Открытый урок на тему путешествие


Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:26.01.2017ж
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Көңілді саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2 таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. : Білім алушы Музыканы тыңдау барысында таныс дыбыстарды анықтайды және сипаттайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Ана тілі, математика, бейнелеу ,
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Musical journey
Музыкальное путешествие
Музыкалық саяхат
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Қайырлы күн досым !
Қайырлы күн болсын !
Әрбір күннің бірінде
Ылғи бестік болсын!– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
Көңілді саяхатқа шығайық.
Топқа бөлу:
1 топ-домбыра
2 топ-қобыз
3 топ-сыбызғы
Әр топ көліктерді таңдап. Сол бойынша саяхатқа шығады. Суреттерді сәйкестендіреді, жұмбақ шешу.
Жаңа тақырыпты ашу «Көңілді саяхат» жасырынған әріптерді табу арқылы
1- тапсырма Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдаңыз. Сол аспаптардың суретін салыңыз.
1) Берілген суреттерден күйге сәйкес суретті таңдаңыз.
2) Таңдау себебіңізді түсіндіріңіз.
3) Қандай музыкалық аспаптардың дыбысын естідіңіз.
Бағалау:Бағдаршам арқылы
2- тапсырма: Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбыраның және халық аспаптар оркестрінің орындауындағы бейнероликтерді қараңыз. домбырамен орындауда
Бағалау:Смайликтер арқылы Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Аяқпенен топ-топ-топ
Ал көлденең лоп-лоп-лоп
Бір оңға бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға ,бр солға
Ойнайықшы кел мұнда
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға,бір солға
Секірейік кел мұнда
Әнімен орындау Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут Ұйқасын тап:
Қане, қанат ,,,,,,,,,,,,,,,,,
Ұшақ болып,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Ұшып-ұшып,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Орнымызға,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы
16 минут
«Көңілді саяхатшылар» тыңдалым
Ән әуеніне қандай көліктің қозғалысы сай келеді деп ойлайсыңдар? Дыбыс ырғағын шулы аспаппен көрсет.
Ән үйрену: Саяхатта
1.Көрікті кең өлке
Қойны мол береке
Жаз күні мына біз
Саяхат құрамыз
Қ/сы
Ұлы отан анамыз
Бақытты баламыз
Бақытты боламыз
2.Жайқалып жасыл бел
Шайқалып жатыр көл
Табысты селдеткен
Қырманның басын көр Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.