Конспект интелектуальной игры «Зерде»


Қарағанды қаласы
№91 ЖББОМ, «Ботақан» шағын орталығы
Тәрбиеші Торғай С.
Қазақ тілі мұғалімі Мырзагулова Г.Ж.
«Зерде» интеллектуалдық ойыны
Ортаңғы топ
(Залда көтеріңкі әуенді музыка ойнап тұрады)
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау, ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар мен балалар! Бүгін «Қарлығаш» тобының ересек балалары арасында ұйымдастырылған зияткерлік зерде ойынына қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің,Қағазың әрі қаламың.Керек емес демессің,Аздаған соң хабарың.Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.
Тәрбиеші:Ал келіңдер, келіңдер,Бір - біріңе еріңдер.Өздеріңді тексеріп,Ойынға қатысып көріңдер, - деп бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын балалармен танысайық.І – топ «Алғырлар» тобы.Мүшелері:1) Сапар Альтаир2) Амангелді Дария3) Ералы Ләзім
4) Қайрбекова Жанель
ІІ - топ: «Тапқырлар» тобыМүшелері:1) Кайнарбек Ислам2) Касихан Сабина3) Бейсенғали Айша
4) Қайрбекова Данель
Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 - бөлімнен тұрады.1 - бөлім: Таныстыру
2 - бөлім: «Мамандықтар әлемі» 3 - бөлім: «Ойлан тап!»
4 - бөлім: «Өз өнеріңді көрсет» 5 - бөлім: «Санап көр!» 6 - бөлім: «Жүзден жүйрік» 7 - бөлім: «Сөз маржанын терейік»
Тәрбиеші:Әділдікпен баға берер сендерге,Әділдіктен қара қылды қақ жарар.Қазір енді қазыларды сайлайық,Ең алғыр топты таңдап айта алар, - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - әділ қазымыз: Шағын орталық әдіскері Мырзағулова Г.Ж.
2 - әділ қазымыз: Шағын орталық психологы Майтанова С.Б.
Тәрбиеші: Балалар қазір сергіту сәтін орындаймыз. Бәріміз тұрайық.Ал, балалар тұрайық,Алақанды ұрайық,Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп.Бір отырып, бір тұрыпОрнымызды табайықТәрбиеші:Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,Бір басына өнері жетер деймін.Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп таныстыруды бастаймыз.
1 - бөлім: «Таныстыру» (әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)1 - топтың аты: «Білімділер»Топ ұраны:
« Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.»
2 - топтың аты: “Сәттілік”Топ ұраны:
«Қайырлы күн досым,Қайырлы күн болсын.Бүгінгі күннің сәті,Сәттілікке толсын.»
2 - бөлім: «Мамандықтар әлемі» (суретте берілген мамандық иелерін атайды) (қоршаған ортамен таныстыруға байланысты)
«Дәрігерлер», «Құрлысшылар», «Мұғалімдер», «Әскери қызметкерлер»
3 - бөлім: «Ойлан тап!» (математикаға байланысты, суреттегі сұрақтарға жауап береді)
Суретке қара? Не болғанын айт.
4 - бөлім: «Өз өнеріңді көрсет» (тіл дамытуға байланысты)
Балалар енді шамалы бойымызды жазып, сергіту сәтін орындап жіберейікші.
Сергіту сәті«Пазл жинау»
5 - бөлім: «Санап көр!» (неше деген сұраққа жауап береміз)экранда санауға арналған тапсырма беріледі. (логикаға байланысты)
6 - бөлім: «Жүзден жүйрік» (2 - топқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
1) Үй жануарларын ата, олардың төлдері қалай аталады?
2) Жабайы жануарларды ата, олардың тіршілігі туралы айт?
3) Біз қай елдің азаматымыз?
4) ҚР рәміздерін ата?
5)ҚР Президенті кім?
6) 1 Желтоқсан қандай мереке?
7) 16 Желтоқсан қандай мереке?
8) Қазақстан қалаларын ата?
7 - бөлім:
«Сөз маржанын терейік»
(жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
Бұтақта ілініп тұрамын,Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)Ашулы қонақ бұл анық,Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)
Мақалды жалғастыр
«Әке- асқар тау, .....»,
«Үлкенге ізет, ........».
Тәрбиеші: Балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, әділ қазылар қортынды шығарғанша әдемі бір ән орындайық.
Ән: (хор) «Туған ел»Тәрбиеші: Ендігі кезекті әділ қазыларымызға береміз. Қай тобымыздың көп ұпай жинағанын естіп көрелік.
Тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз!