?л-Фараби туралы ?аза? ?дебиеті 6 сынып ашы? саба?


Сабақ тақырыбы: «Әл-Фараби» туралы аңыздар
Сабақ мақсаттары:
аңыз-әңгімелер туралы әңгімені жалғастыру және сұрақ-жауап арқылы жалпы функционалдық сауаттылығын арттыру;
Әл-Фараби туралы оқу және оны Аристотелмен салыстыру арқылы академиялық сауаттылығын жүзеге асыру;
Сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға үйрету арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру;
Жалғау түрлерін анытау арқылы грамматикалық ережелер бойынша білімдерін нығайту;
Халық ауыз әдебиетіне қызығушылық тудыру және оны құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Қолданылған технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап әдісі, мәтінмен жүмыс жасау әдісі, мадақтау-жазалау әдісі, тіл дамыту әдісі, қайталау әдісі
Көрнекілік: портреті, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақ мазмұны:
Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық жасау.
Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
Үй жұмысын тексеру. Аңыз-әңгімелер туралы монолог. «Жиренше мен хан» аңызын ауызша айтқызу.
Аңыз – әңгімелер неге жатады?
Аңыз-әңгіме деген не?
Аңыз-әңгімелердің ертегілермен қандай байланысы бар?
Аңыз-әңгімелердің басты кейіпкерлері кім? Мысал келтіру.
Аңыз-әңгімелерде кейіпкерлер қалай жеңеді?
Жаңа тақырып. Әл-Фараби туралы әңгіме.
Әбу Насыр Әл-Фараби Әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,ботаник, лингвист,  логика, музыка  зерттеушісі. Толық аты - Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби . 870 жылы Сыр бойындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Фараби Аристотельдің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан, шығыс философтары оны "екінші ұстаз" деп атаған. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара,кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырған. «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар»,  “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу”,  "Музыканың ұлыкітабы" ,  "Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. 950 жылы қайтыс болды.
Әңгімені оқу, аудару, түсіндіру, талдау.
Әл-Фараби кім болған?
Оның өмір жылдары қандай?
Әл-Фараби қайда туды?
Ол қандай отбасыда туды?
Әл-Фараби қайда оқыды?
Оны қалай атаған
Ол кімнің ізін қуған?
Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?
Кәсіпке бағыт-бағдар жасау кезеңі: ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,ботаник, лингвист,  логика, музыка  зерттеушісі – сөздерінің мағынасын ажырату.
Үй жұмысы: шығармаға дайындық жасау. 8.Қортынды. Бағалау.