Ашы? саба?. Та?ырыбы: Т?рт-т?лік туралы жырлар


Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.
Мақсаты: 1. « Төрт түлік туралы жырлар » жайлы түсінік беру.
2. Білімін, тілін дамыту.
3. Төрт түлікті сүюге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелер
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындық
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай.
1. Тақырыпты оқыту.
2. Мазмұнын сұрау.
III Білімді тексеру кезеңі:
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
-Аңыз кімдер туралы құрылған?
- Жұрт байды неліктен «Шығайбай»деп атап кеткен?
- Алдар Шығайбайдың ауылына не үшін аттанады?
-Алдар жолда көргендерін қалай тұспалдап айтты?
- Оның сөзі Шығайбайдың отбасын не істеуге мәжбүр етті?
2.Қорытындылау
IV Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Төрт түлік туралы жырлар.
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Тақырыпты оқу, талдау.
2. Сөздік жұмысы.
3.Сергіту сәті
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Өлеңдерді оқушыларға оқыту. а/ іштей ә/ дауыстап тізбектей.
2. Өлеңдер бойынша сұрақтарға жауап алу.
-Халық малды неге ерекше құрметтеген?
-«Малдың пірлері» деген ұғым қалайша пайда болған?
-Төрт түлікті ата?
- Әр түліктің төлдерінің аттарын еске түсір?
3. Тапсырмаларды орындау.
VII Бекіту кезеңі
Қорытындылау
VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:
1 Қалаған өлеңдерін жаттау, мәнерлеп оқу.20-21 бет.
2.Бағалау