XXI ?асыр ??шбасшысы атты сайыс саба?ы (2 сынып ).


XXI ғасыр қөшбасшысы атты сайыс сабағы (2 сынып ).
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, оқушылардың білімін сынау, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру
-Өз бетінше еркін жұмыс жасап,өзгенің және өзінің білім деңгейін бағалауға жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, шапшаңдыққа баулу.
Құрал-жабдықтар:  Кеспе карточкалар. Қарындаштар, сигналдық таяқша, тапсырма-қағаздар,
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
1 жүргізуші:
Құрметті оқушылар! XXI ғасыр көшбасшысы атты қайталау сайыс сабағына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Әділ-қазылармен таныстыру сәті:
Сайыс бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысайық
Ибраева Гүлназ Сейфулловна
Баубекова Назгүл Туяқбаевна
Камарова Майра Кусаиновна.
1 жүргізуші:
«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының кезеңдері.
1. «Таныстыру сәті»
2. «Бәйге»
3. «Тіл өнер»
4. «Жорға»
2-жүргізуші: Сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Қоржыннан асық алып, өз номерін таңдайды, номер бойынша орнына жайғасады.
1Айтмағамбет Ерасыл
2.Айтмухамбетова Аружан
3,Жумабек Нариман
4.Назар Диас
5.Сағли Тамерлан
1 жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашан да нанымды,-дей отырып бірінші кезекті таныстыруға береміз.
1-кезең - Таныстыру. Өзін-өзі таныстыру кезеңі 5 ұпай қойылады
2-жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер, ойланып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.
Әрбір сұраққа 5 ұпайдан.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.
1.Жылдың бесінші айының аты?-/Мамыр/.2.21ғасыр қашан басталды? /2000 жылы./3.9 мамыр қандай мереке? /Жеңіс күні/
4.Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар. /40 әріп./5.Шешендік өнер дегеніміз не? /Шебер, астарлы, әсерлі әрі көркем сөйлеп, жазуға үйрететін ілім./
6. Үй иесі, жолы үлкен адам /Отағасы./7.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартуші кім? /Ыбырай Алтынсарин/
8. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңді жазған ұлы жазушы кім? ./Абай/9.Балаларды қорғау күні қашан? /1 маусым./10. Дауысты дыбыстар дегеніміз не? /Айтқан кезде созуға келетін, әндетіп айтуға болатын дыбыстар
11.Ұяң дауыссыздарды ата. /б, в, г, ғ, д, ж, з/ дауысты дыбыстар деп аталады/
12. Әріп дегеніміз не? /Дыбыстың таңбасы/
13.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? /Тоқтар Аубакиров/
14. Абайдың шын аты кім? /Ибраһим/
15. Алтыбақан деген не? /Қазақтың ұлттық ойыны, бірнеше адам бірге тербелетін әткеншек/
16.Ең үлкен бір таңбалы санды ата . /9/
17.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? /42/
18.Заттың жоғарыдан қарағандағы көрінісі. /план/
19.Бір жылда неше күн бар? /365 күн/
20.Торсық деген не? /Сусын құятын ыдыс. Ол теріден жасалады.Торсыққа шалап, қымыз, шұбат, айран құйып алып жүреді./
21. «Әліппе» оқулығын ойлап шығарған адам кім? /Ахмет Байтұрсынов.
22. Он бірінші айдың қазақша аты? / қараша./
23. Тәуелсіздік алған жыл және күнді атап айт? /1991 жыл. 16 желтоқсан./
24.Ақшақардың атасы? /Аязата/
25. Әдептілік деген не? /адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-түрісінің ережесі/
Жүргізуші:Екінші бөлім. «Тіл - өнер»
Шарты: Мақалдың жалғасын табу немесе жұмбақ шешу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
1.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар./бор/
2.Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай./құмырсқа/
4.Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді./Кітап/
5.Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар./бидай/
6.Әркімнің өз жері – ... / Мысыр Шаһары./
7. Бақа көлінде патша. Балық сыунда патша....................... /Жігіт елінде патша/
8.Білімдіге дүние жарық,...... /Білімсіздің күні кәріп./
9.Тұйяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер.... /Құнан атқа жетқізер, ат мұратқа жеткізер/
10.Сиырлының үйі – айран,.../Сиырсыздың үйі – сырдаң./
11.Бақырауық демесең,.../Бағалы көлік түйе ғой.
/12.Туған жердің күні де ыстық,.../түні де ыстық/
13. Еңбек түбі – береке, .../көптің түбі – мереке/
14.Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,... /Еріншек ұйқыдан қирап тұрады/
15.Әдептілік, ар-ұят –... /Адамдықтың белгісі./
16. Адалдан зиян жоқ,.../Арамда иман жоқ./
17.Ағайынның алтын сарайынан.../Ананың жыртық лашығы артық./
18. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген? І. Жансугуров, А.Кұнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытотов /І. Жансугуров /
19. Қартқожа қай жазушының кейіпкері? /Ж.Аймауытов/
20. «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? /Қазыбек би/
Жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз береміз.
Жүргізуші: Үшінші бөлім «Жорға» - деп аталады
Шарты.: 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде. Ойынды ұпайы ең төмен оқушы бастайды. Осы бөлімде ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
Қазақ тілі.
10. Үнді дауыссыздарды ата ./р, л, м, н, ң, й, у, /
20. «Сарғая» сөзінде неше дыбыс бар? Жеті дыбыс бар, өйткені ,мұнда я ярпі қосарлы дыбыс/
30. У дыбысы қай кезде дауыссыз болады? /Дауыстыдан соң және сөз басында дауытыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: Зәуре, уақыт/
40. Тақырып дегеніміз не? / Тақырып дегеніміз – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Тақырып сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық жағынан байланыстырады./
Әдебиеттік оқу
10. Шығарманың аты мен авторын айтып беру керек
... Кімге тұлға болмақсың?
Күні мен түні
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің...
Ал біздің жиғанымыз дән, / «Бидай мен Қаңбақ» Асқар Тоқмағамбетов/
10. . Шығарманың аты мен авторын айтып беру керек
...Тілек тілеу әлі де кеш емес. Бар өміріміз алда, асығып қайтеміз? Қолымыздан келетін оңай істі тілеп, кейін өкініп қалмайық.
Жылдар өтіп жатады. Өздері қартайса да, бұрынғыша еңбек етіп, соның жемісін татып, ел қатарлы өмір сүреді.
Ия, жаман заттың адал қолда болғаны жақсы заттың арамза қолға түскенінен әлдеқайда артық қой. / «Сақина» ертегі/
20. . Шығарманың аты мен авторын айтып, сұраққа жауап беру керек.
О, шіркін! Дүниеде менің . . . жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ, - деді.
Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені? / «Кімнің мекені?» Сәкен Жүнісов./ (құмырсқа мекені өзі жайлы, өзі жұмсақ, өзі биік,)
30. «Отан деген не?» дейтін сұраққа жауап беріп көр.//
40. «Борыш» сөзін басқаша қалай атауға болады? «Асырау» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
/Ата-ана алдындағы борышың деген сөзді қарызың деп басқаша айтуға болады, ал асырау деген сөз ата-ана балаларын оқытып асырап үлкен азамат болғанда олар қартайған ата-анасының алдында борышын өтеп, асырайды.Осы сөздер туралы Ы. Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» шығармасында жақсы айтылған.
Математика
10. Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істеу керек? /Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек.
10. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады?
/ Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады? Азайтуды қосумен тексеруге болады /
20.Уақыт және оның бірліктерін ата? /секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр/
30.Литрмен нені өлшейді? Килограммен ше? Сантиметрмен ше? Секундпен ше? /литрмен сыйымдылықты, килограммен массаны, секундпен уықытты, сантиметрмен ұзындықты/
Логика әлемі
20. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
/ 1=2 =3 =4 =5 =6 =7 = = = = 20 оқушы бар/
10 Маржанның әкесі 40 жаста.Ол Маржаннан 30 жас үлкен.Маржан неше жаста.
/40 – 30 =Маржан 10 жаста/
20. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Талғат 1 шамды сөндірді. Неше майшам қалды?
/5 майшам, өйткені Талғат оны тек қана сөндірді/
40. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
/24 сағаттан кейін түнгі 10 сағаты болады/
Қорытынды
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер. - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, қуанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – деп
Тәуелсіздік күніне арналған сайыссымызды аяқтаймыз.
Жетекші орта жалпы білім беру мектебі
Павлодар қаласы

XXI ғасыр қөшбасшысы
Өткізген: Исабекова Л.Қ.

2014-2015 оқу жылы