Олимпиада материалдары 8-11 орыс сыныптар?а арнал?ан


Жаханова Алия Тулеутаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақмола облысы Ерейментау ауданы
Ақсуат орта мектебі
Мемлекеттік емес тілде оқитын 8-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдарыI тур Мазмұндама
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:-Анау өрмекші көремісің, не істеп жүр?
-Көремін, өрмек тоқып жүр.
-Анау құмырысқаны көремісің?
-Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады. 
-Жоғары қара, аспанда не көресің?
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар. 
Сонда атасы айтты:- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған өнеге, үлгі.Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіңе азық етуге.Құмырысқа бала шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузынан тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек ,- деді.^
1.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Жирен , қасқа.
В. Жеңіл , тұрмыс.
С.Жәрдем ,көмек.
Д.Жекпе-жек.
Е.Белгісіз , жас.
Мақалды аяқтаңыз. Еңбек түбі – ...
А. Мереке
В. Береке
С. Мейрам
Д. Жақсылық
Е. Байлық
Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
А. Астана.
В. Дәрігер.
С. Түлкі.
Д. Көлік.
Е. Көбелек.
Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.
А. Ғарыш.
В. Орман.
С. Байлық.
Д. Құрлық.
Е. Үміт.
Бітеу және ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А. Әже.
В. Жазда.
С.Үй.
Д. Үлкен.
Е. Ел.

6.Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. Мыс.
А. 2.
В. 1.
С. 4.
Д. 3.
Е. 5.
-тан, -тен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылатынын
көрсетіңіз.
А. а,і,ы,у.
В. б,в,г,д.
С. р,л,й,ю.
Д. м,н,ң,л.
Е. и,л,ы,н.
8. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
А. Үйге.
В. Талапты.
С. Мектепте.
Д. Балалар.
Е.Ағаштікі.
9. Туынды сөзді табыңыз.
А. Сандықша.
В. Жұмысшы.
С. Қанағат.
Д. Көйлек.
Е. Аймақ.
10. Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Тоғыздан.
А. Барыс септік.
В. Шығыс септік.
С. Атау септік.
Д. Ілік септік Е. Табыс септік.
II тур 
1.Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).
Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы, Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қалаңыз.  Туған жер! Мен үшін сенің әрбір тасың, әрбір аң-құсың, әрбір гүлің ыстық, әрі қымбат. Мен үшін сенің көкте күлген күнің қымбат, мен үшін сенің көк аспаның қымбат. Алысқа кетсем, сені сағынамын, көруге асығамын. Мен сенің гүлдеген көктеміңді, жасыл жазыңды, сары алтын күзіңді, ақ мамық қысыңды сүйемін. Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге, оны қорғауға көмектесемін.
Отан үшін отқа түс – күймейсің мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
Мемлекеттік емес тілде оқитын 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдарыI тур Мазмұндама
Жаңа жыл.
Жаңа жыл!Тамаша ғой! Жаңа жыл алдында неше түрлі ойыншықпен безендірілген шыршаның қызыл-жасыл оттары жанады,балаларға сыйлығын алып Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Жаңа жылда шырша оттарын жағатын салт көне замандардан қалған.Оның өзі – Англия мен Германияның ескі тұрғындарында туған салт.
Жаңа жыл барлық елде бірдей бірінші қаңтарда басталмайды.Бір кезде ежелгі римдіктерде жылдың алғашқы айы наурыз саналған,себебі сол кезде егіс жұмыстары басталған.
Бұрынғы кезде қазақтар кейбір басқа халықтар сияқты , жыл басын наурыз айында ,яғни көктемде тойлаған.
Ежелгі Русьте христиан дінін қабылдаған соң, Х ғасырдан ХV ғасырдың ортасына дейін жыл басы бірінші наурыз болған,кейін ол 1 қыркүйекке көшкен.Тек бірінші Петр бұйрығынан соң 1700 жылы жаңа жыл қаңтардан басталды.Жаңа жылды ысқырған жел мен боранда қарсы алу салты осылай енген.
Жоспар:
1.Жаңа жылғы шырша
2.Ежелгі римдіктердің Жаңа жылы
3.Қазақтардың Жаңа жылы
4.Ежелгі Русьтегі Жаңа жыл
5.Бірінші Петрдің бұйрығы
Тест жұмысы
1.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.
А. Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.
В. Жақсы ісімен жақсы
С. Адамға зор денсаулық керек.
Д. Кітап алды.
Е. Семей полигоны жабылды.
2.Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
А. Кім?Не?Қанша?
В. Мен,сен, ол,біз.
С. Өз,өзім,өзің.
Д. Ешқашан,ешкім.
Е. Барлық,бәрі
3. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.
А. Мұғалім балаларды мектеп алдында қарсы алды.
В. Күн шықты.
С. Кәсіпорын өз жұмысын бастады.
Д. Мен мектепке тез жиналдым.
Е. Жаңа мектеп маған өте ұнайды.
4.Қай септіктегі сөз тура толықтауыш болады?
А. Атау
В. Көмектес
С. Табыс
Д. Ілік
Е. Барыс
5. «Бірақ,дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
В. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
С. Себеп –салдар салалас құрмалас сөйлем
Д. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Е. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
6.Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.
А. Кім үшін? Не үшін?
В. Кімге?Неге?
С. Кімнің?Ненің?
Д. Кімнен?Неден?
Е. Қашан?Қайда?
7.Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз.
А. Кім?Не?Қанша?
В. Мен,сен, ол,біз.
С. Өз,өзім,өзің.
Д. Ешқашан,ешкім.
Е. Барлық,бәрі
8. Дұшпан сөзінің антонимін анықтаңыз.
А. Ер
В. Жер
С. Дос
Д. Адам
Е. Жау
9.Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
А. Заттың қимылын
В. Заттың сапасын
С. Заттың ретін
Д. Заттың атын
Е. Заттың белгісін
10. «Кітап» сөзіне тіркесетін сын есімді табыңыз.
А. Семіз
В. Қалың
С. Жылы
Д. Ақсақ
Е. Арық
ΙΙ тур
1.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).

Шоқан Уәлиханов
Шоқан (толық аты - Мұхаммед - Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Оның әкесі Шыңғыс – Абылай ханның шөбересі, қазақ сұлтаны.Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып,сурет салуды үйренеді.
Шоқан 1853 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді.Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді.Ғылым Академиясы мен Орыс география қоғамы жұмыстарына белсене араласады.Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп,осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтер жинайды.Оның аса маңызды еңбектері : «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері» т.б.
Шоқан Уәлиханов Алтынемелдегі Көген-Тоған елді мекеніне жерленген.
Жақсы сөз – жарым ырыс мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
Мемлекеттік емес тілде оқитын 10-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдарыI тур Мазмұндама
Қу түлкі
Бір күні жолбарыс түлкіні ұстап алады.Түлкі құйрығын бұлғаңдатып,тұмсығын жоғары көтеріп:
Сен мені жей алмайсың. Мен осы орманның қожасымын, - дейді.Жолбарыс оған сенбейді.
Мүмкін емес, -дейді.
Сенбесең , менімен бірге орманға жүр.Ормандағы барлық аңдар менен қалай қорқады,көресің,-дейді қу түлкі.
Жолбарыс түлкімен келіседі.Түлкі жолбарыстың алдына түсіп алып, орманда келе жатады.Жолбарысты көрген аңдар мен құстар қорқып , қаша жөнеледі.
Түлкі басын жоғары көтеріп мақтанады:
Ал көрдің ғой, аңдар менен қалай қорқатынын?
Иә,сен шынында да айбарлы екенсің, - депті алданған жолбарыс .
Жоспар:
1.Түлкінің айласы
2. Ормандағы оқиға
3.Алданған жолбарыс
Тест жұмысы
1.Біріккен сөзді анықтаңыз.
А. Орталық
В. Талдықорған
С. Үйшік
Д. Алматы
Е. саналы
2.Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
А. түгіл, тұрсын
В. немесе,әлде
С. мен,бен,пен
Д. ма,ме
Е. дейін,шейін
3. Белгісіздік есімдігін анықтаңыз.
А. неше
В. сол
С. мен
Д. өзім
Е. әлдекім
4. Бастауышы болмайтын сөйлем түрін анықтаңыз.
А. Жақсыз
В. Жалаң
С. Толымсыз
Д. Жақты
Е. Атаулы
5. «Кітап» сөзіне тіркесетін сын есімді табыңыз.
А. Семіз
В. Қалың
С. Жылы
Д. Ақсақ
Е. Арық
6.Үстеудің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А. Частицы
В. Союзы.
С. Наречие.
Д. Глагол.
Е. Имя существительное.
7.Қалау райлы етістікті табыңыз.
А. Ән айтты.
В. Оқып отыр.
С. Сабақ оқыды.
Д. Бара жатыр.
Е. Айтқысы келді.
8. Есімшенің көпше түрін көрсетіңіз.
А. Суреттеген.
В. Беретіндер.
С. Айтпақ.
Д. Жүрер.
Е. Беріпті.
9.Шылауларды белгілеңіз.
А. Ал,көк.
В. Ал, бер, үй.
С. Туралы, қойды, берді.
Д. Заман, ел, бет.
Е. Және , әрі, да,де.
10.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
В. Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз.
С. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
Д. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
Е. Тезірек жұмысты аяқтау керек, әйтпесе жаңбыр жауады.
ΙΙ тур
1.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).
Жақсылардың жақсысы.
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі, жарық, биік ,өте әсем үйде тұрады.Үйдің айналасы бау-бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны,барлық бөлмелерді аралайды.Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда қыз әкесіне:
Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын ,- дейді.
Оның дұрыс , қызым.Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,өскенде бұл бөлмені саған берем.Сен оған өмір бойы риза боласың,-деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп,бойжетеді.Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз есікті ашқанда , тек ұршық пен кітапты көреді.Қыз әкесіне:
Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің.Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,-дейді.
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар,қызым! Ұршық болса,өнерің жанады.Ал кітап оқысаң ,білімің артады.Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен,өнермен,біліммен табылады,-деп түсіндіреді әкесі.
2. Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
Мемлекеттік емес тілде оқитын 11-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдары
I тур  Мазмұндама

Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың тапқыр сөздері.Ол сөздер өткір ,көңілді қонымды болған.Елге тез тарап.ауыздан –ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған.Ондай тауды қазақ халқында билер шешіп отырған.Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбінесе билер, шешендер болып келеді.
Шешендік сөздерде халықтың басынан кешкен оқиғалары ,ақыл-ойы,арман-тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы байқалады.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды,бірлікке,татулыққа,үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
Жоспар:
1. Шешендік сөздер деген не?
2. Шешендік сөздердің тууы.
3. Шешендік сөздерді айтушылар.
4 Шешендік сөздердің тәрбиелік мән
Тест жұмысы
1.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А. Көлдер,өзендер.
В. Қаламдар, қыздар.
С. Тауды,ұшқыш.
Д. Жазушы, суретші.
Е. Қаламгер, баламен.
2. Достық сөз деген сөз не арқылы жасалғанын көрсетіңіз.
А. Тәуелдік жалғау.
В. Септік жалғау.
С. Жіктік жалғау.
Д. Жұрнақ.
Е. Көптік жалғау.
3. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз.
А. Намыс.
В. Еркіндік.
С. Абырой.
Д. Әділ.
Е. Арман.
4. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А. Әкемді.
В.Әкемде.
С.Әкеммен.
Д. Әкем.
Е. Әкеме.
5. «Қоңырға» - сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
А.Барыс септік.
В. Шығыс септік.
С. Ілік септік.
Д. Жатыс септік.
Е. Табыс септік.
6. Сын есімді табыңыз.
А. Қара.
В. Аурухана.
С. Төмен.
Д. Жиырма.
Е. Мен.
7. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А. Нешеу?
В. Нешінші?
С. Неше?
Д. Нешеден?
Е. Нешеге жуық?
8. «Сан есім» қалай аударылытатынын белгілеңіз.
А. Имя существительное.
В. Глагол.
С. Наречие.
Д. Имя числительное.
Е. Союз.
9. Тұлғасына қарай есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А. Дара, күрделі.
В. Туынды, негізгі.
С. Сұрау.
Д. Жалпылау.
Е. Белгісіздік.
10. Біз оқуға түсеміз деген мақсатпен келдік.
Сөйлемдегі есімдіктің түрін анықтаңыз.
А. Жалпылау.
В. Сілтеу.
С. Өздік.
Д. Жіктеу.
Е. Белгісіздік.
ΙΙ тур
1.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).

Бақша ағаштары
Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір бақшашы баласымен бақшаға барып,жеміс ағаштарын көріп жүрді.Баласы әкесінен:
- Әке, мынау ағаш неге түп-түзу,ал анау ағаш қисық? – деп сұрады.
- Оның себебі, балам,анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен.
- Олай болса, күтуде де көп мағына бар екен ғой, әке, -депті баласы.
- Бағу,тәрбиелеуде де көп мағына бар, мұнан көп ғибрат алу керек.Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсам,ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық , жаман адам болып өсесің,-депті әкесі.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос. мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).