Т?рт т?лік туралы жырлар


Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын. Сиыр.Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.2. Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.3. Тәрбиелігі:Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой – қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу.1) Психологиялық дайындық- Балалар, кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Біздің көңіліміз қай кезде көтеріледі? (сыйлық алғанда, ойнағанда, ата - анамыз еркелеткен кезде)- Ал, ендеше балалар, бір - бірімізді еркелетіп көңілімізді көтеріп көрейікші.(Ақылдым сол, қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, алтыным менің, ай - күнім, әдемісің өзің, жарығым, періштем, әнім - сәнім сол, құндызым, жұлдызым)
ІІ үй тапсырмасын сұрау.Көл өлеңін жаттауды сұрауІІІ Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі:
Өткен сабақ бойынша сұрақтар
ІҮ Жаңа сабаққа даярлық кезеңі: Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.Үстел үстіндегі қима қағаздарды алып, әр бала өз орнын тапсын.1 - топ Қошақандар2 – топ Ботақандар
3-топ Құлыншақтар болып бөлініп отыра қалайық. Әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын. Әр топ басшысына бағалау парағын беремін. Балалар тізімін жазып, тапсырмалар бойынша бағалап отырасыңдар.
Ү Жаңа сабақ Төрт түлік жырлары.
1-тапсырма- Төрт түлік жайлы не білетініміз жөнінде, ой қозғап көрейік.Қазір «Төлін тап» ойынын ойнайық. Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі....., Қой төлі..., Сиыр төлі... «Дауысынан ажырат» ойынын ойнайық. Балалар бұл ненің дауысы? Тыңдап көрейікші. Жақсы ( кісінейді, боздайды, маңырайды, мөңірейді). Бұл ненің дауысы екен, түйенің дауысын естіп көріппе едіңдер? Бұл ерекше дауыс түйенің боздағаны екен.
2-тапсырма:
Пірлерін тап» ойыны арқылы әр түліктің пірлерін сәйкестендіру кестесі:Сиыр --- Зеңгі бабаТүйе --- Қамбар атаЖылқы --- Қамбар атаҚой --- Шопан атаЕшкі --ШекшекатаҮІ Білімдерін тексеру кезеңі:
Оқулықпен жұмыс: 3 – тапсырмаЖұмбақ  шешу
Келеді бір жануар,                         
 
Үстінде бір тауы бар.                    
 
                            (түйе)                   
 
Көкке шаншып  құйрығын,            
 
Келеді шауып жүйрігім.              
 
                            (жылқы)
 
Басында мүйізі бар,
 
Үстінде киізі бар.
 
                           (сиыр)
 
Кішкене ғана бойы бар,
 
Айналдырып киген тоны бар.
 
                                            (қой)4 - тапсырма:
Оқулықпен жұмыс жасайық
Барлығымыз ішімізден «Төрт түлік» өлеңін ішімізден оқып шығайық.
Үш топтан 3 оқушы тұрып оқып шығады
Дәптермен жұмыс: Сәйгел, оқыра сөздерінің мағынасын дәптерге жазып алайық.Сәйгел, оқыра - сиыр малына тиетін сона тәрізді жәндік..
VІІ. Сабақты бекіту:
5-тапсырма:
  Қазір мен үш топқа тапсырма беремін.1 - топ сендердің тапсырмаларың жылқы мен түйенің пайдасын жазыңдар.
3-топ: сендер қойдың пайдасын жазыңдар2 - топ ал сендер сиырдың пайдасын жазыңдар.2 мин уақыт беріледіҮІІІ Үй тапсырмасын беру кезеңіТөрт түлік малын жаттауБағалау
- Топ басшыларына сөз кезегін берейік. Өз топтарындағы балаларға қойған бағалары