Мектепалды даярлы? тобы, Мені? балаба?шам


Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.10.2016ж Тобы: 11
Күні: 05.10.2016ж Тобы: 8
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Тақырыбы: «Менің балабақшам»
Мақсаты:   Балабақшаға  деген  қызығушылығын,сүйіспеншілік  сезімдерін арттыру. Ой-өрістерін,  сөздік  қорларын  молайту. Балабақша  қызметкерлерінің  атқаратын  қызметін  таныту. Шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.
Көрнекі  құралдар:   Слайд,  үнтаспа,  қызметкерлер  суреті, дәптер, түрлі-түсті қарындаштар
Қызметтердің кезеңдері                Тәрбиешінің  қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялыққозғаушы Шаттық  шеңбері:           Бақшамызға  барамыз            Күні  бойы  қызыққа            Батамызда  қаламыз            Бір  шаңырақ  астында            Бірге  сайран  құрамыз. Сәлеметсіздер  ме, апайлар!
 
Хормен  жатқа  айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру 
Әңгімелесу:  Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақшасендерге  білімбереді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.
Ойын: «Иә  ма,  жоқ  па?»( ойланайық,  пікірлесейік )Кел  бәріміз  ойланып,       Иә  ма,  жоқ  па?  Ойналық       Мен  бастайын  ойынды       Түрлі  сұрақ  қоюды.
а)  Бұл  кімнің  суреті?Ол  кісінің  қызметі  қандай?
ә) Мынау  кімнің  суреті?Аспазшы апайдың  қызметіқандай?
б)  Ал  бұл  кім?  Бұл  апай  не  істейді?
в) Мынау кім? Қандай  қызмет атқарады?
г) Мынау  кім апай?
ғ) Мынау  суреттегі кім? Ол кісінің қызметі не?
Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.Олай  болса  мынадай  дәйексөз  үйренейік.
Дәйексөз:«Сәбиіңмін сенің балабақшам менің
Тыныштық сәті:Барлығымыз  ыңғайланып  отырайық, көздерімізді  жұмайық. Әрқайсысымыз  өзіміз  тұратын  үйімізді, отбасымызды, көзалдымызға  елестетейікші.  Енді  балабақшадағы  достарыңды,  ондағы  апайларды,  балабақшада  күні  бойы  немен  айналысатындарыңды  естеріңе  түсіріп,  көздеріңе  елестетіп көріңдерші. Көздеріңді  ашсаңдарда  болады.  Енді  мынау  гүлді  кімге  ұсынып,  сұрақ  қоямын, сол  бала  жауап  беру  керек.1.Балабақшада  немен  ойнағанды ұнатасың?2.Балабақшаның   қандай  тамағы ұнайды?3.Балабақшада  нені  тыңдап үйрендің?4. Балабақшаның  аты қалай  аталады?5. Балабақшадан  не үйрендің?
6. Балабақша бізді неге үйретеді?
Сергіту  сәті:
Балабақша  есігінҮшке  толып  ашқанбызМәпелейді  бақшамыз Бұл  екінші  үйімізБір  туған быз  бәрімізБіз осы үйдің  гүлімізБіз  осы үйдің  сәніміз.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге сүйікті балабақшамыздың суретін түрлі-түсті қарындаштармен салайық.  
 Тыңдайды.
 
 
 
 
-Бұл дәрігер апай. Бізге дәрі береді,  емдейді, жарақатты таңады, тазалықты тексереді.
-Оласпазшы апай. Бізге тамақ пісіріп  береді.
- Кір  жуушы апай. Қол орамалды,  төсеніштерді жуып,  үтіктейді.- Тәрбиеші
Әлия  апай.-Сабақ үйретеді, мультфильм көрсетеді, ойнатады, серуенге шығарады,  ұйықтатады.-Ол тәрбиеші көмекшісі. Бізге тамақ береді,  ыдыстар жуады, шаң сүртеді, төсек  жинайды.
- Аула сыпырушы ағай. Ойын   алаңын қоқыстан  тазартады, сыпырады,  жинайды.
 
Хормен қайталапа Қимыл  қозғалыспен,  хормен, жатқа        айтады йтып, жаттайды.

Балалар дәптерге сүйікті балабақшасының суретін салады
Рефлексивті- түзетушілік Жүректен  жүрекке.
«Бүлдіршіннің  арманы»  әні.Жылы жүзбен сіздермен жүздесейікБалабақша шаңырағында кездесейікБіздің топқа қонақтар келе берсінӨнерімізді әрқашан көре білсінАлаңсыз ойнап күлемізБәріңді біз сүйеміз.
Қорытындылау.
-Бүгін біз не туралы әңгімеледік?-Балабақша аты  қалай  аталады?-Кімнің  үйіндегі тосын  сәтті көрдік?-Балабақшада кімдер қызмет етеді?-Қандай дәйексөз үйрендік?  
Музыкасымен қосылып айтады
Хормен  жатқа  айтады
Сұрақтарға жауап береді.
                                                 Күтілетін  нәтиже:Білуі керек: Балабақша өз үйлері екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын  біледі.Болуы керек: Сұрақтарға  толық жауап  беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балабақша  қызметкерлерін танып, әрқайсысының  жұмысын  меңгерді.