ХХІ ?асыр к?шбасшысы


«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды – танымдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту және география пәнінен алған білімін шыңдау.
Көрнекілігі: Плакат «ХХІ ғасыр көшбасшысы», Слайдтар, Қатысушылардың номері, Шар
Әдісі: Интеллектуалды – танымдық ойын
Қатысушылар: 8 – 10 сынып оқушылары
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, құрметті қатысушылар! Бүгін біз «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды – танымдық ойынын өткізгелі отырық. Бұл ойында тек жылдам, батыл, әрі күтпеген жағдайларда өзін көрсете білетін ойыншы ғана жеңіске жетеді.
І – тур. Таныстыру.
Турдың ережесі: Өзіңіз туралы қысқаша мәлімет.
1 – қатысушы: Жәкен Нұрхан
2 – қатысушы: Қыдырсиық Руслан
3 – қатысушы: Айтжанов Раббил
4 – қатысушы: Дүйсенов Мумынжан
5 – қатысушы: Салиева Айторғын
6 – қатысушы: Байболова Жұлдыз
ІІ – тур. Бәйге.
Турдың ережесі: Жүргізуші сұрағына бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауап – бір ұпай!
1. Күн жүйесіндегі 4 – ші планета? (Марс)
2. Экватор сызығының ұзындығы қанша? (40 000км)
3. 366 күннен тұратын жыл. (Кібісе жылы)
4. Тұсбағардың толық шеңбері неше градустан тұрады? (360º)
5. Топографиялық картада жер бетінің ой-қыры қандай сызықтармен бейнеленеді? (Горизонталь)
6. Жер қыртысының мұхиттағы қалыңдығы. (5-10км)
7. Тау жыныстары шығу тегіне қарай неше топқа ажыратылады? (3 - ке)
8. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы. (1500 м/сек)
9. Атмосфераның ең төменгі қабаты. (Тропосфера)
10. Барометрді ойлап тапқан ғалым. (Э. Торичелли)
11. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін не деп атаймыз. (Бұлттылық)
12. Әр жарты шардың негізгі ауа массасы қанша? (4)
13. Оңтүстік поляр шеңбері нешінші градустар арқылы өтеді? (66,5º о.е.)
14. Дүниежүзілік мұхит суының орташа температурасы. (17,5ºС)
15. «Гүрілдеуік су» деген атаққа ие болған сарқырама. (Ниагара)
16. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы. (361,1 млн км²)
17. «География ғылымының атасы» (Эратосфен)
18. Христофер Колумбтың бастаған экспедициясы қашан басталды. (1492ж)
19. Мұхиттық жер қыртысында жоқ қабат. (Гранит)
20. Сөнбеген жанартаулардың саны? (800-ден астам)
21. Жер шарындағы климаттық белделердің саны? (13)
22. Грек тілінен аударғанда «Тереңдік» (Бентос)
23. Өлі теңіз орналасқан ойыс. (Гхор)
24. Ағылшындар, Немістер, және Норвегтер қай тіл топтарына жатады? (Герман)
25. Миссисипи қай материктің өзені? (Солтүстік Америка)
26. Амазонка өзенінде тіршілік ететін қолтырауын. (Кайман)
27. Африка құрлығының ең ірі жануары. (Піл)
28. Мозамбик бұғазы арқылы бөлініп тұрған арал? (Мадагасар)
29. Австарлия материгінің шығысында орналасқан тау? (Үлкен Суайрық жотасы)
30. Қай материкте тек ғалымдар тұрады? (Антарктида)
31. Қазақстанның жерінің ауданы қанша? (2724,9 км²)
32. «Диуани лұғат – ат – түрік » атты еңбектің авторы кім? (Махмуд Қашғари)
33. Қазақстанның ең биік шыңы? (6995 м)
34. Қазақстанның табиғат зоналарының саны қанша. (4)
35. Қазақстандағы облыстар саны қанша? (14)
36. Еліміздің ең үлкен көмір алабы (Қарағанды)
ІІІ – тур. Полиглот
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Б ұ л т – О б л о к о – С l o u d
Арыстан арқырады,Орман жарқырады.
Н а й з а ғ а й – М о л н и я – L i g h t n i n g
Сырылдатады шәйнегн,Ұнатпаса да жұрт, мейлі.Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді.  
Ж а ң б ы р – Д о ж д ь – R a i n
ІV – тур. Көкпар