О?у-?дістемелік ??рал Физикалы? география – Жер таби?аты жайында?ы ?ылым


Түсінік хат
Орта мектеп оқушыларына арналған . 6-сынып географиясы.
«Кластер» әдістер бойынша:
Оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;
Проблема жайлы өз білімдерін ұсыну;
Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);
Тақырып аралық проблемаға өзара байланыс орнату;
Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;
Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі;
«Үш түрлі күнделік» әдісі бойынша:
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады;
Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
Ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
Мәтінге сұрақ қою, белгілеу тұжырымдау;
Кластарының жауаптары ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;
Өз оқуына және кластарының оқуына жауапгершілікпен қарау;
Жалпы мақсаты: Тақырып негізін меңгеруде топтық жұмыс барысында оқушылар берілген тапсырманы дұрыс анықтап орындау.Топта ұйымшылдық атмосфераны қалыптастыру.
Тақырыбы: Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.
Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Сілтеме: Оқулық, интернет желісі, сұрақ жауап энциклопедиясы;
Жалпы мақсаты: Тақырып негізін меңгеруде топтық жұмыс барысында оқушылар берілген тапсырманы дұрыс анықтап орындау.Топта ұйымшылдық атмосфераны қалыптастыру.
Негізгі мақсаты.
Білімділік: Оқушыларға физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым екенің түсіндіру. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылар географиялықой-өрісін дамыта жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін , танымдық қызығушылығын арттырып, географиялық ойлауын қалыптастырады;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа , адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастырады.
Болжамдап отырған нәтиже:
1.Сабақтағы жаңа тақырыпты «Мағананы ашу» бөлімінде пайдаланып отырған «Кластер» әдістер бойынша оқушы жасай алады:
Оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;
Проблема жайлы өз білімдерін ұсыну;
Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);
Тақырып аралық проблемаға өзара байланыс орнату;
Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;
Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі;
2. «Ой бөлісу ортаға салу» бөлімінде қолданылған үш түрлі күнделік әдісі бойынша оқушы жасай алады:
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады;
Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
Ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
Мәтінге сұрақ қою, белгілеу тұжырымдау;
Кластарының жауаптары ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;
Өз оқуына және кластарының оқуына жауапгершілікпен қарау;
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) топқа бөлу
Б) топ ережелерін құру
В)психологиялық ахуал қалыптастыру
Г) бағалау парақтарын тарату
Топқа бөлу
Қатысушыларға тәттілер таратылады. Тәттілер бойынша екі топқа
бөлінеді.
Тақырыпты атау :Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты: Оқушылар топтық жұмыста қарым-қатынас, өзін-өзі тану, басқаларды қолдау, басқаларды бағалау сыйакты дағдыларды меңгереді.
Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
«Ұлпа қармен атысу» атты зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.
Мақсаты: Сабаққа қатысатын оқушылар көңіл-күйлерін көтереді, ойын арқылы жайлы психологиялық ахуал туғызады.Шарты: Мұғалім әр оқушыға ақ қағаз таратады. Оқушылар ұсынылған қағазға өз аты-жөндерін жазады. Оқушылар жазылған қағазды қарға ұқсатып бір-бірімен атысып ойнайды. Мұғалім қолымен шапалақтағанда ойын аяқталады. Ұстаз қолдарында қалған ұлпа қарды (ақ қағаз) ашып ішінде жазылған жазуды оқып, сол ақ қағазда аты-жөні жазылған оқушыға барып жылы лебіз білдіреді.
Тапсырмалар
ІІ. Қызығушылықты ояту Жұмбақтарға жауап бере отырып, қосымша мәліметтерді сұрау.
Бар ма, жоқ па
Оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің (ауа)
Шеті бар, шегі
жоқ?(көкжиек)
3. Тұрғыны жоқ елдер,
Үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар
Суы жоқ теңіздер,
Бұл не? (географиялық карта)
left227330ІІІ. Мағынаны ажырату.
Б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген
грек ғалымы Эратосфен
Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.
1-сурет
Грек тілінде «гео» - жер, «графо» - жазу. Географияда ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған.
1-қадам. «География» тақырыбына тақтада кластер жасау;
1-тірек сызба.

2-қадам. Оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс, соны жазғызу;
3-қадам. Жеке жазуды топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындау;
4-қадам. Кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.
ІV. Ой бөлісу, ортаға салу
Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды.
1-слайд.

2-слайд.

3-слайд.

4-слайд.

«Үш түрлі күнделік » әдісі
1-қадам. Мәтін тақырыбы айтылады, оқытылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам. Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
2-тірек сызба

3-қадам. Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады. Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
Сергіту сәті: Видео көрсетілім арқылы сергіту жаттығуын жасау.
3-сурет
2-сурет

V. Жұмыс дәптеріндегі 3-4 беттегі 1,2,5,6,7,8,9,10 тапсырмаларды орындау
4-сурет

5-сурет

VІ. Сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?
Инсерт кестесі арқылы.
3-тірек сызба

VІ І. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқу. 1-2-3 сұрақтарға жауап беру.VІ ІІ. Бағалау
ІХ.Рефлексия
«Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бейсенова Ә., Қарпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: « Ата-Мұра 2008»
Бірмағанбетов Ә., Мамырова К. Физикалық география Алматы: « Ата-Мұра 2007»
Құрманов. Қ.Б. физикалық география Алматы: «Рауан 1993»
www.yandex.ruwww.google.com