ХХІ ?асыр к?шбасшысы. Сыныптан тыс шара


Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы
Ақтау ОЖББМ-Б

Сыныптан тыс шара
Құрастырған: Биология пәні мұғалімі
Атабаев Тілекқабыл Максимұлы
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы».
Сыныбы: 8-10 сыныптар.
Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін жинақтау. Пән бойынша білімдерін қорытындылап, жүйелеу. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, экологиялық көзқарастарын кеңейту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сынып бөлмесі, компьютер, мультимедиялық проектор, экран немесе интербелсенді тақта.
Пайдаланылған әдебиеттер: Биология пәні оқулықтары, ғаламтор желісі.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, қонақтар, сайысқа қатысушылар!
Еліміздің ертеңі білімді ұрпақ қолында екені баршамызға мәлім. Еліміз мықты да бақуатты мемлекет болуы үшін еліміздің ертеңі – мына сіздер жаңа заман талабына сай білімді де білікті болуыңыз керек. Бүгінгі кешіміз сіздердің осы жолда алып жатқан білімдеріңізді сынап көру. Ендеше сайысымызды басталық.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Бүгінгі сайысымыз мына бөлімдерден тұрады:
1кезең. Іріктеу сайысы. Түрлі пәндер бойынша викториналық сұрақтар.
2 кезең. Бәйге. Блиц-сұрақтар.
3 кезең. Полиглот. Мақал-мәтелдерді толықтырып, түсіп қалған сөздердің ағылшынша, орысша аудармаларын табу.
4 кезең. Ғажайып алаң. Тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайларға ие болады.
5 кезең. Бейне жұмбақтар. Әрбір ойыншы тақырыптар бойынша бейне жұмбақтарға жауап береді.
6 кезең. Жұмбақшылар сайысы. Көрермендерге арналған сайыс, жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.
Әділ қазылар алқасымен таныстырайық:
Әділ қазыға ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
Армысыздар ағайын
Сiздерге жар салайын
Жүлдегерi ғасырдың
Үздiктерi бiлiмнiң
Жарысқа қадам басыңыз
Сахнадан орын алыңыз дей келе алғашқы кезеңіміз іріктеу сайысына кезек береміз.
І кезең. Іріктеу сайысы.
Сайыс жалпы аудиторияға арналып өткізіледі. Дұрыс жауап берген оқушылар жұлдызшаларға ие болады. Үш жұлдызшаға ие болған қатысушы ойыншы дәрежесіне өтеді. Сайыс аяқталған соң ең көп жұлдызшалар жинаған қатысушылар ойынға қатыса алады. Сайысқа жеті оқушы іріктеледі.
Іріктеу сайысының сұрақтары:
Үндістанда қандай жануар қасиетті болып саналады? (Сиыр)
Бір жағы тұщы, екінші бөлігі ащы су болып келетін көл? (Балқаш)
Үш дүркін олимпиада чемпионы атағына ие болған тұңғыш қазақстандық спортшы? (Илья Ильин)
Адам ағзасындағы ең ірі без? (Бауыр)
Гималай тауының ең биік шыңы? (Эверест)
Абай Құнанбаевтың әжесі? (Зере)
Абылай ханға бала кезінде Төле бидің қойған лақап аты? (Сабалақ)
Әлемдегі ең кішкентай құс? (Колибри)
Телефон желісі арқылы ғаламторға қосылуға қажетті құрылғы? (Модем)
Киіз үйдің есігі қалай аталады? (Сықырлауық)
Өсімдіктердің күн сәулесінің әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзу процесі? (Фотосинтез)
«Аққу, шортан һәм шаян» мысалы кімнің шығармасы? (Крылов)
1 гегабайтта неше мегабайт бар? (1000 мб)
Тек қана өсімдіктер жасушасында кездесетін органоид? (Пластидтер)
Паник жылғасының тасуы ненің әсерінен болады? (Қар суының еруінен)
«Медицинаның атасы» деп кімді атаймыз? (Гиппократ)
Футбол ойынында 10 ойыншы ойнайды ма? (Ия, 1 ойыншы алаңнан қуылған жағдайда)
18.Әлемдегі ең ірі сүтқоректілер? (Көк кит)
19.Қазіргі таңдағы ең өзекті жаһандық экологиялық мәселелер? (Парниктік эффект, ластану, озон қабатының тесілуі)
20. «Соғыс және бейбітшілік» кімнің шығармасы? (Л.Толстой)
21.Жер бетіндегі ең халқы көп мемлекет? (Қытай)
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
ІІ кезең. Бәйге.
Бұл сайыста сайысқа қатысушыларға биология пәні бойынша блиц-сұрақтар қойылады. Сұраққа жауапты ең бірінші болып қолбелгілерін көтерген оқушы бере алады. Әрбір дұрыс берілген жауапқа бір ұпайдан беріледі. Сайыс соңында ең аз ұпай жинаған оқушы сайыстан шығарылады.
Бұл сайыста іріктеуден өткен жеті оқушы қатыса алады.
1.Әлемдегі ең жүйрік аң? Гепард
2.Қанатты сүтқоректілер? Жарғанат
3.Маймылдар қай отрядқа жатады? Приматтар
4.Картоптың отаны? Оңтүстік Америка
5.Әлемдегі ең биік жануар? Керік
6.Адам денесіндегі сүйек саны? 200-ден астам
7.Ең ірі гүлді өсімдік? Рафлезия
8.Антарктида құстары? Пингвиндер
9.Жасушаның «энергетикалық стансасы»? Митохондрия
10.Тамыр жүйесінің типтері? Шашақ, кіндік
11.Адам нәсілдері? Монголоидтық, еуропоидтық, негроидтық
12.Қара бидай қандай тұқымдасқа жатады? Астық тұқымдасына
13.Амебаның қозғалыс мүшесі? Жалғанаяқтары
14.Бақаның тынысалу мүшесі?Өкпе
15.Адамдағы қабырға саны? 12 жұп
16.Қолтырауынның жүрегі неше бөліктен тұрады? 4 бөліктен
17.Не себепті су құстарының қауырсындарына ылғал жұқпайды? Құйымшақ бездерінен майлы зат бөлінеді
18.Адамда неше қан тобы болады? 4
19.Екінші нан болып есептелетін түйнекті өсімдік? Картоп
20.Қоректену тәсіліне байланысты тірі ағзалар қандай екі топқа бөлінеді? Автотрофты, гетеротрофты
21.Фотосинтез нәтижесінде жасыл өсімдіктерден бөлінетін газ? Оттек
22.Өрмекшітәрізділер өрмекті қалай тоқиды? Өрмек бездерінен бөлінген сұйықтық арқылы
23.Шаянтәрізділердің зәршығару мүшесі қай жерде орналасқан? Басында, мұртшаларының түбінде
24.Гевея ағашынан алынатын өнім? Каучук
25.Ең ірі құс? Африка түйеқұсы
ІІІ кезең. Полиглот
«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» дегендей қазіргі жаһандану дәуірінде көптілділік саясаты еліміз үшін маңызды бағыт болып саналады. Сондықтан да осы сайыста оқушыларымыз мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп қана қоймай осы сөздердің екі тілдегі аудармасын да табуы тиіс.Тек жауабын тапса 5 ұпай, бір аудармасын қоса айтса 10 ұпай, жауабымен бірге екі тілдегі де аудармасын тапса 15 ұпайға ие болады. Сайыс соңында ең аз ұпай санын жинаған оқушы қошеметпен ойыннан шығарылады.
1.Халқымыз жеңіл ауру санайтын қатерлі дерт? Тұмау- грипп-flu
2. Таяқ еттен өтеді,
Сөз ... өтеді. Сүйек- кость-bone
3. Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. Жапырақ- лист-leaf
4. Негізі сутек пен гелиден
тұратын қызған алып шар ? Күн- солнце-sun
5. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады? Қорғасын-свинец-плюмбум
6. Сұйық металл? Сынап- ртуть-гидраргирум
7. Ел іші ... бесік. Алтын-золото-аурум
8. Батыр майданда шыңдалады
.... қайнауда шыңдалады. Темір-железо-феррум
9 . Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiн қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Сүт – молоко - milk
10. Сирағы ұзын, мүйiзi қысқа,
Бұл өзi аң ба , құс па ?
Керiк – жираф - giraffe
11. ------- болам десең, бесiгiңдi түзе.
Ел – народ – people
12. ----- бәрiнен де қымбат,
өйткенi ----- - мектептiң жүрегi.
Мұғалiм – учитель – teacher
ІV кезең. Ғажайып алаң.
Бұл сайыста оқушылардың биологиялық сауаттылығының жан-жақтылығын анықтау мақсатында биология ғылымының әр саласы бойынша түрлі тақырыптар берілген. Осы тақырыптардың әрқайсысында үш деңгейде сұрақтар жасырылған (10, 20, 30) . Қай деңгей сұрағына жауап берсе, сәйкес ұпай санына (10, 20, 30) ие болады. Кезең соңында ең аз ұпай жинаған оқушы марапатпен ойыннан шығарылады.
1-тақырып: «Тәні саудың-жаны сау» валеология саласы бойынша сұрақтар.
10. Тіс ауруларын зерттейтін медицина саласы? (Стоматология)
20. Йод элементінің тапшылығынан адам ағзасында туындайтын ауру? (Эндемиялық зоб)
30.Әлсіздік, дене массасының азаюы, тершеңдік, 3 аптаға дейін жөтелу қай аурудың негізгі симптомдары болып табылады? (Туберкулез)
2-тақырып: «Орман, тоғай жердің көркі...» ботаника саласы бойынша сұрақтар.
10.Өсімдіктердегі тамырлардың түрлері? (Негізгі, жанама, қосалқы)
20.Қынаның денесі қандай ағзалардан тұрады? (Саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырлардан)
30.Қабығы аршылған алманың жемісті денесі неліктен қараяды? (Жемісті денесінде мол мөлшерде кездесетін темірдің әсерінен)
3-тақырып: «Бізді қоршаған әлем» зоология саласы бойынша сұрақтар.
10.Әлемдегі ең ауыр тірі ағза? (Көк кит)
20.Ағзаларды жәндіктер, жануарлар деп қандай белгісіне қарап бөлеміз? (Омыртқа жотасының болу-болмауына байланысты)
30.Құстардың ұшу қабілетіне байланысты зәршығару, қаңқа, тынысалу
жүйелеріндегі ерекшеліктер? (Қуықтың жойылуы, сүйек қуыстарының ауаға толуы, өкпе қапшықтарының пайда болуы)
4-тақырып: «Тәнтану» анатомия саласы бойынша сұрақтар.
10.Адам жүрегі қандай бөліктерден тұрады? (2 қарынша, 2 жүрекше)
20.Адам ағзасы қандай ұлпалардан тұрады? (Дәнекер, бұлшықет, жүйке, эпителий)
30.Көп мөлшерде алкогольдің әсеріне ұшыраған адамның қимыл-қозғалысының бұзылу себебі? (Алкогольдің мидағы қимылға жауап беретін мишықтың жұмысына әсер етуінен)
5-тақырып: «Табиғат ананы аялайық!» экология саласы бойынша сұрақтар.
10.Семей экологиялық аймағындағы экологиялық ахуалға не себеп болды? (Семей ядролық полигонындағы сынақтар)
20.Ең алғаш озон қабатының үлкен тесігі байқалған аймақ? (Антарктида материгі)
30.Дүниежүзілік мұхит суларының ластануына ең үлкен қауіп туғызатын фактор? (Мұхит суының бетіне мұнайдың төгілуі)
ІV кезең. Бейнетапсырмалар сайысы.
Бұл сайыста әр ойыншы бейнетапсырмаларды таңдап алып, соған жауап беруі тиіс. Жартылай жауапқа 10 ұпай, толық жауапқа 20 ұпай беріледі.
Сайыс соңында ең аз ұпай санын жинаған оқушы ойыннан шығарылады, қалған үш оқушы ұпай сандарының сәйкесінше І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарға ие болады.
Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша қалған көрермендерге пән бойынша жұмбақтар сайысын өткізелік. Әрбір дұрыс табылған жұмбақ шешушіге сыйлықтар табысталады.
Жұмбақшылар сайысы.
Сауле артында жүз ине,
Десек сөзді жасырдым.
Тапқыр болсаң тауып көр
Қулығымды асырдым
(кірпік)
Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығының билеп тұрған анасы бар. (адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)
3. Жиырма баласы бар төртеуі ана,
Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.
(2 аяқ, 2 қол , саусақтар)
4. Күбір-күбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
Осы айтқан жұмбақты,
Дұрыс тапсаң жарадың.
(құлақ)
5. Қызыл түлкі шықпайды
Өз інінен шықпайды.
(тіл)

6. Көсеуім басы ақ күміс,
Тапшы кәне көрелік
(саусақ пен тырнақ)
7. Оң қолым, сол қолым,
Бәріде өз қолым.
Тапқыр болсаң, тапшы қане?
Барлығы не болады.
(10 саусақ, қол)
8.Арғы тегі жағынан,Адамға жақын келетін.
Мәңгі жасыл орманда,Африкада өмір сүретін
Аса үлкен маймылды,Кім атайды айбынды?
(горилла)
9.Сирақтары сырықтай,Мойын деген құрықтай.
Шөк десең шөкпейді,Мойны жерге жетпейді.
( керік)
10.Сұм жүзді,құралай көзді,Киікше секіреді,
Бура санды,жолбарыс тонды.
(құрбақа)

11.Адам мен жануардан бөлінеді,
Өсімдіктің торына ілінеді.
(көмірқышқыл газы )
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып – дей келе әділ қазылар алқасының шешімін тыңдайық.
Сайысқа қосымша сұрақтар:
Жасушаларды зерттейтін ғылым - Цитология
Жасушаның химиялық құрамы қаншаға бөлінеді? (2, органикалық, бейорганикалық)
Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ -(оттек)
Ұйқы безінен бөлінетін гормон - (инсулин)
Тіс дәрігері – (стоматолог)
Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны - (46)
Түйе малының бiр төлiнiң аты басқа екi малдың төлiнiң атынан құралған. Ол қандай төл? (тайлақ)
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (Микология)
Шығу тегі атқаратын қызметі бірдей жасушаралық заттармен жасушалар жиынтығы қалай аталады? Ұлпалар
Ағзалардың жеке дамуы қалай аталады? онтогенез
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым – генетика
Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.\Ботаника\
13. Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? . \ 1981 жылы\
14. Қазақстанда қанша қорық бар? . \ 9 \
15. Өсімдіктің өсім мүшелерін ата.\ тамыр, сабақ, жапырақ\
16. Өсімдіктің көбею мүшелері . \ гүл, жеміс, ұлпа\
17. Жасушаны ашқан ғылым . \ Роберт Гук \
18. Тек өсімдік жасушасына тән денешік . \ пластик \
19. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы \ ұлпа\
20. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады \органикалық\
21. Тамыр шығу тегіне байланысты нешеге бөлінеді, оларды ата
\ 3- ке негізгі, жарнама ,қосалқы \
22. Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты \жылдық сақина \
23. Күн гүлі деп аталатын өсімдік \ күнбағыс \
24. Ең ірі жеміс \ асқабақ \
25. Фотосинтез процесін ашқан ғылым \ Тимирязов \
26. Жапырақтары түгелдей тікенге айналған өсімдік \ кактус \
27. Жарықта өсімдік жапырағынада жүретін проссесс \ фотосинтез\
28. Түрі өзгерген жер асты өркендері \ тамырсабақ , түйнек , пиязшық \
29. Түйнекте жетілмеген жапырақтың құрап түсіп қалған ізі \көзше\
30. Бидайдың жемісі не деп аталады \ дәнек \
31. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы \ қос жынысты \