Сыныптан тыс іс-шара XXI ?асыр к?шбасшысы (8 сынып)


Сайыстың тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Күні: 04 мамыр  2016ж
Уақыты: 15.00
Сайыстың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың химияға қызығушылығын, ынта-зейінін арттыру , алған білімдерін тереңдету.
2.Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және топпен жұмыс жүргізуге үйрету
 Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер әз-жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Химиялық сайысымыз басталар
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынымыз ашық деп жариялаймыз.
 Жүргізуші:
 Ғажайып нәрсе химия
 Тұңғиық сыры әр алуан
 Жоғалып бір зат зым-зия
 Жаңарып бірі жаралған
 Өмірдің бірақ керегін,
 Осылар тауып берер ме?
 Табар ма ешкім дерегін
 Телмірмей, сірә тереңге - дей отырып, химия сырын түсінуге ұмтылып жүрген қатысушыларға сөз берейік. (Таныстыру)
 Жүргізуші: Ойыншыларға рахмет! Ал, енді бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныс болайық.
 Сайыс 4-кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Жорға»
2-кезең. «Шетел фирмасы»
3-кезең. «Ғажайып төрттік»
4-кезең. «Бәйге»
Жүргізуші:  
Шеберлікті , білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1.____________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы»
                       Дейтін қазақ данасы.
                       Сәлемдесіп, танысып,
                       Кешті бастайық жарысып – дей келе сайысымыздың 1-кезеңі «Жорға».
« Жорға» кезеңінде сұрақтар беріледі. Оған оқушылар қолды көтеріп жауап бере алады, қолды бірінші көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса келесі екінші оқушы жауап бере алады. Әр жауап 1 ұпайдан есептеледі.
Ендеше қатысушыларымыз дайын болса бастайық.
1 сұрақ: Заттың бөлінбейтін ең кіші бөлшегі (Атом)
2 сұрақ: Мыстың латынша атауы (Купрум)
3 сұрақ: Зат  мөлшерінің өлшем бірлігі (Моль)
4 сұрақ: Периодтық жүйені ашқан ғалым?    (Д.И.Менделеев)
5 сұрақ: Күкірттің салыстырмалы атомдық массасы? (32)
6 сұрақ: Сілтілік металдарға нешінші топ элементтері жатады?  (1)
7 сұрақ: Ас тұзының формуласы? (NaCI)
8 сұрақ: Екідайлы элементтерді ата? (AI, Be, Zn, Pb, Cr)
9 сұрақ: Ингибитор дегеніміз не? (Реакцияның жүруін баяулататын зат. (тежегіш))
10 сұрақ: Галогендер тобы периодтық жүйенің нешінші топ элементтері? (7)
Әділқазы алқасынан осы кезеңнін бағасын сұрайық.
Жүргізуші: Сайысымыздың 2 кезеңі «Шетел фирмасы» Мақал – мәтелдер берілген оған оқушылар қазақ-орыс-латын тілдерінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ал латын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
1........ қызған кезде соқ. (темір-железо- феррум)
2....... көрсе  періште жолдан таяды.(алтын-золото- аурумм)
3.Сыйлап берген  .......  тәтті (су-вода-уатер)
4. Аз  сөз – алтын
    Көп  сөз -......... (күміс-серебро-аргентум)
5.Батыр майданда шынығады............. қайнауда шынығады . (болат-сталь - чалубс)
6.Қойдың сүті – …….. (Қорғасын – свинец – плюмбум)
7.Тауып сөйлесең — күміссің,Таппай сөйлесең — ………... (мыс – медь – купрум)
8. Ел   іші ..........бесік. (алтын-золото)
9............. ішкен құдығына түкірме (су-вода)
10. Көптің ауызы – ……. талқы (темір-железо- феррум)
Әділқазы алқасы осы сайысымыздың бағасын берсеңіздер?
Жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Келесі кезең «Ғажайып төрттік» деп аталады. Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, жауап береді. Егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. Осы кезеңде аз ұпай жинаған үш қатысушымен қоштасуға тура келеді. Сол себепті қатысушылар мұқият болып, сұрақтарға жауап беріп, ұпайларыңызды жинаңыздар.
 Әділқазы алқасы осы сайысымыздың бағасын берсеңіздер?
Келесі кезең  «Бәйге»
4 кезең «Бәйге» ережесі бойынша қатысушы 1 минут ішінде сұрақтарға жауап беруге тиіс. Әр дұрыс жауап берген сұраққа 1 ұпай беріледі.
  
1- қатысушы
1.Сүйекті қаптайтын элемент.
(кальций)
2.Атом - молекулалық теория негізін қалаушы.
(М.В.Ломоносов)
3. Бейорганикалық қосылыстардың төрт класын ата
( оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар)
4.Тыныс шығарғанда шығарылатын газ ?
(көмір қышқыл газы)
5.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл ?
( йод)
6.Ең жеңіл металл
( литий)
7.Тұз қышқылының формуласы
(HCI)
8.Хлорды қай жылы, кім ашты ?
(1774 ж. Шееле)
9.Сөндірілмеген әк
( кальций оксиді)
10. Кремний қышқылының формуласы?
(H2SO4)
Жүргізуші:
2- қатысушы
1. Адам денесінің неше пайызын су құрайды?
( 65 – 70 %)
2. Периодтық кестеде неше период бар?
( жеті)
3.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
( моль)
4.Қанның құрамына кіретін металл
( темір)
5.Хлордың салыстырмалы атомдық массасы
( 35,5 )
6.Күкірт қышқылының формуласы
( H2SO4)
7.Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар?
( Оксидтер)
8.Отынның жануы қандай құбылыс ?
( химиялық)
9.Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
( амфотерлі)
10.Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім ?
(Г.Кавендиш)
 Жүргізуші :
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы-
Химиямыз мәңгі бақи жасасын !-  дей отырып, сайысымызды қорытындылауға сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Әділ қазылар шешімімен жеңімпаздар марапатталады.
2030-дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу парызымыз,- дей отырып,бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қош, сау болыңыздар!
«Бекітемін»
Мектеп директоры _____________А. К. Таниев
Сыныптан тыс іс - шара
«XXI ғасыр көшбасшысы»
интеллектуалдық ойыны
Орындаған: Ахметова Р.С