?аза? тілінен Сыныптастар мазм?ндама ж?мысы


Сынып: 5б Күні: 26.11.16
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.Мазмұндама «Сыныптастар»
Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің негізгі ойын дұрыс түсініп, мәтін мазмұнын естеріне сақтап,мәтін мазмқнын өз сөздерімен қағаз бетіне сауатты түсіруге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіннің мазмұнынын түсініп,  мазмұндаманы сауатты жазады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық.  Орта құру.  Өзіне, досына жақсы тілек айту. 
ІІ. Үй жұмысын тексеру.   
ІІІ. Мазмұндама
  Сыныптастар
Досхан, Сапар, Алданбек, Сәкен және Дүйсехан бір сыныпта оқиды.
Дүйсехан каратэге қатысады. Әжептәуір спортшы. Аудандық, облыстық,
республикалық жарыстарға қатысып жүр. Қазірше бірінші орынға республикада
қол жеткізген жоқ. Үшінші орынға табан тіреді.
– Әттең, сол қолымды ауыртып алдым. Әйтпесе, бірінші орынды жеңіп алар
ем, – деп Дүйсехан өкіне сөйледі.
– Жарысқа қатысудың өзі үлкен жеңістік, – деді Алданбек үлкендерше ой
айтып.
– Алғашқыда үшінші орын алсаң, келесіде екінші, бірінші орынды сөзсіз
аласың, Дүйсехан, – деді Сапар нық сөйлеп.
– Жарайсың, – деді Сәкен.
Содан соң:
– Ау, Дүйсехан, қолыңды абайламадың ба? – деді сақтықтың алдын алу
керектігін ескерткендей.
– Бұны спорт дейді. Спортта бәрі де болады, – деді олар бірін-бірі қостай
Дүйсеханның алған жарақатын елемей.
Сыныптастар республикалық жарыстан оралған Дүйсеханның үйінде едәуір
отырды. Анасы оларға арнап дастархан жайды.
– Айналайындар, рахмет. Сыныптастар деген осы. Ынтымақтарың
ортаймасын, – деді.
– Сыныптастар бірігіп жеміс шырынын ішті. Дүйсеханның анасы нан турады. Кесілген нан бетіне қолдан пісілген сары майды жағып, әрбіріне ұсынды.
– Жеңдер. Ұялмаңдар, – деді.
Содан соң, олар Дүйсеханмен, оның анасымен қоштасып, үйлеріне тарқады.(154 сөз)
Мазмұндау жоспары:
Бір сыныптың оқушылары
Спортшы Дүйсехан
Дүйсеханның өкініші
Достарының демеу сөзі
Жарыстан оралған Дүйсехан.
Тірек сөздер: каратэ, спорт.
Сабақты қортындылау. Оқушылар өздігінен мазмұндама  мәтінін тексереді, содан кейін мұғалімге тапсырады.
Үйге тапсырма. Өткен тақырыптарды қайталайды.