1001 ма?ал 101 ж?мба?



Ата салтым асыл мұрам, ардағым,Бабалардың жалғастырар арманын.Сан ғасырда қалпын бұзбас қадіріӨткенімді бүгінменен жалғадым.— Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар мен қонақтар! «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты мақал-мәтел сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс мынадай айналымдардан тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру2. Кім көп мақал-мәтел біледі?3. Мақалдың бастапқы жолы айтылады келесі жолын мақалшылар жалғастырады.4. Кім тапқыр?5. «Даналық ойдан дән ізде»Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасынтүсіндіретін мақал - мәтелді таңдап,талдайды (ортаға 2 топтан оқушы шығады).6. «Біз білмейтін бір мақал» Күнделікті өмірде көп қолданылмайтын мақал - мәтелдердің мағынасын ашып, тәрбиелік мәніне тоқталу.
1 – тур Өзін-өзі таныстыру
2 - тур «Кім көп біледі?»
3 - тур «Мақал – сөздің мәйегі» (мақал - мәтелдің басын жүргізушілер оқиды, қатысушы топтардан бір - бір оқушыдан шығып мақалды жалғастырады).Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
1.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
2.Ел іші - алтын бесік.
3.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
4.Отан оттан да ыстық,жалыны бар шоқтан да ыстық.
5.Отан отбасынан басталады.
6.Отан қадіріне жетпегенөз қадіріне жетпейді.
7.Отан елдің анасы,Ел ердің анасы.
8.Жауда қалған бұлбұлданОтанға қайтқан ит артық.
9.Бұлбұл гүлзарын сүйеді,Адал адам Отанын сүйеді.
10.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
11.Опасызда oтан жоқ.
12.Отан — отбасынан басталады.
13.Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.
14.Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
15. Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.
4– тур «Кім тапқыр?» Жүргізушілер жұмбақ жасырады,жауабын ойыншылар тауып, солжұмбақтың жауабына сәйкес мақал - мәтел айту керек (ортаға 2 топтан оқушы шығады). 1.Жұмбақ:
Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау. (Түйе)
Мақал: Көрмес түйені де көрмес.
2. Жұмбақ:
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар)
Мақал: Қалауын тапса қар жанар.
3. Жұмбақ:
Желден желігеді
Судан шегінеді. (От)
Мақал: Отан оттан да ыстық.
4. Жұмбақ:
Жылт-жылт етедіЖылғадан өтеді. (су)
Мақал: Судың да сұрауы бар.
5. Жұмбақ:
Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)
Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.
6. Жұмбақ:
Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)
Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
5 – тур «Даналық ойдан дән ізде»Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасынтүсіндіретін мақал - мәтелді таңдап,талдайды (ортаға 2 топтан оқушы шығады).1 - ұяшық:Апама жездем сай. 202 - ұяшық:Тасты жерде егін болмас,Текті бала тегін болмас. 303 - ұяшық:Азға қанағат етпеген, көптен құр қалар. 404 - ұяшық: Жалған достан жау артық. 10
6 – тур «Біз білмейтін бір мақал».Күнделікті өмірде көп қолданылмайтын мақал - мәтелдердің мағынасын ашып, тәрбиелік мәніне тоқталу.
С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Жаманова Нұрбибі Нұрбекқызы
Сынып: 4«Б»
Ұзынағаш 2016-2017 оқу жылы