Солт?стік Американы? ішкі сулары.


Сабақтың тақырыбы: $ 32. Солтүстік Американың ішкі сулары.
 
Сабақтың жалпы мақсаты: Солтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы мағұлмат беру. Физикалық карта арқылы тиісті нысандарды анықтай білу.
Топпен жұмыс барысында бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сілтеме: 7 сынып оқулығы . 158-160 бет, әдістемелік нұсқаулық, «Бұл кім ол
не ?»энциклопедиясы
 
Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.Ішкі суларының таралуы мен орналасу ерекшеліктерін түсінеді.
2.Солтүстік Американың өзен алаптарын біледі, бір-бірінен ажыратады.
3.Картадан алаптар бойынша өзендерін анықтайды.
4.Картаны пайдаланып,әр өзен алаптарына нақты мысалдар келтіре отырып сипаттама береді.
5.Өз өлкелерінде  орналасқан  ішкі суларды картадан анықтайды,  практикалық қабілеттерін арттырады.
6.Топпен жұмыс істей алу және топ мүшелерінің ой-пікірін сабырлықпен тыңдауға үйренеді.
 
Негізгі идеялар Солтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы жалпы сипаттама.
Сабақта қолданылатын материалдар: үлестірме материалдар;
плакаттар, бояулар
Оқыту әдістері:  әдістер:
СТО (Блум таксономиясы)
АКТ Диалог
2.Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
 
Дерек көздер: 7 сынып оқулық , физикалық карта, жұмыс дәптері, интернет,
Тапсырмалар: Үй тапсырмасын рөлдік ойын: «Мен қандай климат белдеуімін»
   1.Топпен жұмыс: Солтүстік Американың  ішкі сулары, пайда болуы және оның  өзгеру себептерін,ерекшеліктерін  талқылау.
(постермен қорғау)
  2.Зерттеушілік жұмысы:
Өзендері және көлдерінің  орналасуы, пайда болуы,өзгеру ерекшеліктері Жеке жұмыс.Жұмыс дәптерін толтырту , жұпта талқылау
.
 
 
 
Мұғалімнің сабақ бойынша жазбалары Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:
Білу:  Солтүстік Американың  өзендері мен көлдері қалай таралған?
Қандай өзен алптары бар?
 
Түсіну: Өзен алптарының бір-бірінен айырмашылығы неде?
Қай өзен алабы күрделі немесе көп таралған?
Көлдердің пайда болуына қарай қандай түрлерін білесің?
 
Қолдану: Өзен алаптарының орнын анықтау.
Мұхит алаптарының айырмашылығын салыстыру.
Солтүстік Американың  мұхит алаптарын кескін картаға түсіру.
Ұлы көлде жүйесін түсіру
 
Талдау:  тектоникалық, лагундық, қалдық, бөген, жанартаулық көлдер дегенімізді қалай түсінеміз?
Әр алаптың өзендеріне сипаттама бер?
 
Жинақтау:
1.кестені толтыру
С мұзды мұхит алап Атлант мұхит Тынық мұхит сарқырыма Ұлы көлдер
 
1)Маккензи 2) Рио-Гранде   3)Миссури 4)Мичиган 5)Юкон  6) Атабаска  7)Жоғарғы  8) Миссипи   9)Ниагара  10)Лаврентий 11)Колорадо   12)Колумия   13)Гурон 14)Эри
 
2.тест сұрақтары
Бағалау. Формативті бағалау(әр тапсырмаға балл немесе дескрип)
Өзін-өзі бағалау ,жұптық талқылау, топтық бағалау
 
Үйге тапсырма $ 32 мазмұндау, жұмыс дәптерді толықтыру, рөлдік ойынды жарнамалау: «Мен  . . .  өзенімін», «неге №» сұрақтар дайындау
 
Рефлексия. Кері байланысты өткізу үшін смайликтерді пайдалану.Бағалау парағына топ басшылары  топ мүшелеріне баға қояды.