Т?елсіздік ел-тілегі К 25-летию Казахстана


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:01.09.16
Білім беру саласы: Қатынас Таным Әлеуметтік орта Шығармашылық
Кіші сала: Тіл дамыту. Сурет салу. Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің сүйікті Қазақстаным.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге,Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыру, елбасымызды тану мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп,танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорларын, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қызмет
кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу ояту Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне жақсы сөздер айтып амандасады. -Сәлеметсің бе, Зарина ,сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе,Милена , сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе,Ділнәз ,сен сұлусың.
Ұйымдастыру іздену -Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Президентіміз кім?
Бас қаламыз қай қала?
Бүгінгі күні жер шарымызда екі жүзге жуық ел бар деп есептеледі. Солардың барлығының мемлекеттік өз рәміздері:туы,елтаңбасы және әнұраны бар.
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып әұранды орындаймыз.
-Балалар мынау не?
-Дұрыс бұл біздің еліміздің туы.
-Туда сендер ненің белгілерін көріп тұрсыңдар?
-Туымыздың түсі қандай екен қараңдаршы?
-Неге ұқсайды?
Дұрыс айтасындар. Қ.Р/сы мем/к туының түсі көк. Бұл түс бейбітшіліктің,тыныштықтың, жарқын болашақ пен ашық аспанның белгісі болып саналады. Тудың ортасында нұр шұғылалы күн орналасқан.
Бұл бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында шарқырап ұшқан бүркіт бейнеленген.
Т/ң сол жақ қанатында қазақтың ұлттық өрнегінің суреті салынған. Ол қазақтың мәдениеті және әдет- ғұрпымен таныстырады. Күн, бүркіті және өрнек алтындай сары түспен бейнеленген.Бұл түс молшылықты,байлық және бақытты білдіреді.
Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Сендерге не таныс?
Қандай белгілер салынған екен?
Ия,өте жақсы,дұрыс айтасындар
Мұндай жұлдыз мем/е деболу қажет.
Тұлпар-күннің, қозғалыстың рәмізі,орнықтылық,тұрақтылық рәмізі. Қанатты тұлпар бойында уақыт пен кеңістік ұласады.
Ал,енді балалар біраз дем алып бойымызды жазып алайық.
Сергіту сәті:
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Балалар енді осы Қаз.Р/ң мем/к туды салайық.
Әдемі көрікті таза саламыз, суреттке қарап.
Бәріміз жүрсек айналып,киіз үй боп көрінер.
-Қаз.Р\ң мем/к әнұранымен сендер таныстыңдар. Ал,еске түсірейік бәріміз.
Жарайсыңдар б/р,ал мына суретке қараңдар. Мына балаларға анықтап қараңдар. Олар бізге әр түрлі елдерден, әр түрлі құрылықтардан келді.Б/р өз мем/ң туын қолдарына ұстап тұр.
Ал,оларды қарсы алған ұлдың қолында Қазақстан туы.
-Қане осы тулардың ішінде Қазақстан туын кім көрсетеді?
Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Ендеше сол ойындарды ойнайық. Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Бас қаламыз Астана
Бұл біздің өзіміздің рәміздеріміз: Көк ту, Елтаңба, Әнұран.
Көк Ту.
Күн,құс пен оюдың бейнесі.
-көк,көгілдір түс.
-аспанға ұқсайды.
-бұл елтаңба.
-шаңырақ,ат,жұлдызша.
Елтаңбаның негізгі
Мынау Қ.Р/ң елтаңбасы. Елтаңбаның негізі- шаңырақ.Ол елтаңба жүрегі.Шаңырақ- дүниежізілік ошақты,бүтіндікті көрсетеді. Шаңырақ-мем/ң ең негізгі рәмізі-отбасы. Шаңырақ-күн дөңгелегі. Елтаңбаның маңдайында бес бұрышты жұлдызша салынған.адамдардың әр қайсысында өз жолбасшы жұлдызы болады.
Балалар бір-біріне қолдарын созып,көтереді.
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Сурет салады.
Балалар орындарынан тұрып оң қолдарын жүректеріне қойып барлығы айтады
Балалар суреттегі тулардың ішінен Қазақстан туын көрсетеді.
Ұлттық ойындар: «Асық», «Арқан тарту»,Қыз қуу», «Сақина тастау» т.б
Рефлексті түзету Балалар сендерге бүгінгі ҰОІС- ік ұнады ма?
Өте жақсы балалар. Сендер өз мем/ң рәміздерін жақсы білетін екенсіңдер,ал қане тағы да қайталайықшы.
-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтады?
-Туда бейнеленген күн нені білдіреді?
-Ал, ою? Ия ұнады
-Қ.Р/ның мемлекеттік туы,елтаңбасы және әнұраны.
-бейбітшілікті,
-әдет-ғұрыпты.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Отанды сүюге,Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түсінеді: Рәміздерде бейнеленген белгілер нені білдіретінің білу.
Қолданады: Қ.Р. рәміздері туралы түсінікті меңгеру.