открытый урок ХХІ ?асыр к?шбасшысы


«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштықЕстілмейді дыбыс түкМұны біз де қоштаймызКешіккендерді тоспаймыз«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 5-6 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамыздаСіздерге құрметпен қол соғылады.Қазылар орнықтырар әділдіктіКімдердің жауаптары кәміл шықты,Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1._________________________________
2._________________________________
3._________________________________
1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.Бұл бәйге ойдың бәйгесі,Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.2 - жүргізуші:1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз4 турдан тұрады:1. Бәйге2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.а) 40
б) 42
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа
б) қария қалам3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2
б) 3
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау
б) пайымдау
в) әңгімелеу5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті
б) хабарлы
в) сұраулы6. Жұрнақтың белгісін көрсета)
б)
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап
б) тау
в) жазық8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз
б) түбір сөз
в) жалғау9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсетА) гер
б) бек
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ
б) жап - ырақ
в) жапыр - ақ2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - shuger )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,Тамырында каны жоқМай жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақҚыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,Сөйлемейді тілі жоқ.Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды(Доп - мяч -. bool)
10. Жолбарыстан аумайдыПеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )11. Ашылып жабыладыӘр үйден табылады12. Жылт – жылт еткенЖылғадан өткен (су – вода - water )13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,Әдетінен таңбайды.(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамынБіткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,Жүректерде шоқ бар екен байқадым.әрқашанда осы өнерді сөндірмей,біліміңмен шарықтай бер әрдайым.2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскеншеКөк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Қарақоға орта мектебі
Карагугинская средняя школа
XXI ғасыр көшбасшысы.
Өткізген- Сапарова С. Т.
2013-2014 оқу жылы