық түрде орналастыруға болады
5. TextBox (Мәтіндік өріс) мәзірі -
А) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент
В) кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданылады, мысалы программаны іске қосу және оны тоқтату үшін
С) сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді
Д) элементтердің қасиетін қзгертуге, жылжытуға болады
Е) мультимедиалық компоненттерді қосуға болады
6. BackColor -
А) батырмаға жазу орнатады
В) қатардың нөмірін анықтайды
С) батырманың түрін орнатады
Д) батырмаға түс беру
Е) барлық жауаптар дұрыс
7. Интерфейс деген не?
А) айнымалыны хабарлау
В) шартты операторлар арқылы мәтінді тексереді
С) барлық әрекеттерді тез есте сақтайды
Д) компьютерде сақталған және қолданушының енгізген ақпараттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар мен ережелердің жиынтығы
Е) программалық жассақтама
8. Debug мәзіріндегі Break батырмасының қасиеті:
А) программаны кез келген жерден үзеді
В) программаны аяқтайды
С) программаның орындалуын жылдамдатады
Д) программаның орындалуын бәсеңдетеді
Е) программаның орындалуын бәсеңдетеді және жылдамдатады
9. Цикл дегеніміз-
А) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
В) бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы
С) оператордың жазылуы
Д) циклдің басқарушы құрамы
Е) барлық жауап дұрыс
10. Күрделі шарт дегеніміз-
А) салыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектің бірігуі
В) Not, And, Or операцияларынан тұратын логикалық өрнектер
С) күрделі шарт тармақталу алгоритмнен тұрады
Д) мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы
Е) программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәтінді көру үшін терезенің ашылуы
11. Жиым (Массив)дегеніміз-ол...
А) әріп пен сандар тізбегі
В) әріптер тізбегі
С) жиыншалар тізбегі
Д) сандар тізбегі
Е) бір атауға біріктірілген біртипті шамалардың реттелген тізбегі
12. Динамикалық жиым дегеніміз не?
А) айнымалы элементтерден тұратын
В) элементтері тұрақты болатын жиым
С) мәтіндік жолдар тізбегі
Д) бірөлшемді жиым
Е) барлық жауап дұрыс
13. Мәтіндік файл дегеніміз-
А) мәтіндік әріптердің тізбегі
В) мәтіндік сандардың тізбегі
С) мәтіндік жолдар тізбегі
Д) жарлықтар
Е) бумалар
14. Line әдісінің қызметі қандай?
А) нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрышт ар салады
В) берілген элементтер файлға үтір арқылы тізбектеле жазылады
С) тырнақша белгісіне алынып жазылады
Д) Print әдісімен файлға жазылға мәліметтер
Е) элементтер ";" немесе "," белгісімен бөлінеді.
15. Анимация дегеніміз -
А) суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі
В) программадағы тиімді әдіс
С) Word программасындағы нысандар
Д) Paint программасы
Е) символдар
16. Анимацияны құрудың неше жолы бар?
А) 3
В) 2
С) 4
Д) 1
Е) 5
17. Классикалық әдіс дегеніміз -
А) кадрлар экранның кез келген жеріне шығуы
В) дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау
С) символдар жиынтығы
Д) программадағы тиімді әдіс
Е) Word программасындағы нысандар
18. Классикалық әдіс қандай файлдар арқылы жасалады?
А) Word файлдары
В) Paint файлдары
С) GIF файлдары
Д) Line файлдары
Е) Back файлдары
19. Timer -
А) бұл нысан
В) бұл файл
С) бұл мәтін
Д) бұл программа
Е) бұл мәлімет
20. Мультимедиа дегеніміз - ол . . .
А) анимацияның бір түрі
В) видео файл
С) дыбыс файл
Д) Back файлдары
Е) компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы