Открытый урок по технологии на тему:Соленое тесто/9 класс /


Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тұзды қамырмен жұмыс
Пәні: Технология
Сынып: 9 «А» қазақ
Мұғалімі: А.А. Бексултанова
2015-2016 оқу жылы
Күні: 11.02.2016 ж.
Пәні: Технология
Сыныбы: 9 а
Сабақтың тақырыбы: Тұзды қамырмен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Тұзды қамыр техникасымен таныстыру.
Білімділік: Оқушылардың сәндік-қолданбалы өнердің бір саласы – тұзды қамыр туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды іскерлікке, икемділікке, шеберлікке және жаңаша мазмұн табуға үйреті. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қол еңбегін меңгеруге, әсемдікке, төзімділікке тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: сабақтан тыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: тұзды қамырдан жасалған композициялар
Құрал-жабдықтар: гуашь, тақтайша, желім, картон
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың құрылымы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу; кезекшіні анықтау; түгелдеу; оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қамырды үйде дайындап әкелу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қамырдан жасалған бұйымдар ежелгі дәстүр болғанымен, заманауи әлемде де өзінің сұранысын азайтқан жоқ, өйткені қолдан жасалған бұйымдар экологиялық тазалыққа тән деп бағаланады. Тұзды қамырдан бұйымдар жасау – адамға қызығушылықпен қуаныш сыйлайды, әр отбасына, әр дастарханға байлық пен сәттілік әкеледі деп ырымдаған.
Қамыр бейнелер балалар өнеріне де шығармашылық бола алады. Ермексазбен салыстырғанда қамыр қолды бүлдірмейді. Қамыр құрамы дұрыс болған жағдайда бұл бейнелер жарылып кетпейді, ұзақ сақталады. Қамырдан бұйым жасау үлкенге де, кішіге де қызықты. Қамырдан әртүрлі композициялар жасауға болады. Бұған арнаулы құрал-саймандардың қажеттігі жоқ. Ұн мен тұздан су араластыру арқылы қамыр дайындалады. Қамырды дайындау үшін белгіленген пропорциялар сақталуы шарт. Басқа қосымша материалдар жапсыру үшін «Мастер» желімі қолданылады.
Шағын композиция құрастыру үшін: ұн – 400 гр, тұз – 200 гр, су – 1 стакан.
Дайын қамыр қолға ұстағанда ермексаз сияқты жылтыр болуы керек. Қамыр иленгеннен кейін 30 минут тұруы керек. Иленген қамыр бабына жеткеннен кейін ғана бұйым жасауға кірісеміз.
Қамыр бір қалыпты сақтау үшін оны үнемі полиэтилен қаптамасында сақтаймыз. Керегінше үзіп алып отырамыз.
Жұмысқа құрал-жабдықтар: тақтайша, су, қылқалам, оқтау, стакан. Осыған қосымша тағы фломастер қақпақтарын қолдануға болады.
Жасалатын бұйымның алдын ала макетін дайындаймыз. Дайындалған үлгі бойынша қамыр жапсырылып. Керекті форма беріледі.
Енді өзіміздің қиялымызға ерік береміз. Бейне дәл шығу үшін алдын ала дайындалған шаблонға түсіріп, қиып аламыз. Кесілген қамырды сурет етіп жасап қоямыз. Жасалған әр бөлікті біріктіру арқылы өз ойымыздағы композицияны құрастырамыз. Жасалған  бұйымды кептіруге қоямыз. Композиция рамада (жиектемеде) немесе себетте болса түбіне желім жағу арқылы отырғызамыз. Бұйым жасау барысында әртүрлі материалдарды безендіру мақсатында қолдануға болады. Мысалы: өсімдік дәндерін, бисерлерді т.с.с. материалдарды қолдануға болады.
Қамырды бояудың екі түрі бар: бірі араластыру кезінде бояу, екіншісі – дайын бұйымды бояу. Бірінші бояу кезінде қамырға гуашь, акварель, сия, жылтыр гель сияқты бояуларды араластыру арқылы  боялады. Сонымен қатар табиғи бояулар: какао, қызылша мен сәбіз шырыны т.б. қамырға қосылып боялады.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
Қамырмен, «Мастер» желімімен жұмыс кезінде бөлменің терезелері ашық және қылқалам (щетка) қолданлуы қажет.
в) Сарамандық жұмыс:
Қамырдан композиция жасау.
Оқушыларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының –тақтайша, қамыр, пышақ, қол орамалдарының ретімен тұру керектігін айтады. Үстел үстін, киімін бүлдірмей, материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Қамырмен жұмыс аяқталғаннан кейін,қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керектігін ұғындырады. Балалар жұмыс орындарын дайындайды. Мүсіндеудің негізі  жұмсарту және езу тәсілдерімен таныстырады. Мұғалімнің көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды. Бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіреді.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
1.Қамырды қамырға жапмсыру кезінде желім орнына су жағып отырамыз. Сонда қамыр бір-біріне жақсы бірігеді.
2.Дайын бұйымның жарығы, бірікпей қалған жерлері болмау керек.
3.Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сергіту сәті.
г) Білімді бекіту:
1. Тұзды қамыр дайындау үшін не керек?
2. Тұзды қамырға қойылатын талаптарды атаңдар.
3. Қандай мүсіндерді жасау өздеріне ұнады?
д) Бағалау: Сабаққа қатысуларына, тапсырманы орындауына қарай білімдері бағаланады (смайлик арқылы).
е) Үйге тапсырма: Композицияны толық аяқтау.