?аза? ?дебиеті п?нінен мазм?ндама жоспары Наурыз тойы (5 класс)


Пәннің аты: Қазақ тілі Күні: .10.2016 Класс: 5В Мұғалім: Мырзагулова Д Бекітемін
Сабақтың тақырыбы Мазмұндама «Наурыз тойы»Мақсаты Әңгіменің мазмұнын оқушыларға жетік түсіндіре отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
Міндеттері:
1.Мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру.
2.Белсенділіктерін дамыту;
Күтілетін нәтиже -жаңа сөздермен танысады
- мәтінді мазмұндай алады
-мәтіннің мазмұның жаза алады
Ұйымдастыру Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Сабақ кіріспе Мазмұндама жазуға дайындық жұмысы
Мазмұндама жазуға дайындық кезеңдері:
Таңдалған мәтінді «Наурыз тойы» оқып шығу
Мәтінге лайық жоспар құру
Мағынасы түсініксіз сөздерге сөздік жұмысы
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру
Мәтінді ауызша мазмұндауМәтінді жазбаша мазмұндайды.
Наурыз тойы
Наурыз – көктемнің бірінші айы. Бұл ай парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген сөз. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурызды жақсы тілекпен тойлайды.
Әже, апаларымыз бауырсақ, шелпек дайындап, Наурыз көже жасайды. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салады: бидай, тары, ет, мейіз, тұз, су.
Наурыз тойында барлық адамдар ұлттық киім киіп, би билеп, ән салады. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында күш пайда болып, ағаштар бүршiк жарады.
Сөздік жұмысы:
Ұлы күн-великий день
Шелпек –
Бидай – пшеница
Тары – пшено
Мейіз-изюм
Теңелу- равноденствие
Жаңару- обновление
Бүршік –почки
түлейді-возрождются
Сұрақтар:
Наурыз көктемнің қай айы?
«Наурыз» сөзін парсы тілінде қалай?
Наурыз айында қандай тағамдар дайындалады?
Наурыз көжеге неше және қандай тағамдар салады?
Бұл күні табиғатта қандай құбылыс болады?
«Оқиға картасы» стратегиясы арқылы оқушылардан мәтіннің мазмұның сұрау.
Мәтінге жоспар құру
Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған? Осы бөлімге ат қойыңдар
2-ші бөлімі не жайлы? Оған ат қойыңдар
3-ші бөлімі не жайлы? Ат қойындар
Әр бөлімге қойылған ат мәтіннің несі болып табылады?
Жоспар:
Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз тағамдары
Наурыз мерекесі
Мазмұндама жазу
Балалар, енді бірігіп жазылған жоспар бойынша «Наурыз тойы» мәтінің дәптерлеріңе жазыңдар. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды.
Өздеріне жазуға немесе есте сақтауға қиындық тудыратын сөздерді түртіп алып, сұрайды.
Жаңа сөздерді өзге мысалдармен байл арқылы түсінеді.
Берілген сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді
Мәтінді бөлім бойынша мазмұндайды
Бөлімдерге ат қойып, мәтіннің жоспарын құрастырады.
Құрастырылған жоспарды дәптерлеріне жазады.
Мәтіннің мазмұның дәптерілеріне таза, әрі ұқыпты жазады.
Үйге тапсырма Өтілген тақырыптарды қайталау. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Мазмұндаманы тексеріп, бағалау Бағаларымен танысады